Елім мені? а?са?ан патриотты? ?ндер бай?ауы
Видео «Тәуелсіздікке – 25 жыл»
фанфары1-ж:
Бабалар мұра еткен елдігіне,
Тамсандық ағалардың ерлігіне.
Қан төгіп, жан қиып жатқан Тәуелсіздік
Бүгінде 25 жасқа толды міне.
Еркін, ұшқыр, тәуелсіз елім.
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда.
Бостандық елі - Республикам менің.
2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Ақ түйенің қарны жарылған қасиетті де қастерлі күн де міне келіп жетті. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан Мәңгілік ел жұрты, Тәуелсіздік күні құтты болсын!
1-ж:
«100 ән» жобасы аясында Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне арналған «Елім менің аңсаған» атты патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!фон
2-ж:
Осынау мереке қарсаңында мектебімізде өткелі отырған байқауға кәсіби деңгейлері жоғары, жан-жақты, шығармашыл ұстаздарымыз бен ойы жүйрік, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз жұптасып ән айтқалы отыр. Байқауда халық әндері, Қазақ композиторларының туған ел, туған жер, Отан, Қазақстан тақырыптарындағы әндері шырқалып, қатысушылардың әннің орындауы, сахналық мәдениеті, шығармашылықтары сыналатын болады.
1-ж:
Байқау жеңімпазы көрермендер мен қазылар бағасымен анықталады. Әр көрерменге залға кірерде 1 жетоннан берілді. Байқау соңында ұнаған қатысушы жұпқа жетонға нөмірін белгілеу арқылы өз дауысын береді. Дауысын тек бір жұпқа бере алады. Әр қазы мүшесі 5 балдық жүйемен бағалайды.
фон
2-ж:
Ендеше бүгінгі байқауымыздың әділқазы құрамымен таныс болайық!
Бегилов Мурат Заурұлы – Ақсоғым селолық округінің бас маманы
1-ж:Кунбаева Мерамгуль Жасланқызы – Ақжайық саз мектебінің қобыз класының оқытушысы
2-ж: Амирханова Сауле Уразаевна – 1-санатты бастауыш сынып мұғалімі
1-ж: Жауынбаев Гадылбек Жамбылқлы. – Ақжайық саз мектебінің жоғары санатты мұғалімі
2-ж: Тлеков М.Ж. - Восход жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, қазылар алқасының төрағасы
1-ж: Техникалық хатшы – Нуменова заида Максутовна
1-ж:
Мерейім – нұрлана бер азат күнім
Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын
Таңымды тамылжытқан әсем әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін!
2-ж:
«Елім менің аңсаған» патриоттық әндер байқауының күнделігімен таныс болу үшін экранға назар аударайық!
(слайд)
1-ж:
Тура 25 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіздігін бүкіл әлем мойындаған қазақ бүгінде азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз елдің өз Әнұраны шырқалып, ұлы дала адамдары Қазақстан азаматы атанды.
2-ж:
Осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, күтумен өтті. Қазақстан күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.
1-ж:
Сахна төріне №1 жұп – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, үлкен мен кішіні бірдей сыйлайтын бастауыш сынып мұғалімі Аяшева Галия Изимгалиевна мен талантты да дарынды оқушымыз Әди Батырхан.
2-ж: Сөзі - Тұманбай Молдағалиевтікі, әні – Нұрғиса Тлендиевтікі. «Біз Отанның Ұланымыз!»
Музыкалық номер
2-ж:
25 жыл ішінде Қазақстан досы сүйінетін, дұшпаны күйінетін алпауыт елге айналды. Егеменділіктің тұрақтылығы татулықта, бірлікте. Біздің бірлігіміздің көзі – елбасының салихалы саясаты, нағыз көшбасшыға лайықты көрегендігі.
Елім деген ер болғасын, ерім деген ел болады. Осындай Елбасымыз бар біз бақыттымыз.
1-ж:
Сахна төріне - №2 жұпты шақырамыз. Биыл ғана мектеп табалдырығын аттаса да өзінен үлкен сынып оқушыларын оқу техникасы бойынша басып озып, минутына 100 сөз оқи алатын 1-сыныптың үлгілі де үздік, дарынды оқушысы Амангелді Айгерім мен қызын өнерге бауылып жүрген анасы Жаниярова Жанар Даулетшиевна.
