Документ на тему ?здігінен білім алу
Мұғалімнің өздігінен білім жетілдіруі
Мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы:
Баланың оқуға қызығушылығын, қабілетін, бейімділігін және тілін дамыту
Өзіндік білім көтерудің мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
Оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.
Міндеттері:
Шығармашылық қабілеттерін тереңдету.
Педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену.
Жалпы мәдени деңгейді көтеру.
Маңыздылығы:
ҚР «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Өздігінен білім алу көздерісеминарлар мен конференцияларшебер сыныбыіс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;
біліктілікті жетілдіру курсы
экскурсиялар театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдарәдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)
интернет
Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің тізіміпәнді оқыту сапасын жетілдіруі. (оқыту санасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету) шығарылған жинақтар, мақалалароқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын әзірлеу; дидактикалық материалдарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау; әдістемелік нұсқауларды жасау; тренингтерді, семинарларды өткізу; зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені жинақтауМұғалімнің өз білімін жетілдіру жұмысының мазмұны
мына төмендегі төрт сала бойынша жүргізіліп келемін:
1.Теориялық білім жетілдіру;
2.Пәндік білім жетілдіру;
3.Әдістемелік білім жетілдіру;
4.Жалпы мәдени білім жетілдіру;
I бөлім. Теориялық білім жетілдіру
Психология, педагогика,социология және дидактика салалары бойынша теориялық білімін жетілдіру;
Қазіргі білім беру технологияларының негіздерін оқып-үйрену;
Қазақстан Республикасының білім туралы негізгі нормативтік құжаттарын оқып-үйрену;
Инновациялық педагогиканың негізгі бағыттарын оқып-үйрену, білім берудің жаңа парадигмаларының мәнін терең түсіну;
Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды оқып-үйрену.
II бөлім. Пәндік білімін жетілдіру.
Пән бойынша жоғары оқу орнындағы білім деңгейінде
білімін толықтыру;
-Білім стандарттары,оқу бағдарламалары , оқу
жоспарларын зерттеу, сараптау,жаңа буын оқулық-
тары және басқа да оқу-әдістемелік құралдарды
оқып-үйрену;
-Өз мамандығын сәйкес ғылым салалары бойынша
жаңалықтарды үнемі оқып, білімін толықтырып отыру;
-Өз пәні бойынша жаңа ақпараттар алу, жаңа білімдер игеру.
III бөлім. Әдістемелік білімін жетілдіру
Жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық технологияларды оқып-үйрену;
-Пәнді оқытудың тиімді технологияларын, белсенді оқыту әдіс-формаларын,
қазіргі талаптарға байланысты пәнді оқытудың арнайы әдістемесін оқып-үйрену;
-Озат педагогикалық тәжірибе мен педагогика ғылымының жетістіктерін оқып-үйрену,
практикаға ендіру;
-Мектептегі әр түрлі әдістемелік жұмыстарға белсене қатысу;
-Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйрену.
IV бөлім. :Жалпы мәдени білімін жетілдіру
Саяси,ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді
оқу арқылы білімін тереңдету және ой-өрісін кеңейту;
-Театр, мұражай, лекторий және кітапханаларға бару,
әр түрлі ғылыми-танымдық, мәдени-көпшілік
шараларға қатысу;
-Этика мен эстетика, экология мен экономика
мәселелерін оқып-үйрену,
І. Ғылыми-теориялық білімді жетілдіру.
Р/с МақсатыСабақтаСыныптан тыс шарада Қосымша сабақта1. Оқытатын пәннің теориялық негіздерін білуДиаграмма,сызба арқылы жаңа тақырыпты меңгертуСайыстар, байқаулар, Пікірталастар ұйымдастыруТеориялық білімдерін жетілдіре отырып, практикалық білімімен ұштастыра білу.
2. Оқытатын пән ғылымының әдіс-терін білуоқушы білімін шығармашылық деңгейге жеткізуге жұмыстануОқушыларды олимпиадаларға қатыстыру3. Ғылым дамуының тарихы мен қазіргі жетістіктерін білуБастауыш сыныпта Жаңа технологияларды кеңінен пайдалану. Оқушылардың рухани дүниесін байыту, логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдығын арттыруДарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізу.
