ХХІ ?асыр к?шбасшысы атты математикалы? зияткерлік сайыс саба?



Махабат Лариса
Жұмыс өтілі: 9 жыл
Жұмыс орны: Алматы облысы, Текелі қаласы, №5 ОМ
Қызметі: математика пәнінің мұғалімі
Санаты: 2 санатты
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушыларды математика, физика, информатика пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, мінбер, диплом, жеңімпаз төсбелгісі
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.
Іс-шараның барысы.
І жүргізуші:  Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгін 8 сынып оқушыларының арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:
І жүргізуші:  Сайысқа қатысушылармен танысуға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі интеллектуалды ойын бес кезең тұрады:
1 кезең: Бәйге
2 кезең: Полиглот
3кезең: Ғажайып алаң
4 кезең: Сиқырлы сандар әлемі
5 кезең: Жорға
Ойынның барысы:
І жүргізуші: 1 кезең: Бәйге
ІІ жүргізуші: 1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып таяқшаны көтерген оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса, келесі таяқшаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 10 ұпай есептеледі.
Сұрақтар:
Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)
Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)
І жүргізуші: Әділ - қазылар ұпайларыңызды бағалау парақтарына қатысушылардың тиісті ұпайларын беріп отырыңыздар.
ІІ жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Полиглот»  Жасырын сөзді дұрыс тауып оны орыс - ағылшын тілдеріне аударуы керек. Сұрақтың тек қазақшасын тапқан жағдайда 5 ұпай, қазақша – орысша жауаптары 10 ұпай, толық жауап 15 ұпай.
Ең аз ұпай жинаған 1 катысушы ойыннан шығарылады.
Тиісті сөздің үш тілде аудармасын айту. 
.... атасын білмеген жетесіз. (Жеті – семь - seven)
Мұқағали Мақатаевтың биыл неше жылдығы атап өтілді? (84 – восемьдесят четыре - eighteen four )
.... - үлкен мектеп (Өмір – жизнь - laif)
... - білім бұлағы (оқу – учеба - )
.... алды – қызық тіл (өнер – искусство - )
Жүз сомың болғанша, жүз ... болсын (дос – друг – friend
Отыз ..... шыққан сөз, отыз елге тарайды. (тіс – зубы - teeht)
Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі .... ішеді (су – вода - water)
... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга - book)
Қыстың қамын ... ойла (жаз – лето - summer)
І жүргізуші: Әділ - қазылар ұпайларыңызды есептеп ұпайы аз бір ойыншымен қоштасамыз.
ІІ жүргізуші: 3 кезең «Ғажайып алаңда» оқушылар өзі білем деген ұяшықтанбіреуін таңдап , егерде жауап берген жағдайда сол ұпайлық жүйе беріледі. Ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.
Информатика: 10 - Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін ол әркез де ақтайды (Ж. процессор)
20 - Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жобасын жасады.)
30 - Microsoft  фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)
40 - Windows сөзінің қазақша бламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)
50 – БЕЙНЕ СҰРАҚ Подкаст дегеніміз не?
Физика: 10 – Вакум деген не? (Ж. ауасыз бос кеңістік)
20 – Микроскоп қанша есе үлкейтіп көрсете алады? (Ж: 500-600 есе)
30 – Жылу берілудің қандай түрлері бар? (Ж: 3 түрі)
40 – Конвекция дегеніміз не? (Ж: сұйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі)
50 – БЕЙНЕ СҰРАҚ
Геометрия: 10 – Трапецияның қандай түрлері бар? (Тік бұрышты, тең бүйірлі)
20 – Тікбұрышты үшбұрыштың бір бұрышы 30 градус болса, қалған бұрыштарын табыңдыр? (Ж: 60, 90 градус)
30 – Ромб пен квадраттың негізгі айырмашылығы? (Ж: бұрыштарында)
40 –Үшбұрыштың орта сызығы қалай анықталады? (Ж: табанын екіге бөлгенде)
50 – БЕЙНЕ СҰРАҚ
І жүргізуші: Әділ - қазылар ұпайларыңызды есептеп ұпайы аз бір ойыншымен қоштасамыз.
ІІ жүргізуші: 4 кезең «Сиқырлы сандар әлемі» Ойыншыларға логикалық тапсырма беріледі. Ойлануға 3 минут. Дұрыс жауап 30 ұпай.
І жүргізуші: 5 кезең «Жорғада» ұпай жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.Барлығы 10 сұраққа 1 минут уақыт беріледі, дұрыс жауабын білмеген жағдайда «келесі, ары қарай» деп белгі берулеріңіз тиіс.Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 Оқушы:
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Ұлы Жеңістің биыл неше жылдығы атап өтіледі (70 ж)
3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
4. Жедел өткен шақтың жұрнағы (ды, ді, ты, ті)
5. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
6. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
7. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
8. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)
9. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
10. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
2 оқушы:
1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
2. 225 нешенің квадраты? (15)
3. Дәлелдеуді қажет ететін ұйғарым. (теорема)
4. Етістіктің неше шағы бар (3)
5. Жазыңқы бұрыш қанша градус (180 градус)
6. Шетеусіз фигура (түзу)
7. Екі тәулікте неше сағат бар (48 сағ)
8. Геометрия сөзінің мағнасы (гео жер, метрия өлшем)
9. Тіктөртбұрыштың ауданы (S = ab)
10. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл (550 ж)
І жүргізуші: Бүгінгі ойынның жеңімпазын анықтау үшін Әділ – қазылар алқасын қорытынды сөз кезегі беріледі.
Қорынытынды. «21 ғасыр көшбасшысы» анықталады.