Баланы? басты ?стазы-ата-ана! ?ажайып ала? ток-шоуы (ата-анамен ж?мыс)


Сабақтың тақырыбы: Ғажайып алаң. «Баланың басты ұстазы ата-ана!»
Сабақтың мақсаты:
1. Ата-ана,ұстаз, мектеп арасындағы байланысты нығайту.
2.Ата-ананың мектепте өтілетін іс-шараларға жиі қатыстып ,белсенділіктерін
арттыру,оқушының сапалы білім алуына ата-ана арқылы оң әсер ету
3.Мереке қарсаңында ата-анаға,оқушыға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Сабақтың көрнекілігі: «Ғажайып алаң»макеті,шарлар,сөздер жазылған тақтайшалар,ұяшықтар,лозунглер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сұхбат,ойын
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Ана деп өтеміз өмірде
Бала деп төземіз бәріне
Ана мен баланың арасы
Бәрінен маңызды ,әрине!
ІІ.Кіріспе кезең. Психологиялық ахуал туғызу.
Міне,бүгін өздеріңіз осы ортаға келіп отырғандарыңыздың өзі балаңыз үшін...
Ең басты себепкер-бала болса, екінші себепкер –бір қолымен бесік тербеткен, екінші қолымен әлемді тербеткен «Ана» себепкер.Себебі,наурыз айы мерекелі ай,аналарымыздың мерекесі.
Ендеше,Бүгінгі залда отырған құрметті қонақтар,ұстаздар,кішкентай ғана сұлу балақайлар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге көктемнің шуағындай шаттық,алаңсыз мына балақайлардай бақыт тілейміз!
Осы мереке қарсаңында талапкер орта мектебінде «Ана –өмірдің бастауы!» атты ата-аналар апталығы өтіп жатыр.Сол апталыққа ат салысып, өздеріңізде
«Ғажайып алаңға » жиналып қалыпсыздар!
Көп созбай,ойынымызды бастап кетейік:
а).Ойынға қатысушы сайыскерлер өздерінің реттік нөмірлерін анықтайды.
1-ші үштік,2-ші үштік, 3-ші үштік
ә).Әділ қазылар алқасын тағайындап алу
ІІІ.Негізгі кезең.
б).Ойынның шартымен таныстыру
в). І айналым. Тапсырма:
1) Бір ғұлама айтқан екен: «Адамға бірге тумақ бар да, бірге тұрмақ жоқ» деп,иә
адам баласы дүниеге келген кезінен бастап ата-ана тәрбиесін көріп,тәлім
алып,қанаттанып өмірге ұшпай ма?!...Сіздерге қойылатын негізгі сұрақ
Баланың ата-анасымен бірге болатын кезеңі.
Бала тілімен сүйкімді,
Дала гүлімен сүйкімді
Ал біздің ойыншыларымыз
Бердік сізге тізгінді.
(барабан айналымда болады)
Қосымша демеуші сұрақтар:
1.Өзіңізді таныстырып өтсеңіз?
2.Қай аймақтың тумасы боласыз?
3.Сіздерге бір көмек бергім келіп тұр
Мәпелейді,әлдилейді,бағады,
Құлыным деп құшағына алады.
Өзгеге де,өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады? Бұл қай кезде болады?
4.Өзіңіз кішкентай кезіңізде байқамай талай нәрсені бүлдірген шығарсыз,ие! Анаңыздан ұрыс
естіген кездеріңіз болды ма? Сол бүлдірген қателіктеріңіз ненің салдарынан болды деп ойлайсыз?
5.Анаға арналмаған асыл сөз жоқ,тіпті ананың табанының астына дейін қасиетті депті,ал
ерлерге арналған қандай теңеу айта алар едіңіз? (ер мойнында қыл арқан шірімейді,ердің
жұмысы сыртта,еркек болсаң шыда,еркектің ақылы тамағында,үйдің егесі,) сондада ер
азамат,сендерсіз әйел адамның күнін елестету қиын-ау,деймін!
Ендеше,құрметті көрермен,Үйдің,шаңырақтың иесі,асқар таудай әкелерге ыстық
ықыласымызды білдіріп қояйықшы! (шапалақ)
6.Ана тілі,махабаты,тілегі
Теңіз сынды сарқылмайды,Білемін.
Жаныңа да,жүрегіңе ең жақын
Сол бір жан ғой қорғаштайтын үнемі. Бұл қай кезде болады?
