Саба?ты Саба?ты? та?ырыбы: 1986-жыл?ы Желто?сан о?и?асы? та?ырыбы: 1986-жыл?ы Желто?сан о?и?асы


Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылы
№2Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Арқалық Ғалия

1986 жылғы
желтоқсан оқиға
(Ашық сабақ)



Сабақтың тақырыбы: 1986-жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты:
Ғасырлар бойы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілісінің заңды
жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл Орта Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстардың көшбастаушысы ретінде тарихта қалған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау;
Желтоқсан оқиғасының себеп –салдары оның құрбандары туралы тақырыптың тарихи маңызын, мәнін ашу;
Оқушыларды Желтоқсан оқиғасының құрбандарын мәңгі есте сақтауға және олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдістер
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, видео роликтер, портреттер, анаграммалар, Семантикалық карта, «Тұлғаны таны» ойыны, «Кім, қашан, неге» ойыны
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. А). Сәлемдесемін.
Ә). Оқу-құралдарын шығартамын.
Б). Адам үшін ең қымбат не? “Сиқырлы жіп” ойыны
ІІ. Үй тапсырманы сұрау А). «Семантикалық карта»
р/с Оқиғалар 1918-1920 жылдары Қ. И. Сәтбаев А. Иманов Ә. Бөкейханов 1930-1932 жылдары Еңлік-Кебек Петрогливтер Ы. Алтыгсарин 1927-1931 жылдары
1 1916 ж ұлт азаттық көтеріліс басшысы 2 Жезқазған мыс кенін зерттеген геолог 3 Азамат соғысы болған жылдар 4 Алаш қозғалысының жетекшісі 5 Ашаршылық (аштық) болған жылдар 6 Қазақ ұлттық театрында бірінші рет
қойылған пьеса 7 Тастағы сурет қалай аталады 8 Ұлы ағартушы, педагог 9 Тіркістан-Сібір темір жолы ашылды Ә). «Кім? Қашан? Неге?» Ойыны (Бұл сөздерді кім айтты, қашан айтты, неге айтты)
1. “Қазақ елі отар болып келеді, отар болып қалды”.
2. “Россия кең байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ, артымызда Москва”.
3. “Отан үшін отқа түс-күймейсің. Опасызда Отан жоқ”.
4. “Алатау қазақтың айбыны болса, ендігі жерде Сарыарқа еліміздің айдыны болады”.
5. “Егер әскер берсек, балаларымыздан айырыламыз...”.
6. “Қаңқұмар Кир. Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың ...”.
7. “Болыс болдым мінекей
Бар малымды шығындап
Түйеде жон, атта жал
Қалмады елге тығындап” .
8. “Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінем”.
Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!
Эпиграф: “1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті.” Н.Ә.Назарбаев
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.
2. Желтоқсан оқиғаларының сипаты.
3. Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
4. Желтоқсан қаһармандары
5. Қайрат Рысқұлбеков
6. Ләззат Асанова
7. Ербол Сыпатаев
8. Сабира Мұхаметжанова
9. “Қазақ елі” монументі
10. “Тәуелсіздік” монументі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Жылы Себебі Сипаты Тарихи маңызы
1986 ж. 16-17 желтоқсан КОКП Орталық комитетінің нұсқауымен 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан КП Орталық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП Орталық комитетінің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына орталық өкіметінің ұсынысы бойынша Г.В.Колбинді сайлау ұсынылды. Шұғыл жиналған пленумға кеткен уақыт небәрі 18-ақ минут Ондаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтып өрескел кемшіліктер ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді. Әлемді елең еткізген 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағында ұлттың санасын, намысын жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғалары Қазақстан тарихындағы естен кетпес аса-ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес одағына еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.
Желтоқсан оқиғасының салдары:
Желтоқсан оқиғасын тоқтату үшін КСРО Ішкі істер министрлігінің 1-ші орынбасары генерал-полковник Б.Елисев басқарды.Оның қарамағына 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизоны;
Фрунзе,Ташкент,Челябі,Свердловск,Новосі-бір,Уфа,Тбилиси қалаларында орналасқан әскери бөлімдер әкелінді.
Жаппай жазалау
105 адам жауапқа тартылды
99 – ы сотталды.
99-дың ішінде екі адам өлім жазасына кесілді, (Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов) кейін
олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды.
Алматы қаласы бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған.
ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған.
12 ЖОО – ның ректорлары орындарынан алынған.
246 студент оқудан шығарылды.
787 адам комсомол қатарынан шығарылды
1138 адамға комсомолдық жазалар қолданылды
271 адам оқу орындарынан , жүздеген адам жұмыстарынан қуылды.
Ой – толғаныс.
Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талқылаймыз.
Шарттары Тапсырма Түсінік, саралау, мысалдар
Білім Жаңадан қандай білім алдың? Түсінік, ұғу Берілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің? Қолдану Алған біліміңді неге қолданар едің? Анализ Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде? Синтез Алған біліміңді жинақта Баға Өзіндік баға бер Қайрат Рысқұлбеков