Музыкалық номер
2-ж:
Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
1-ж:
Сөзі –
Әні –
«Жаса, Қазақстан!»
Сахнада күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұп – мектеп психологы Каиргазиев Дархан Тогжанович және мектеп мақтанышы Сағидолла Нұрболат.
Музыкалық номер
/қазылар алқысының пікірін тыңдап көрейік
2-ж:
Халқының санымен он орап алатын мемлекеттер бар. Алайда жердің кеңі қазаққа бұйырған. Мұның бәрі пейілге байланысты. Қазақ атамыз кең пейілдің ары оңы тозбас деп бекер айтқан жоқ. Көңіл керегесі кең болған соң, осындай алып дала маңдайымызға жазған болар. Қанша жарық шекте тұрсақ та, сүрінгенге сүйеу, адасқанға пана бола білдік.
1-ж:
Сол пейілдің арқасында ширек ғасырда ешкім жетпеген жетістікке жеттік. Басқа мемлекеттерге бейбітшілік, татулық, бірлік үлгісін көрсете білдік.
2-ж:
«Қазақстан бақытты»
Орындайтын қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңмен, асықпай қадам тастап жүретін тарих пәні мұғалімі Адиев Жасұлан Самиголлиевич пен талапты да, талантты 4-сынып оқушысы Қазекеш Ислам.
Музыкалық номер
1-ж:
25 жыл адам ғұмырымен есептесек, оқу бітіріп үйленіп ғана үлгереді екен. Ал тұтас мемлекет құрып, аяғынан тік тұрғызу үшін 3 ұйықтасақ, түсіне кірмейтін. Сондықтан да жаһанға жария етіп мақтануға болады.
2-ж:
Сөзі мен Әні Роза Әлқожаныкі
«Атамекен». Орындайтын бастауыш сынып мұғалімі Хами Сандуғаш Беркінқызы мен сымбатты қызымыз Магазова Аида.
Музыкалық номер
1-ж:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығын ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсеңде көре азаппенен
2-ж:
Сахнаға №6 жұп шақырамыз. Шәкіртерінің сүйікті ұстазы физика пәнінің мұғалімі Максутова Нургул Мирмановна мен әнші, биші оқушымыз Тлекжан Мансур.
«Жаным қазақ» әні
Музыкалық номер
1-ж:
Еліміздің жат қызыға қарайтын тағы бір қасиеті – ол бірлік. Бірлігі болмаса ел азар, азығын таппаса бөрі азар деген екен атам қазақ. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған ынтымақтастығымыз сарқылмаса, Ұлы Отанымыздың Тәуелсіздігін талай мыңжылдықтар тойлайтын боламыз.
2-ж:
Келесі сахна төріне шығатын күміс көмей, жез таңдай жұптарымыздың бірі АӘД пәнінің мұғалімі Жакиев Гумар Магазович пен 6-сынып Назиева Бекзат.
Сөзін жазған , әнін жазған
«Қазақтай ел қайда».
Музыкалық номер
1-ж:
Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі туған жерінің перзенті, оны сүйе білу, аялау – адамның азаматтық борышы.
2-ж:
Армысың ата-қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.
1-ж:
Келесі орындалатын ән «Ауылым». Сөзі Ж. Бейсеновтікі, әні Т. Базарбаевтікі
Сахна төріне білікті ұстаз дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қайырғали Бірлән Мұхитұлы мен өнерлі оқушымыз Хахарманова Алисаны шақырамыз.
Музыкалық номер
2-ж:
Доданы көрсе делебесі қозады,
Дүбірді естісе озуды қалайтын қасиет қанымызда бар. Сондықтан болар қай салада болмасын суырылып алға шығудан танбай келеміз. Спортта, дүниежүзілік бәйгелерді бағындырдық. Алыптар мен жүйріктер қазақ топырағында туған. Еңбекқорлық арқасында елдің даңқын асқақтатудың үстінде. Мәдениетте әлем халқын ауызына қаратқан дарындарымыз бар. Олардың өнері таң қалдырды, тамсандырды.
1-ж:
Сахна төріне келесі шығатын жұбымыз да өз өнерлерімен бүгін бізді таң қалдырып, тамсандандырары сөзсіз.
2-ж. Әні: Махамбет Түгелбаев Сөзі: Сараш Қоңырбаева «Астана».