ІІ. Әдістемелік жұмыстар.
Р/с МақсатыМерзіміСабақтаӘдебиеттері
1. Мұғалімдердің жаңашылдық тәжірибелерін үйрену, оқу, алу. ҮнеміЖаңа технологиялардың озық түрлерін пайдалануАшық білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту мәселелері Қыркүйек Бастауыш сынып№1 2006ж
Қазіргі заманғы оқытудың дидактикалық принциптері қазан Оқыту технологиясы
Алматы 2007 ж 41бет
Білім берудің үш мақсатының бірлігі Қараша Оқыту технологиясы
Алматы -2007 ж 44-бет
Дамыта оқытудың негізгі идеясы Желтоқсан Оқыту технологиясы
Алматы-2007 83-бет
Дидактикалық әдістемелік негіздер Ақпан Қазақстан мектебі №8
Оқыту үрдісінде инновациялық технологиялар Наурыз .Қазақстан мектебі №7 .2008ж 59-бет
Апталық іс-шараларға қатысу Жоспарға сәйкес Мектепшілік,аудандық,сайыстарға қатысу Жоспарға сәйкес Тжіриелі мұғалімдердің сабағына қатысу Кестеге сәйкес Бала дарындылығын даралау Сәуір ІІІ. Педагогикалық-психологиялық білімді жетілдіру.
Р/с МақсатыБақылауІс-шаралар1. Дарынды, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жасау барысында мектеп психологымен диагностикалық жұмысты жетілдіру,педагогикалық тәжірибені жинақтау және қорландыру. Тұлға ретінде қарап, даралығын тану, өз беттерімен жұмыстануға жағдай жа-сау, байқау Облыстық, республикалық ғылыми конференция жинақтарындағы материалдармен ұдайы танысып отыру.
Педагогика және психология ғылымы саласындағы жаңа көз-қарастар және тәжірибелер мен танысып отыру, банк қорын жинақтау.
Мектеп кітапханасындағы білім беру саласына қатысты газет, журналдардағы әріптестердің жаңашыл ізденістермен танысу, педагогикалық банк қорын жинақтау.
2. Пән бойынша оқыту процесінде оқушының психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру. Сабақ өткізетін сы-ныптар бойыншаДеңгейлік тапсырмалар беру, үлге-рімін көтеру үшін жеке тапсырмалар беру.
ІV.Саяси-идеялық білімді жетілдіру.
Р/с Қажетті нормативтік құжаттар Маңызы Таныстым1. Қазақстан — 2030 бағдарламасыЕлбасының жыл сайынғы жолдаулары, бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу жолын-дағы жұмыстар үнемі
2. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері, ҚР Прези-дентінің жарлықтарыҚР мемлекеттік рәміздері (ту, елтаңба, әнұран) туралы Конституциялық заң 1996 жылы 24 қаңтарда белгіленген. үнемі
3. Қазақстан Республи-касының КонституциясыҚР Ата заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. үнемі
4. Қазақстан -2050 бағдарламасы Елбасының жыл сайынғы жолдаулары, әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыру дамыту жолындағы жұмыстар үнемі
5. Жыл сайынғы жолдаулармен танысып отыру. Ел ішіндегі өзгерістермен даму жолындағы жұмыстар үнемі
біліктілікті арттыру курстары
Қаласы, мерзімі Тақырыбы Сағат саны Сертификат
«Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» Қостанай қаласы Мектепалдағы денсаулық сақтау үлгісінің сабақтары 42 с 22.04.2008
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогқызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында 12-жылдық оқытуға көшу жағдайындағы мұғалімнің базалық білім компонентін күшейту ретінде оның кәсіби деңгейін арттыру факторы 72 с 19.12-28.12. 2012
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші деңгей үшінші (базалық) деңгей 3 ай 18.12.2013
конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге қатысу
семинар
Семинардың тақырыбы «Жаңа білімге заманауи көзқарас»
Мақсаты
Күн тәртібі
Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру.
