Патриотты? ?ндер бай?ауы 2016


«Тәуелсіздік – елімнің елдік жолы» атты патриоттық әндер байқауы
(Сахна мерекеге сай безендірілген, ән ойналып тұрады)Мұғалім: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! «Тәуелсіздік – елімнің елдік жолы» атты әскери - патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!Жүректі тербейтін, көңілде сөнбейтін, ешқашан өлмейтін құдірет не? Әрине, ән. Ғұмырлы ән – халықтың жаны. Сайын даланы әсем әнімен тербеткен халқымыз қуанса да, жүрегінен жыр ағытып, жабықса да әнмен өзін - өзі жұбатқан. Сондай - ақ әннің құдіреттілігі сол, жұртты жұдырықтай жұмылдырып, рухын асқақтата түседі. Әр дәуірдің патриоттық әндері сол замандағы ұрпақтың Отан үшін оққа да, отқа да түсуіне себепкер болған идеологиялық қаруы. Бір кездері Кеңес заманында біздің ата - әжелеріміз «Партия қайда болса, Жеңіс сонда!», «Алға, комсомол!» деп екпіндете шырқады. Осы кезде патриоттық әндер үгіт - насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түсті. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор еді. Әскери - патриоттық әндер кеше де, бүгін де, ертең де ерекше бағалы бола бермек. Сондықтан бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, аталарымыздың ерлігін насихаттау, Отанға деген құрметті күшейту, өнерлі оқушыларды анықтап, сахна өнеріне баулу.
1 - жүргізуші: Иә, біз бейбіт елде, байтақ жерде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Бірақ бізді осы күнге жеткізу үшін кешегі ата - бабаларымыздың Ақтабан шұбырындының азабын тартқанын, ашаршылықта қынадай қырылғанын, зиялыларымыздың репрессияға жазықсыз ұшырағанын, Ұлы отан соғысында кеуделерін оққа тосқанын естен шығармауымыз керек.
2 - жүргізуші: Азаттық жолындағы еліміздің тарихы «Елім - ай», «Атамекен», «Жас қазақ» секілді әндер арқылы бізге жетті. Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет, егемен елдің ертеңін сеніп тапсырар намысты, қайсар, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. Осы орайда бізге патриоттық әндеріміздің молая түскені аса маңызды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – елімнің елдік жолы» атты патриоттық әндер байқауын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Бұл патриоттық сайысымыз 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім: «Мәнелеп оқу»
ІІ бөлім: «Патриоттық әндер »
Шарамызды бастамас бұрын байқауға қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.(Үміткерлер ортаға шығады)
2 - жүргізуші: Осы байқауға төрелік жасайтын қазылар алқасымен таныс болайық.
Олар: Тарих пәнінің мұғалімі – Ихсанов Мәдениет Хайырұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Темирова Майра Қалиқызы1 - жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін ән орындау шеберлігі және сахна мәдениетін меңгеру критерийлері бойынша бағалайды. Жоғары ұпай 10 балл.
Қазір ең алдымен мәнерлеп оқу сайысы өтеді.Содан соң патриоттық әндер бөліміне өтеміз.
Мәнерлеп оқитындар:
1.Муратов Армат – 5 сынып М.Өтемісұлы «Ау, қызғыш құс»
2.Амангелдиева Айша - 6 сынып Қадыр Мырзалиев «Мықты бол»
Айдынғалиев Дана – 6 сынып С.Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның
қасиеттері»
3.Гайнуллиева Гүлдана – 7 сынып Абай Құнанбаев «Ескендір,Ескендір»
Әмірхан Танат – 7 сынып М.Өтемісұлы «»
Хайырова Арай – 7 сынып М.Мақатаев «Қырандар қош болыңдар»
Алжекенова Жангүлім 7 – сынып Қ.Аманжолов «Өзім туралы»
4. Хамидуллина Аружан – 8 сынып М. Мақатаев «»
Қайырханов Ерасыл – 8 сынып М. Мақатеав «Мен қарапайым қарттарды сүйемін»
5. Утарова Іңкәрім – 9 сынып М. Жұмабаев «Туған жер»
6. Мақыбаева Әселхан – 10 сынып «Туған жер»2 - жүргізуші: Мәнелеп оқу сайысы аяқталды, ендігі кезекші Бекенова Алинаның орындауындағы «Туған жер» әніне береміз.
ІІ бөлім «Патриоттық әндерге кезек берейік.
Рухынан жақсылардың нұр саулаған,Жанымды мейірімі құрсаулаған.Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған10 сынып оқушыларының орындауындағы «Қазақ жастары» әнін тамашалайық.
1 - жүргізуші: Бойда қызу қаны ойнаған жігерліҚаһарманы заманымның бұл ендіОтан даңқы мүддесі үшін қажеттікСарбаздар ол елдігімнің тірегі9 сынып оқушыларын « Жүрегім, Қазақ» әнімен қарсы алыңыздар!2 - жүргізуші: Қазақ деген пейілі кең бай халықТолды арманы егеменге айналыпБейбітшілік қорғанындай сенімдіСарбаздары сап түзеді сайланып8 сынып оқушысы
1 - жүргізуші: Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.Көкорай белестері мақпал кілем,Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.7 сынып оқушысы Әмірхан Танаттың орындауындағы «Қағазым» әні.
2 - жүргізуші: Қазақстан, замананың заңғарында,Халқыма мекен болған жайлауың да.Алатау ақ самайлы басын игенҚайратты қарт Қаратау қойнауында 6 сынып оқушыларын «Қазақ жастарының әнұраны» әнімен ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,Жігерленген құштарлықтың құралы.Күрескердің арманы мен ұраныҚуаныш пен мерекенің бұл әні.
5 сынып оқушыларының орындауындағы «Жаса, қазағым» әні
2 - жүргізуші: «Тәуелсіз – елімнің елдік жолы» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы дайын болғанша5 - 6 – 7 сынып ер балаларының би шашуларын қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болды. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізде ұялап, мәңгі қала бермек.2 - жүргізуші: Үміткерлерімізді марапаттау үшін сөз қазылар алқасының төрағасы Ихсанов Мәдениет Хайырұлына беріледі.
Талпын жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы:

Темирова М.К
2016 – 2017 оқу жылы