Басынан құс ұшырмаған қазақ елінің кезекті 21-нші басшысының зобалаңына ұшырап, 21 жасқа қараған шағында тұтқындалып, 21 күн қазақтан шырылдап, Семей түрмесінің 21-інші камерасында 21-мамыр (1988 жыл) күні қапылыста дүниеден өткен. Қайрат Рысқұлбеков арада бес жыл өткен соң, 21 ақпанда (1992 жыл) ақталды. Бұны тағдырдың жазуы дерсің, сірә!


Ербол Сыпатаев
1964 жылы Алшынбековтер шаңырағының тұңғышы болып өмірге келегн ұлға ұрпақ жалғастырушы деп қуанған қауым ер болсын, батыр болсын деген ырыммен Ербол атты есім берді. Ербол әкесінің ағасы Мұқажанның бауырында өседі. Жаратылысынан зерек бала мектепті жақсы бітіреді. Мектептен де, армиядан да, шаруашылықтан да, институттан да мақтау қағаздарын құшақтап шыққан. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Ербол өз тіршілігімен Алматы энергетика институтына оқуға түсті.

Ләззат Асанова
“Аталған аласапыран болмағанда, Ақжазақ мектебінде оқыған, одан соң астанадағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училищенің қобыз класында дәріс алып жүрген, «бет біткеннің әдемісі, сана біткеннің естісі» Ләззат атты қаншыл қазақ қызының бұл өмірде бар-жоғынан хабарсыз өткендей екем...” Абзал Бөкен

Сәбира Мұхамеджанова
“Жиналыс жүріп жатқанда Сәбирамның класс жетекшісі Шолпан: «Енді бұлардың училищеде оқу-оқымауын директор шешеді» деп, есіктен шығып кетті.
...Бес минут өтпей жатып-ақ екі ұл бала жүгіріп келіп: «Шолпан апай, бесінші этаждан құлап, қызыңыз өліп қалды!» - деді аптығып...” Анасы Күлшара
1990 жылы 17 желтоқсанда Республика алаңында Желтоқсан оқиғасын есте сақтау мақсатында ескерткіш тақта қойылды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев “1986ж. желтоқсан оқиғасы кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде” жарлық шығарды.
Осы жарлық негізінде 17 желтоқсан – “Демократиялық Жаңару Күні” деп жарияланды.
1996 жылы 9 желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.
IV. Пысықтау “Тұлғаны танып біл” Артығы кім? Неліктен? Тақырып қой!
Тұлғаны танып біл

Анаграмманы шешу
Ж Е Л М И Б Ұ Р Ң Һ К
М В Т Я Т Л Н Қ Е Х В
Е Ы О Қ А Й Р А Т П Б
Р У А С А Ғ О С Ы Б А
Б Е Г Ц Н А Й Ы Н 8 6
О Л Ш Қ О Н А Е В В Т
Л Р Х Ч В Х Р Щ А Т Ы
Н К В С А Б И О М Л А
ҚАЗАҚСТАН
V. Жаңа сабақты қорыту.
Қайрат бейнесін сомдау
“Желтоқсан желі” әні
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма
Параграф 30. оқып, мазмұнын айту.
«Желтоқсан құрбандары»тақырыбына байланысты қысқаша эссе жазу