Та?ырыбы: Патриотты? ?ндер бай?ауы «Мені? елім»


Тақырыбы: Патриоттық әндер байқауы «Менің елім»
сағатының мақсаты: Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құреттеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып, ән ұран, суреттер, интерактивная доска, шары.
Барысы:
Тәлімгер: Қайырлы күн,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін, құреттеуге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Гулнур: Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды.Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік,бірлік,тұрақтылық,гүлдену сияқты негізгі құндылықтары қалыптасады.Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ,ешқашан да мойымады,күресе білді.Тәуелсіздік.Қандай қасиетті,ұғым.Тәй-тәй басқан шағынан бастап талай-талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте-бірте еңсесін тіктеп,тұғырын биіктеп,тамаша табыстарымен жігіт жасына жетіп отыр.Тәуелсіздіктің бізге бергені ұшан-теңіз,әліде берері тіпті мол.

«Қарлығаш» тобының тәрбиеленуші мен тәлімгер Николаева Л.Н.
Нурайим : Тәуелсіздік бізге оңай келмейді,
Бұны ешкім аяп ешкім бермейді.
Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың,
Та-тас көшеде тас -талқан боп өлгені.
Ақталды бодақтардың ақ талабы,
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар.
Ел есінде мәңгілік сақталады.
Тәуелсіздік биік болсын,тұғырың.
Тарылмасын терең алған тынысың
Бұдан алған күндеріміз құрсын,
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.
Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.
Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.

Видеоролик «Желтоқсан желі»
Любара : Тәуелсіздік алған 25жыл ішінде сайын даланың төбесінен бой көтерген ару Астана біздің мақтанышымыз.Барлығымыз тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім келеді.Халқымыздың Тәуелсіздік жолында шекпеген тауқыметі,көрмеген қасіреті қалмаған.Тәуелсіздігіміздің ең алғашқы қастерлі нышандарының бірі-Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі.Ол 1986жылғы сол кездегі Жаңа алаңында бой көтерді.Бұл жер-1986жылғы Желтоқсан көтерлісінің кіндігі болған алаң.Тәуелсіздік монументі Елбасының Н.Назарбаевтың бастамасымен белгілі мүсінші,Елтаңбамыздың авторы Шотаман Ыдырысұлы Уалихан аталарыңның жобасымен жасалған.
Жүргізушілер
Назерке : 1986жылы 16желтоқсанда Алматы қаласындағы алаңға жастар «Тәуелсіздік керек»деген тілегімен жиналды.Милиция жасақшылары ортаға шығып жастарды ұрып соға бастады.Көптеген жастар түрмеге қамалды.Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.Себебі,тарихтан алар орны ерекшк.Әрбір дербес мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілерінің бірі-Ұлттық ақшасы.Сөйтіп,1997жылы 17шілде де Қазақстанда «тіл туралы»заң қабылданды.Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып саналады.Қазақ тілі өте бай,терең мағыналы,көркем тіл.16желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн, Ерекше боп ел жадында қалған күн,Жасай берсін ұлы күн үміті боп елімнің, Желбіресін көк туы-нағыз көркі жерімнің.
Зухра: Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің авторлар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан.
Тәрбиеші: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды. Ешқашанда орынсыз, шешімдері...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері:
Қазақстан туымен тұғырлы!
Елтаңбасымен еңселі!
Еркайим: Дүние әлем көзіндей, Дөңгеленген жамалы. Еге елімнің қорғаны- Кереге қанат қамалы. Көгілдір көктің жүзінде Шаңырақ-күн....
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
Назгул: Қаһарман қажыр, қайратым, Шайлықпас текті айбатым. Арман, абырой, толғаныс- Айтылатын ар, затым. Жұртымның мұң...
Балауса: Біздің Отанымыз –Қазақстан Республикасы. Ол –үлкен әрі бай өлке. Онда тоғай, өзен, көл, ауыл, қала көп. Қазақстанда көп халық тұрады. Олар тату. Біз атамекенімізді сүйеміз, ардақтаймыз.
Дильвара: Біздің мақтанышымыз спорт шеберлері: Жәнибек Әлімханұлы, Олжас Сәттібаев, Артем Захаров, Мария Телушкина, Нұрмахан Тыналиев, Александр Зайчиков, Александра Романова.
Біздің мақтанышымыз-тенге.
Біздің мақтанышымыз: пайдалы-қазбалар.
Біздің мақтанышымыз- ата- салтымыз.

Әнін «Астана» орындайды Қашкимбаева Зейнеп
Біздің мақтанышымыз-Ауыл шаруа қожалығы.
Назерке: Біздің мақтанышымыз-ЭКСПО-2017Астана.
Динара Абдр.:
1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды.
1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
Нургуль: 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді. 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды.
2002 – 2005 жылдар ауыл жылы болды.
2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы болып жарияланды.
2007 жыл Дінмұхамет Қонаев жылы болып жарияланды.
2008 жылы Қазақстандағы Украина жылы болды.

Ән «Елім менің» - Науқанбай Мөлдер
Фатима: 2008 жыл Шығыс Қазақстанның экология жылы болып жарияланды. 2009 жыл Ана мен Бала жылы болып жарияланды.
2009 жыл Германиядағы Қазақстан жылы болды.
2010 жыл Жас жеткіншектердің даму жылы болып жарияланды.
2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
2011 жылдың 16-желтоқсаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы тойланады.
2012 жылдың 15-қаңтарында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болады.
Сұраққа-жауап бер:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі.
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
7. Мемлекеттік рәміздер күні
Қорытынды: Сондықтан басты құндылығымыз-Тәуелсіздігіміз!Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып,қадірлей білгені абзал.Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған. «Тәуелсіздік тұғыры биікте»атты ашық тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.

Флешмоб: «Мой Казахстан»
Гранитогор санаториялық
мектеп-интернатының
Д.Т.Ж.О. Д.Ж.Талманова
Келісемін:_______________
Гранитогор санаториялық мектеп-интернаты
Такырыбы
«Менің елім»
Патриоттық әндер байқауы
Жауапты: Николаева Л.Н., Абилдаева К.А.