7. 1кластың ана тілісінен алу керек (қос қанат) Бірі әкем,бірі анам
8.Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық,алтын бақ (ана туралы мақал айтып бере аласыңдар ма?)
9.Әке- асқар тау,Ана-етегіндегі бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ дегендей сол құрақтарыңызды ң
жайқалып өсуін қалай қамтамасыз етесіздер? Қазір кішкентай бала ғой,балалық
жасап,тәртіпсіздікке жол берсе,қандай шара қолданасыз?
10.Екінші сынып оқушысының балалығы әлі бар ма,әлде естияр болды деп ойлайсыз ба?
11.Мына көпшілік көрермен қауымға айтар тілегіңіз бар ма? Жолдауыңызға болады.
1-ші үштіктің жеңімпазын атау. «Балалық» (Сыйлықтар ұсыну)
1-ші үштік қатысушыларына музыкалық сәлем жолдау.
Ән: «Анаға арнау» 2а сынып оқушысы Майлыбай А
ІІ.Айналым.
Айналымның сұрағын қатысушыларға түсіндіру.
1.Өмірдің сол бір жарқын да жарық болжамды кезеңі үшін бар адам тырысып,бала тәрбиелеп,оқытып,өмірлерін жақсарқысы келеді.
-Оны болжап,тұспалдайды;
-Ол туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2050 стратегиясында да шығарып қойды.
-Ол туралы мультфильм,кино да бар.Қ.Аманжоловтың да өлең жолдары бар,
-Соның атымен аталған Қазақстандық бренд десек те болады.Степендиясы да бар.
2.Әке- асқар тау.Перзент тәрбиесінде асқар таудай әкенің орны мен мойнына
артылар жауапкершілік көп-ақ.Олардың міндеттері мен қажеттіліктерін әркім әр
түрлі сипаттайды.Сіздің ойыңызша қалай?
3.Балаңыздың келешегін қалай елестетесіз?
2-ші үштіктің жеңімпазын атау . «Болашақ» (Сыйлықтар ұсыну)
2-ші үштік қатысушыларына музыкалық сәлем жолдау.
Ән: «Гүл көбелек» 2а сынып оқушысы Ергалиева А
ІІІ.Айналым
Айналымның сұрағын қою үшін бірнеше сауалдар қою арқылы анықтау.
1. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді» дейді қазақ халқы.Қазіргі таңдағы өз
ортамызда жүрген қазақ балалары қандай? Сіз қалай ойлайсыз?
2.Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады.Ал сіздер оны кім деп ойлап тұрсыздар?
3. «Жылы сөз –жарым ырыс»дегендей,балаларыңызға,жолдастарыңызға қандай
жылы лебіз айтар едіңіз?
3-ші үштіктің жеңімпазын атау. «Мұрагер» (Сыйлықтар ұсыну)
3-ші үштік қатысушыларына музыкалық сәлем жолдау.
«Шығыс биі» 2в сынып оқушысы Сәметхан А
ІV.Айналым. Финал.
Бала ата-анаың бауыр еті қуанышы.Балалы үй –базар.Ал оның тәрбиешісі кім?
Мына тақтайшаға назар салсаңыздар,тізбектелген сөздер тіркесін байқайсыздар.Сол арқылы өздеріңізге қойылған сұраққа нақты жауап ала аласыздар.
Қосымша сұрақтар тізбегі:
1.Ибалы ұл,инабатты қыз тәрбиелеу адам баласының парызы.
2. «Әке көрген оқ жонар,Ана көрген тон пішер»деген ұғым сізге қандай ой
тастайды?
3.Өзіңізді бақыттылар қатарына санайсыз ба?
4.Өнер жөнінде қандай хабарыңыз бар және балаңыздың бойына дарыта алдыңыз
ба?
Қорытындылау кезеңі
Бас жүлденің иегерін анықтау. «Баланың басты ұстазы-ата-ана!»
1.Ойынға қатысушылардың ұпай сандарын есептеу,марапатқа ұсыну
2.Концерттік бағдарлама 2а,б,в сынып оқушылары
Соңы

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар»коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Ғажайып алаң» ток-шоуы
«Баланың басты ұстазы-ата-ана!»

/Ата-анамен жұмыс /
2а сынып жетекші:
Карижанова .РА

2015 оқу жылы