Коучинг Саба?тары
№1 Коучинг сессиясының тақырыбы: Мұғалім не үшін өзгеруі керек? Өтілетін күні :03.10.2013 Сағ 15.00 Өтілетін орын: физика кабинеті
№ Коучердің іс-әрекеті Коучингке қатысушылардың
іс-әрекеті Іс-әрекеттің нәтижесі
1 Мұғалімдерді топтарға бөледі (3 мин) Сурет қиындылары бойынша топтарға бөлінеді Мұғалімдер 4 адамнан тұратын бірнеше шағын топтарға бөлінді
2 13 минуттық видео көрсетеді.
Видеоның тақырыбы: Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебінің келісіп жасағант оқыту әдістемесі. (13 мин)
Мұғалімдер видеомен танысады Мұғалімдер неліктен өзгеруі керектігін түсінеді
3 Жеке әр мұғалімге сауалнама сұрақтарын беру. Мақсаты: Мұғалімдердің жаңа инновацияны мектепке енгізуі жөнінде көз-қарастарын біледі. (10 мин) Мұғалімдер сауалнамаға жауап жазады Коучер мұғалімдердің ойымен танысады. Қорытынды шығарады.
4 Бич.2012ж. Ағылшын ғалымның «Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?» деген сұраққа жауабын мұғалімдерге оқып береді (5мин) Ағылшын ғалымның ойымен танысады. Өзгеруге бел буады. Өзгеріске қатысты ой түйеді.
5 «Көбелек» туралы слайд көрсетеді. Мақсаты: Көбелектің өмірін оқушымен салыстырады. (5мин) «Көбелек» туралы слайдты көреді. Көбелекті оқушымен салыстырады. Нәтижесінде оқушылардың өз бетімен білім алу жолында тек бағыт беріп отыруды түсінеді. Дайын берілген білім оқушыға пайда әкелмейтінін слайдтан біледі. Мұғалім оқушыларға білімді дайындап бермейді. Оқушыларға өздігінен жұмыс жасауға үйретеді.
6 «Англия мен Қазақстан арасындағы оқыту әдістемесіндегі ұқсастық пен айырмашылық» атты слайд көрсетеді.
(5 мин) Слайдты көреді. Ұқсастық пен айырмашылықты ажыратады. Қосымша ойларын тәжірибеге сүйеніп қосады Мектепке Кембридж университеті ұсынған оқыту әдістемесін оқыту жүйесіне енгізу мақсатында жұмыс жасайды.
7 Әр топқа топтық тапсырма береді.Таймер қосады. Топтық тапсырма: «Оқушылардың оқуына кедергі келтіретін оң және теріс факторлар» . Мақсаты: Әр топ ойларын флипчартқа түсіртуі. Ойларын көпшілікке таныстыртуы . Шетел елдердің ойларымен салыстыруы. (10 мин) Әр топ флипчартпен жұмыс жасайды. Тапсырманы топпен орындайды. Көпшілікке таныстырады.Өз ойларын шетелдің ойларымен салыстырады. Диспут түрінде өткізеді. Тәжірибелеріне сүйеніп факторлардың ұтымдысын анықтайды.
Бір мәмілеге келеді
8. Кубик-рубикті тастауды әр топқа ұсынады. Мақсаты: мұғалімдерге бүгінгі сабақты қорытындылату (5 мин) Әр топ кубикті тастайды. Түскен санның санына байланысты кезекпен қорытындылайды Өткен материалды қорытындылап үйренеді
9 Сергіту сәтін жасатады «Мишка Гумивер»
Мақсаты: шаршағандарын басу, көңіл-күйлерін көтеру, өзара қарым-қатынасымызды арттыру (5 мин) Сергіту сәтін жасайды Серігіп қалады. Сергіту сәттерін сабақтарда ұйымдастыратын болады
10 Стикерлерді әр мұғалімге үлестіріп береді.
Мақсаты: әр мұғалім сабақ бойынша рефлексия жазады (5 мин) Рефлексияға бүгінгі сабақ бойынша әсерлерін, ұсынысын, тілектерін жазады Коучер стикерлерді жинап алады. Сабақ бойынша мұғалімдердің ойымен танысады. Ұсыныс болса, келесі сабақта ескереді.