Оқыту семинарының барысында Үшінші (негізгі) деңгейлік 3 айлық курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер-кластар жүргізу.
1*Теориялық бөлім:
бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.
2*Практикалық бөлім:
Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру
*Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру
Мұғалім іс-әрекеті Әріптестердің іс-әрекеті
1 Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру 2 «Мұғалім не үшін өзгеру керек?» –ой салу, әріптестердің жауабын күту. Сұраққа толық-қанда жауап беру.
3 «Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату Мұғалімнің берген үлестірме парағымен өз ойларын салыстыру
4 «Әлем өзгереді-без де өзгереміз» бейнематериал көрсету Бейнематериал бойынша негізгі ойды түйіп алу
5 І. Теориялық бөлім:
бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру. Бағдарламаның идеяларын талдау, білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, заман талаптарының күшеюі туралы ой қозғау, талдау.
6 ІІ. Практикалық бөлім:
Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру. Оқушы, ата-ана, мұғалім, мектеп топтарына бөліну.
7 Топ ережесін айқындау Бірлесе отырып топ ережелерін анықтау, белгілеу.
8. Топтың атына сәйкес ұранын анықтау. Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»
Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»
Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»
Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»
9 Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...» (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету» Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.
10. Қорытындылау: Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” Қорытынды ой: әріптестердің сөзі
11 Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.
12 Қосымша материалдар Бейнефильм «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз», топқа бөлу парақтары, «тілектер мен ұсыныстар» кітабы.
І. Теориялық бөлім:
Бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық Кембридж Университетінің емтихан кеңесімен өзара жинақтаған тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге тарату туралы Елбасының тапсырмасын (2011 жылдың 18-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы) жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды (ары қарай – ПШО).
Жарғыға сәйкес, педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады.
ПШО қазақстандық және халықаралық серіктестерімен бірге Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының деңгейлік бағдарламаларын құрастырды (бірінші (жетілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).
Деңгейлік бағдарлама мазмұнының басым бағыттары негізінде өзекті тақырып аумағында келесі модулдер анықталды:
Суреттегі аударма: бірінші (жетілдірілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).
Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер
Сыни ойлауға оқытуОқыту үшін бағалау және оқытуды бағалауБілім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануТалантты және дарынды балаларды оқытуОқушылардың жас ерекшеліктері қарай білім беру және оқытуОқытудағы жетекшілік пен көшбасшылықДеңгейлік бағдарламаны жүзеге асыру аясында оқыту-әдістемелік материалдар құрастырылды. Оның өзегі:
Курс алдында берілетін тапсырмаларЖаттықтырушыға арналған жетекшілік құралдарМұғалімге арналған жетекшілік құралдарМектептегі практика кезінде орындауы тиіс тапсырмаларПШО білім порталындағы құрылымдық оқыту материалдары.
Барлық материалдар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады және ПШО сайтына орналастырыладыwww.cpm.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 29-желтоқсандағы №1440 Қаулысына енгізілген толықтыруларға сәйкес «Мемлекеттік бюджет есебімен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлердің, ұйым жұмысшыларының, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесі туралы» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1424 қаулысы) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беруде оқыту бағдарламасын жүзеге асырушы, ДББҰ бағдарламасы бойынша біліктілікті көтеру курстарын өткен, сәйкестік деңгейіне сай сертификаттар алған: 3-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 30%, 2-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 70%, 1-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 100% қосымша ақы тағайындалады.
2013 ж. 4-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің №1 бұйрығымен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ оқыту бағдарламаларына сәйкес үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (жетілдірілген) деңгейлері бойынша біліктілік көтеру курстарына педагогикалық кадрларды қабылдау мен таңдау шаттары нақтыланған педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқау бекітілді.
Бұл нұсқау деңгейлік бағдарламаларды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын анықтайды:
3-деңгей бойынша дайындық – ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы» Акционерлік қоғамы (ары қарай – «Өрлеу» ҰБКО» АҚ) және оның филиалдары;
2-деңгей бойынша дайындық - ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» ҰБКО» АҚ;
1-деңгей бойынша дайындық - ПШО мен оның филиалдары.
