Асан ?ай?ыны? жер?йы?ты іздегені
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы : Асан Қайғының жерұйықты іздегеніСабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ойын кеңейтіп,тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрету. ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру. Б) Сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдылындыру Сабақтың түрі : Аралас сабақСабақтың әдісі : сұрақ-жауап,баяндауСабақтың көрнекілігі : cуреттер,аңыз әңгімелер туралы кітаптар т.бХалықтық педагогика Алдыңа келсе атаңныңэлементтерін қолдану : құнын кеш.Пәнаралық байланыс : қазақ тілі,тарихСабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау :Үйге берілген «Қырық өтірік» ертегісінің мазмұнын сұраймын.«Қырық өтірік» ертегісін ертегілердің шыншыл түріне қандай сипаты жағынан жатқызуға болады деп ойлайсыңдар? Өтірік әңгімеден тұтастай алғанда қандай құндылықтар аңғаруға болады? б) Жаңа сабақты түсіндіру Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы-аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына,іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға араласып келеді. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Ол адам не батыр,не ел басшысы немесе әділ би ,ақыл парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін .Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс-әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып,сол айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналған. Оны әңгіме,жыр етіп біреуден-біреу жаттап алып,кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Асан Қайғы Желмаяға мініп,жаһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды,көкорай шалғынды сулы жер,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қоныс іздейді.Кітаппен жұмыс: Кітаптан аңыз әңгімелерді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.Білімді бекіту: 1.Асан Сәбитұлының тарихта болғаны2.Жерұйықты іздеудегі мақсаты,арманы3.Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні,оның шындыққа қатысы туралы қосымша түсінік беру.1.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?2. Ертегілер нешеге бөлінеді?3. Аңыз әңгімелер шындыққа жанаса ма?Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына ,ынтасына қарай білімдері бағаланады.Үйге тапсырма: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені» әңгімесін оқып келуге беремін.