1-ж: Орындайтын физика информатика пәні мұғалімі Адиетова Лунара Жанарбекқызы мен Хахарманова Айнара
Музыкалық номер
2-ж:
Астанам – нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам.
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
1-ж:
Алдарыңызда №10 жұп. Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, көңілі жарқын биология пәні мұғалімі Тлегенова Айгул Сериковна мен ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт Нигмаш Лиданың орындауында «Астана» әні.
Музыкалық номер
2-ж:
Тұған жер, туған ел, Отан ...
Мәңгі жырланатын тақырып. Қай буын өкілі болмасын, туған Отанға тағзым етуден шаршаған емес.
Заман қанша өзгерсе де бұл тақырыптағы ән-жырдың мазмұны өзгерген емес. Ұрпақтан ұрпаққа жеті кереметтей берілетін ұлы рух біздің ойымызда. Дәл осы рух қазақ халқын өр етіп көрсетеді.
1-ж:
Сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен,мектепке биыл ғана келсе де, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жан салатын химия пәні мұғалімі Байниязова Айкөркем Талғатқызы мен мектеп әншісі Исанов Артур «Қазақ жастары» әнімен.
Музыкалық номер
Фанфары
2-ж: Еліміздің Тәуелсіздігіне арналған «Елім менің аңсаған» патриоттық әндер байқауы өз мәресіне де жетіп қалған сияқты.
АЯУЛЫМ, Саған қай жұптың өнері ұнады?
1-ж:
Маған дәл осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды. Барлық жұптардың өнерлері ұнады. Маған қалса мен барлығына да жүлделі орын берер едім.
2-ж:
Дұрыс айтасын, осы жобаға қатысушы үшін барлық жұп бар күштерін салып, дайындалды.
Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Соның дәлелі ретінде біз бүгін қатысушыларымыздың тамаша өнерлеріне куә болдық.
1-ж: көрермендердін де дауыс беру кезегі келді. Жетондарыңызға өнері ұнаған жұптын есімін жазып жәшікке салыңыз.
2-ж: Ендеше, қазылар алқасын ақылдасуға залдан шығарып салайық.
фон
2-ж:
Бүгінгі кешіміздің демеушісі ауылшаруашылық саласында ерен еңбегімен ерекшеленіп жүрген ауылымыздың азаматы – «Жумашев» шаруа қожалығының басшысы Жумашев Мерхат Қажғалиұлы. Мектеп ұжымына әрқашан қол ұшын созуды өзінің азаматтық парызы деп санайтын Мерхат Қажғалиұлы тағы да осы жолы өзінің адамгершілігмен, қайырымдылығымен, мейірімділігімен ерекшеленді. Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді...» демекші, бірнеше жыл қатарынан мектебімізде өтіп жатқан игі шараларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Осындай ер азаматтарымыздың еңсесі әрқашан биік болғай.
1-ж: сондай-ақ, 1997 жылғы мектеп түлегі Кенжалиев Ерболат ағамыз да бүгінгі кешімізге демеушілік көрсетіп отыр. Барлық демеушілерімізге мың да бір рахмет!
фон
2-ж:
Қазақ елі Тәуелсіз ел!
Па шіркін-ай,
Қызыққан талай дүлдүл сыртыңнан-ай.
Шөбің шүйгін,суың мөлдір, тасың қандай;
Мақтанамын мен өзіңмен
Қазақ елі осындай!
Музыкалық номер
1-ж:
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Міне, бүгінгі байқау қорытындысын есту сәті де келіп жетті.
2-ж:Бүгінгі байқаудың жеңімпаздарының есімдерін жариялау үшін сахнаға аудандық мәжіліс депутаты, мектебіміздің демеушісі Мерхат Қажғалиұлы мен Ақсоғым селолық округінің әкімі Абзал Рухоллаұлын шақырамыз.
фон
фанфары
2-ж:
Марапаттау үшін сөз мектеп директоры Мереке Жолдыбайұлы мен қазылар алқасының мүшесі Гадылбек Жамбылұлын сахна төріне шақырамыз.
фон
фанфары
1-ж:
Бабаларымыз аңсаған, аталарымыз көксеген Мәңгілік ел жасасын! Қазақ ұрпақ рухты болғай!
2-ж:
Тәуелсіздік тілі – ана тіліміз мәртебелі, діліміз берік, дәстүріміз ғұмырлы, еңсеміз берік болсын!
музыкалық номер