Деңгейлік бағдарламаларды ұтымды жүзеге асыру және Зияткерлік мектептер тәжрибесін тарату үшін қалаларда ПШО 16 филиалы ашылды: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент.
Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің деңгейлік бағдарлама негізіндегі біліктілікті көтеру курстарында оқыту құқығына ПШО Кембридж Университеті эксперттері дайындаған және Халықаралық Кембридж емтихан кеңесі - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ сертификаты бар жаттықтырушылар ие. Көрсетілген уақыт аралығында үшінші (базалық) деңгей бойынша 304 жаттықтырушы, екінші (негізгі) деңгейі бойныша 165 жаттықтырушы, бірінші (жетілдірілген) деңгей бойынша 133 жаттықтырушы дайындықтан өтті. 237 жаттықтырушы Халықаралық Кембридж емтихан кеңесінің сертификатын алды.
Деңгейлік бағдарлама негізінде оқытылған педагогтардың кәсіби желілік қауымдастығы қызмет ететін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін құру мақсатында ПШО сайты құрылды. 2013 ж.сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес бүгінде сайтқа 10 600 қолданушы тіркеліп, 169 575 қонақ кірген, жалпы бір күндегі орта есеп – 3 218 қолданушыны құрайды.
Сайтта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум бар. Форум жұмыс істегелі 61152 хат жазылып, 6038 тақырып талқыланған.
ПШО сайтының порталында www.cpm.kz қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде деңгейлік бағдарламаға дайындалулары үшін оқыту-әдістемелік кешен орналастырылған, оны тіркелген әр қолданушы еркін түрде қолдана алады.
ПШО Кембридж университетінің білім Факультетімен бірге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінде 2012 ж. 08 маусымында № 12804 – Ж тіркелген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог» журналын шығарады.
Журналды шығарудағы мақсат - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Журналды шығару жиілігі үш айда 1 рет.
Есеп беру айналымындағы уақыт аралығында ПШО республика мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жөніндегі қазақстандық-британдық жобаның жүзеге асырылуы туралы екі фильм әзірленді, сонымен қатар атауы ортақ «Әлем өзгереді – біз де өзгереміз» атты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курсының тыңдаушыларының пікірлері жазылған эсселердің екі жинағы жарық көрді.
ІІ. Практикалық бөлім:
Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.
1.Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»
2.Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»
3.Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»
4.Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»
Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...» (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету» Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.
Қорытынды:
Сухомлинский сөзі: “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”
Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру
Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.
Осы орайда, семинарға қатысушылар келесі семинарды аталған мәселелердің шешімін табуға бағытталса деген ұсыныс білдірді. Семинар жұмысын қортындылай келе, келесі семинардарды мұғалімдердің сұраныстарына қарай ПШО (педагогикалық шеберлік орталығы) деңгейлік курстан өткен екі мұғаліммен бірлесіп өткізу жоспарланды. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланатынын ескерсек, барлық үміт өздеріңізде, құрметті ұстаздар!
Семинардың тақырыбы: «Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»
Күні: 06.11.2014ж
Уақыты: 10-00
Өтілетін орны: И.Сьянов атындағы орта мектебі
Қатысушылар: аудан мұғалімдері.
Жауапты мұғалім: Аяпбергенова А.Б. 3-деңгей мұғалім
Мақсаты: Оқытудың жаңа әдістерімен танысу
Күтілетін нәтижелер:
Мұғалімдер1.Оқытудың жаңа технологиялары туралы білімдерін жүйелейді
2.Топтық жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді;
3. «Кафе» , «Жәшіктегі сұрақтар» стартегиясын меңгереді;
4.Топ ішіндегі бағалау туралы түсінік алады.
Ресурстар: флипчарт, маркер,бағалау парақтары, открытка, жапсырғыш, рефлексия парақтары, тараптпа мәтіндер.
Семинардың жоспары:
I.Ұйымдастыру
Кіріспе.
