Сыныптан тыс шара. Жайнай бер, Т?уелсіз ?аза?стан патриотты? ?ндер бай?ауы


«Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» патриоттық әндер байқауының сценарийі
1-жүргізуші:Аслан
Бабалар мұра еткен елдігіне,Тамсандық ағалардың ерлігіне.Қан төгіп, жан қиып жатқан ТәуелсіздікБүгінде 25 жасқа толды міне.2-жүргізуші: Салтанат
Әлемге той деп бүгін жар саламыз,Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз.Төрлетіңдер достарым төрлетіңдер,Тәуелсіздікке біз бүгін ән саламыз.1-жүргізуші: Аслан
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне арналған «Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты патриоттық әндер және көркемсөз оқу байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Салтанат
 Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік ата-бабамыздың сан ғасырлан бойы аңсаған ақ арманы мен қол жеткізген биік шыңы. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.
1-жүргізуші: Аслан
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
2-жүргізуші: Салтанат
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1-жүргізуші: Аслан
Көк байрағым желбірейді елімде,Қалықтасын қыран құсы көгімде.Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,Әуелесін Қазақстан жерінде
2-жүргізуші: Салтанат
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Құттықтау сөз Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебінің мектеп директоры Жайманов Бейімбет Есетұлына беріледі.
1-жүргізуші: Аслан
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2-жүргізуші: Салтанат Ендеше , құрметті көрермендер! Біз патриоттық әндер байқауына қатысатын 1-11-сынып оқушыларының өнерлерін тамашалайық.
10. Байқауды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.1.
2.
3. 1-жүргізуші: Аслан
Байқауға әр сынып хор жанры бойынша және жеке орындаушылар қатысады. Әннің орындалу шеберлігі,сахнада өзін ұстай білуі ескеріледі және ұпайлары жабық түрде бағаланады.Жоғарғы ұпайы -10Төменгі ұпай – 5І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.2-жүргізуші: СалтанатКөркемсөз оқу жанры бойынша қатысушыларға қойылатын талап шығарманың мазмұндылығы, дауыс ырғағы, дикциясы, өз-өзі ұстай алуы ескеріледі. Бағалау жоғарыда айтылып өткендей жүргізіледі.
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,Сонымен кешімізді бастайық біз.
1-жүргізуші: Аслан
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
1-жүргізуші: Салтанат
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Көркемсөз
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
2-жүргізуші:Салтанат
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
1-жүргізуші: Аслан
Отаным менің кең байтақ ҚазақстанАман өткен талай дүлей азаптан.Бар әлемді өз аузына қаратқан,Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
2-жүргізуші: Салтанат
Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.
1-жүргізуші: Аслан
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,Тарих беті қатар-қатар бұралаң.Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,Егеменді алғаныма қуанам.
2-жүргізуші: СалтанатСен неткен Отан - Анам, ғажап едің,Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.Болашақ ұрпағының бақыты үшін,Жайнай бер, Тәуелсіз – Қазақ елім?
Құрметті қонақтар! Осымен байқауымыз тәмамдалды Сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.1-жүргізуші: Аслан
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата баба рухына.
2-жүргізуші: Салтанат
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты өнегесі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,- дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Хор «Атамекен»
1-жүргізуші: Аслан
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын! Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» патриоттық әндер мен көркемсөз конкурсы өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше аман- сау болыңыздар!
Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған мектепішілік өткізілген «Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным» патриоттық әндер мен көркемсөз оқу байқауында ән жанры бойынша _____________________________________________________
марапатталады.
Мектеп директоры: Б.Е.Жайманов
2016жыл
Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі
457909-4888

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған мектепішілік өткізілген «Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным» патриоттық әндер мен көркемсөз оқу байқауында хор жанры бойынша _____________________________________________________
марапатталады.
Мектеп директоры: Б.Е.Жайманов
2016жыл