Конспект урока английского языка Can you play the guitar
Қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі : 03.12
Сыныбы : 5
Пән атауы: Ағылшын тілі
Сабақтың тақырыбы : Can you play the guitar?
Сабақтың мақсаты : Дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын молайту
Күтілетін нәтиже : Ағылшыншаөз ойын жеткізе алады. Диалогтық қарым-қатынасқа түседі. Сөздік қоры молаяды.
Кіріктірілген модульдер : Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, АКТ
Әдіс тәсілдер : «Автордың орындығы» әдісі, «Елші» әдісі, «Мимкарта» әдісі,ББҮ.
Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
3 мин Кіріспе.
Ұйымдастыру кезеңі. Балалармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. «Көршінің суреті» ойсергегін ұйымдастыру.
Оқушылар ақ парақты басына қойып, өзінің жұптасына қарап суретін салуға тырысады. Салынған суреттеріне жылы лебіздерін білдіріп, тілектер жазады. Ақ парақ, қалам
2 мин Топқа бөлу. Топқа бөлу. Топ басшысын сайлау.
Әр топ өз топ басшысын сайлайды.
1 мин Бағалау. Топта өзара және топ ара смайликпен бағалау. Сабақ барысында топбасшы топ мүшелерінің тапсырманы орындауына қарай смайлик беріп отырады. Түрлі-түсті смайликтер
5 мин Үй тапсырмасын пысықтау. Үйге берілген тапсырманы «Автордың орындығы» әдісін қолдану арқылы пысықтау. Балалар топта талқылай келе үздік жазылған үй тапсырмаларын авторын ортаға шығып оқуын ұсынады. Бір-біріне қосымша сұрақтар қою арқылы өтілген сабақты пысықтайды. Орындық, дәптер
5 мин Жаңа сабақ.
«Ой қозғау» Ребус шешу.Сұрақ қою.
Слайдтан суретті ребусті топпен шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады, тақырыпты топпен талқылап мағынасын түсінеді.
Балалар диалог туралы қажетті деректерді дәптерге түсіріп алады. Интербелсенді тақта, Слайд, дәптер, қаламсап.
10 мин Оқулықпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс жасауға бағыт бере отырып «Елші» әдісін қолдану. Оқулықпен жұмыс жасайды. «Елші» әдісімен жаттығуларды әр топ өзіне берілген бөлігін орындап, өз тобында, сосын басқа топта талқылайды.
Кітап, дәптер
5 мин Сергіту сәті. «Мимкарта» әдісі арқылы диалог әңгімесін ыммен, қимылмен жасыру. Әр топтан 1-2 оқушы шығып, кеспе қағазға жазылған кейіпкерді таңдап, сыныпқа жасырады. Кеспе қағаздар
10 мин Топтарға тапсырма беру. Топтарға шығармашылық тапсырмалар беру:
1-топ жаңа сөздермен сөйлем құрау;
2-топ берілген суреттермен сөйлем құрау;
Топтасып орындайды. Дәлелдейді. АКТ, Слайд, кесте, сурет
1 мин Үйге тапсырма. Диалог құрастыру; Балалар еркін тақырыпта диалог құрады АКТ, слайд
1 мин Бағалау. Сабақ соңында әр оқушының жинаған смайликтерінің санына қарай өлшемдер арқылы бағалау. Оқушылар жинаған смайликтерін санап, топбасшысына немесе мұғалімге айтады. 2 мин Рефлексия. Оқушылaрғa стикeрлeр тaрaтып, «ББҮ» әдісі арқылы кeрі бaйлaныс жaсaту.
Білeмін
Білгім келеді
Үйрендім Оқушылaр стикeрлeргe
бeрілгeн сaуaлдaр төңірeгіндe ішкі сeзімдeрін жaзaды. Түрлі-түсті стикeрлeр.