Семинардың тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтижелері мен жоспары айтылған соң, мұғалімдерге Шопеннің « Весенний вальс» музыкасының сүйемелдеуімен « Көбелек» презентациясы көрсетілді». Бұл презентация арқылы ұстаздардың назарын тақырыпқа қарай аудару, ой тудыру мақсаты қойылды.
«Көбелек» презентациясы
ІІ.Теориялық бөлім
Презентация «: «Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»
ІІІ. Практикалық бөлім
1.Топ жұмысын ұйымдастыру; А) топтарға бөліну;
Ә) топ міндеттерін бөлу;
Б) топ ережесін құрастыру және қорғау;
Сергіту сәті « Ән жыры»
«Кафе» стратегиясы бойынша жұмыс
А) «Жаңа технологиялар» мәтінін жеке оқу (5минут)
Ә) Мәтінді топ ішінде талқылау (3минут)
Б) Постер құру (5 минут)
В) Әр топ мүшелері басқа топтарға барып «кафе меңгерушісінің» баяндамасын тыңдайды, өздерінің мәліметтерін қосады.
« Жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы
Әр топтан бір мүшесі жәшікке кіріп сұрақтарға жауап береді, қате жіберген жағдайда жәшіктен шыға алмайды. Бірақ өзінің топ мүшелері қолдау көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп жәшіктен шығара алады.
4. Көшбасшы арқылы бағалау
IV.Рефлексия.
Сұрақтарға жауап беру
V.Семинардың қорытындысы. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.
Пайдаланған әдебиеттер:
Жұмыс әдістері Мұғалімге арналған нұсқаулық 78-79бет
2_L2W1D1_«Не үшін ынтымақтастықта және өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажет» таныстырылымы
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ АСТАРЛАРЫСуранчиева З.Т. – аға оқытушы, Өтелбаева А.Қ.– оқытушы, (Алматы қ., ҚазмемқызПУ
Семинардың практикалық бөлімінде открыткалар қиындылары арқылы 3 топқа бөлінген мұғалімдер топ ішінде қызметтерін бөле отырып, топ ережелерін құрды. Содан кейін әр топ баяндаушы арқылы жұмыс нәтижелерін ортаға салып бөлісті.
Қорытындысында жалпы жұмыс ережелері қабылданып, тақтаға жазылды.
Ендігі кезек топ ішінде өзара оқыту «Кафе» стратегиясын меңгеруге келді. Әр топ мүшелеріне тақырыпқа байланысты «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты мәтіндер таратылып, 5 минут оқуға уақыт берілді.
Мұғалімдер мәтінмен танысу сәтінде
Келесі 8 минут оқылған ақпаратты топ ішінде талқылап, постер құруға арналды.
Топтық тапсырманы орындағаннан кейін әр үстел басында «кафе меңгерушісі» қана қалып, топ мүшелері басқа топтарға (кафелерге) « қонаққа барды» . Әр «кафе меңгерушісі» (баяндаушы) келген басқа топ мүшелеріне өздерінің жасаған постері бойынша тақырыпты түсіндірді, содан кейін келген қонақтар өздері тақырып бойынша айтылмаған мәліметтерді қосып, постерге жазды. Бұл стратегия бойынша жұмыс жасағанда мұғалімдердің белсенділігі жоғары болғаны байқалды. Олар оқуға ұсынылған мәтінде болмаған мәліметтерді қосып отырып, өздерінің тәжірибелері туралы қызыға пікір алмасты.Сонан соң оларға постерлерінің қаншалықта өзгергенің , қандай ақпаратпен толғанына назар аударып, талқылау ұсынылды.
«Кафе» стратегиясы
«Кафе» стратегиясы бойынша алған мәліметтерді бекіту мақсатында, «жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы қолданылды. Әр топтан бір мүше кезекпен шығып ортаға қойған үлкен жәшікке еніп, басқа топ мүшелері тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.
«Жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы
Әр топ жұмысы лидер арқылы бағаланды. Бағалау критерийлеріне белсенділік, топ ішінде міндетін атқару деңгейі, ұйымшылдық енгізілді. Осы кезде мұғалімдер критериалды бағалаудың қаншалықты маңызды екенін айта кетті.