Ашы? саба? А?ыз ??гімелер.Асан ?ай?ыны? жер?йы?ты іздегені
5- сынып Қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы Аңыз әңгімелер. Асан қайғының Жерұйықты іздегені
Сілтеме Оқулық. Нұсқаулық
Жалпы мақсаты Оқушыларға аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
Оқыту нәтижесі Аңыз туралы мәлімет алады.Өз ойларын еркін жеткізеді.Шығармашылықпен жұмыс істейді.
Негізгі мақсаты -Өз бетінше ізденуге бағыттау
-Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру
-Бір-бірінің пікірін тыңдауға үйрету
-Формативті бағалауды меңгерту
Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе Шаттық шеңберін құру. Қаланың, судың, таудың аттарын жазу арқылы топқа бөлу. Топқа бөлінеді. Шеңбер бойымен тұрып, әркім өзінің жақсы қасиеттерін айтады;
Мен ақкөңілмін
Мен ақылдымын
Мен сұлумын... Қала, су, тау.
Білу Топпен ойтолғау жазу Әр топ өзінің бөлінгеніне қарай (қала, су, тау) ойтолғау жазады. Топпен бағалау
Түсіну Жаңа сабақ. Қазақ аңыз әңгімелеріндегі кейіпкерлер кімдер?Асан қайғы дегеніміз кім? Оқулықпен жұмыс. «Асан қайғының жерұйықты іздегені» топпен оқыту, тақырыбы мен идеясына талдау жасау. Мәтінді топпен оқиды. Тапсырмаларды орындау.
1-топ: Асан Сәбитұлының тарихта болғаны
2-топ: Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы
3-топ: Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы
Топпен бағалау
Қолдану Оқулықпен жұмыс. Шығармашылық жұмыс.
«Жерұйық» тақырыбын ашу. Топтық жұмыс. Эссе жазу.
Мен былай бастар едім. «Асан атамның» жолын жалғастырғым келді. Қазақстанның үлкен
картасын қолыма алдым. Міне, мына қоныстағы ағайындар су тапшылығын көріп отыр, мына жер атом жарылысының азабын шегуде...»
Топты бағалау.
Сергіту сәті Қызыл өрік Оқушылар билейді.
Талдау Кубизм Әркім Асан қайғының сол жер туралы айтқан сөзін түсіндіріп өтеді. Топты бағалау
Жинақтау Мәтіннен көркем сөздерді пайдаланып «Жерұйық» сөзінің мағынасын ашу. Әркімнің туған жері Жерұйық. Постерде жазады.Ойларын жинақтап, қасиетті,киелі туған жерлерін өз ойларымен дәлелдейді.Топпен бағалайды
Бағалау Бір-бірін бағалау. Топпен бағалау Бір-бірін бағалайды.Топпен бағалау
Рефлексия Кері байланыс жазу. Кері байланыс жазады.