Саба?ты? та?ырыбы: А?ыз – ??гімелер, Асан?ай?ыны? Жер?йы?ты іздегені. (5 сынып)


Күні : 29.10.2015
Сынып: 5 «а», «ә»
Сабақтың тақырыбы: Аңыз – әңгімелер, Асанқайғының Жерұйықты іздегені.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

І І. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Аңыз дегеніміз не?
2.Аңыз кейіпкерлері кімдер?
3.Олар туралы мәлімет айту. (Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт)
Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді
Қорқыт Ата[1] – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт АтаСырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин“Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%8F%D1%82" \o "Баят" баятекендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе,Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[|Абыз (адам)|абыз]]. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегі болмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды.
ІІІ.Жаңа тақырып. Асанқайғының Жерұйықты іздегені.


Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс - әрекетіне байланысты туады.Асан Қайғы туралы мәлімет:
Асан Қайғы (шын аты - жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2 - жартысында, Еділ бойы – т. ө. ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ - Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50 - жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады. Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз - жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.
Тірек - сызба.Асан Қайғы:

VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Аңыз дегеніміз не?
Аңыз қалай пайда болған?
Аңыз – әңгіме неден құралады?
Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?
Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?
Асан Қайғы қайда қайтыс болған?

Асан Қайғының барған, баға берген жерлеріне географиялық тұрғыдан сипаттама береді.
№ Жер –су атаулары.олар туралы мәлімет.
1 Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы - Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы - 556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар - 132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.
2 Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.
3 ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.
4 Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.
5 Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік - шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40 - 50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20 - 25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м - 1000м дейін. Ең биік тауы – Ақбет 1026 м.Киелі жерім менің Баянауыл,Тау - тасы, өзен - көлі бәрі асыл,Осындай жер жаннатта туып өскенБақытты ғой, шіркін барша қауым.
6 Сарыарқаның оңтүстік - батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.Ұлытаудың биіктігі - 1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын - шашын мөлшері 180 - 230мм. Шоқ - шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.
7 Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.
8 8Жоңғар Алатауының солтүстік - шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік - батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі - 2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.ЖетісуСандық тау, сандал белім,Шоқтығы өсіп, жан бітіп,Жанданды елің,Жер таппан жерге жетер Жетісуым,Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құзНу тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым,-деп ақын жырлаған жер жаннаты - Жетісу.
9 Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш - Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км - ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км - ге жетеді.
Сөздікпен жұмыс:Желмая – түйе.Жиһан - дүние, жер - жаһанЖерұйық – жайлы қоныс.Түз - дала, мидай дала.
Шығармашылық жұмыс.
Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр.(Әр қатар жазған тұжырымдамаларын өзара тексеріп, автор орындығына біреуін ұсынады.)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
1.Өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жаз, эпиграф етіп Асан Қайғының бір сөзін алуға тырыс.
2.Бұл әңгіменің аңыз екенін мына белгілер бойынша айтыңдар:
Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;
Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;
Көнген жерінің бәрәне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы;
Әркімнің туған жері - жерұйық екендігін дәлелдеу.
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы туралы түсінік.
2. Асанқайғының Жерұйықты іздегені оқу.