«Жар?ын іспен к?ллі ?лемді та? ?ылып, Жасай берсін елдігіміз м??гілік!» сынып са?аты
БҚО, Теректі ауданы
Подстепный ауылы
Подстепный қазақ ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Жунусова Шолпан Тыныштыбаевна
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!»
Мақсаты:білімділік – еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігінүлгі ету, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.дамытушылық - оқушының тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін кеңейту;тәрбиелік – оқушыларды елін, туған жерін халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу
Отан ананы, елді, табиғатты, жерді құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,қанатты сөздер,
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
Құрметті: ұстаздар, оқушылар!
«Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,
Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сіздерді еліміздің басты мерекесі 16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кунімен құттықтаймын.
— 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты. Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ. Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды
Бұл күнге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігіміздің арқасында қол жеткіздік.
Біздің президентіміз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік жайында «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық»деп ой айтса ағылшын жазушысы Ульиям Годвин «Барлық игіліктерден ең ұлы – тәуелсіздік деп пікір айтқан екен
Мұғалім:
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр әнім, Ел іргесі берік болсын – ұраным.Тәуелсіздік - өзіңді еркін сезіну.Салт – дәстүрім – қолдан түспес құралым.Тәуелсіздік не деп оны түсіндік,Тәуелсіздік – ар – ожданым кісілік.Адамға адам жолдас, бауыр туыс бол,Ел – жұртының алма құнын түсіріп – дей отырып кезекті оқушыларға берейік
Хор: Әнұран
1-оқушы Қалқаман Сарин
Тәуелсіздік
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!Кеше сенің келбетіңді арман ғып,Боданына бұғауландық басқа елдің.Бабалардың басын тігіп бәйгеге,Аналардың жанарына жас бердің!Уа, Еркіндік,қош келдің!Өзегімді өртке ораған қоғамда,Өз үйіме өзім өгей болам ба?!Алшаң басып жүре алмаса алты алашАзаттығым! Қадірің де жоқ онда!...Саған жету қиын болса қаншалық,Сақтап тұру қиынырақ одан да!Алла берген азаттықтың әр сәті-Аманат қой Маған, Саған Оған да!Саясатқа сермей алмай семсерді,Езгі күнге тер іқылдым еңсемді!Желтоқсанда жалын атып жастығым,Құрса болған темір қоғам теңселді!Есте даңқы қыршындардың қалдыма,Сексен алты ерлігімбе-ей, ең соңғы!?Уа, еркіндік,Құның немен өлшеңді!?Уа, еркіндік!Құныңнеменөлшенді?!Сені көксепБоздақтарым өлсе өлді!Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,Ең шуақты,Ең шырайлы,Ең шерлі!Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-Құдайберген ғұмырымда өлшеулі!
2-оқушы
Мағжан Жұмабаев
ҚАЗАҚ ТIЛI
Күш кемiдi, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады.
Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құсты қос қанаты қырқылды,
Күндей күштi күркiреген ел тынды.
Асқар Алтай — алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды!
Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыржойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кеңтiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
3-оқушы Родина
Орындайтын Тулегенова Асем
ӘН: орындайтын: Жасыбек Томирис
Қайралы Гүлім
4-оқушы
Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!5-оқушы
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым,Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
6-оқушы
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің
7-Оқушы
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
Хор: Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені - Қазақтың асқақ беделі. Махаббат, қайрат екеулеп, Шымырлатқаны денені. Көк тудың желбірегені - Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту Жан емес,
Маған керегі- Көк тудың желбірегені. .
Көк тудың желбірегені- Елдіктің асқақ өлеңі, Әр жаққа тартпай, қазағым, Бір сөзге жинал дегені. Көк тудың желбірегені - Бақыттың елжірегені, Қиырда қалған қазақтың Көзінің мөлдірегені.
8-оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
9-оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
10-оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
11-оқушы
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болсын қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
12 - оқушы
Қиындықты көп көрген ел екенбі3
Жылдан жылға дамыған берекеміз
Тойымыз тойға ұласып,шаттанайық
Халайық құтты болсын мерекеміз!
13 - оқушы
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Би орындайтын: Сериккалиева Ақтолқын
Көрініс: «Әже мен бала»
Рольдерде: Әже-Құсайынова Альмира
Бала-Айтлес Аманбек
Алтын адам-Жанғожа Әділ
Бала жүгіріп әжесіне келеді. Бала: Әже-әже, не істеп жатырсың? Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. Бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не? Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе? Әжесі: Айта ғой,құлыным! Бала: Күміс күй мен әнге толып тұла бой, Қуанышқа кенелтеді асыл ой. Шаттандырған баласы мен бабасын, Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той. Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін. Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым. Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным. Бала: Ассалаумағалейкум ,ата! Сіз кім боласыз? Алтын адам: Мен сендердің бабаларың болам. Аман қалған шабуылдан жүздеген, Батыр халық екенбіз ғой біз деген. Аямаған жұрттан нанын тұзбенен, Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. Өзіңдікі-елің де, Өзіңдікі- жерің де. Өзіңді-өзің еткен бақ, Тәуелсіздік төрінде. Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. Бала ұйқысынан оянады. Бала: әже,әже, қайдасың? Әжесі:-Оу,құлыным,не болып қалды? Бала: мен түс көрдім. Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің? Бала: Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді. Әжесі: Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі. Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр.
(Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.). Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алғаналған
қолындағы Т әрпі жазылған шарын ұшырады; Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген деп, Ә әрпі жазылған шарын ұшырады; Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі деп, У әрпін ұшырады; Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу деп, Е әрпін ұшырады; Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың деп, Л әрпін ұшырады; Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді деп, С әрпін ұшырады; Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға деп, І әрпін ұшырады; Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын деп, З әрпін ұшырады; Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын деп, Д әрпін ұшырады; Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына деп, І әрпін ұшырады; Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі деп, К әрпін ұшырады. Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. Б.Тілеухановтың «Жасай бер, жаса Қазақстаным» әнін сынып болып орындайды
Хор:Жасай бер жаса Қазақстаным
Арайлап таңым асқақтап тауым Ән ойнап көгім күй тартты елім Қол жетті міне аңсаған күнге Жасай бер жаса Қазағым менің Қазақстаным жасыл орманым Қуанышымды жасыра алмадым Аңсаған бабам аңсаған елім Бостандық еді-ау асыл арманым Елім менің аңсаған Тас бұғаудан босаған Құтты болсың отауың Берік болсын оу босағаң
Қорытынды
Жасай бер жаса Қазақстаным Жасай бер жаса Қазақстаным
Арайлап таңым асқақтап тауым Арайлап таңым асқақтап тауымӘн ойнап көгім күй тартты елім Ән ойнап көгім күй тартты елімҚол жетті міне аңсаған күнге Қол жетті міне аңсаған күнгеЖасай бер жаса Қазағым менің Жасай бер жаса Қазағым менің
Қазақстаным жасыл орманым Қазақстаным жасыл орманымҚуанышымды жасыра алмадым Қуанышымды жасыра алмадымАңсаған бабам аңсаған елім Аңсаған бабам аңсаған елімБостандық еді-ау асыл арманым Бостандық еді-ау асыл арманымЕлім менің аңсаған Елім менің аңсағанТас бұғаудан босаған Тас бұғаудан босағанҚұтты болсың отауың Құтты болсың отауыңБерік болсын оу босағаң Берік болсын оу босағаң
Жасай бер жаса Қазақстаным
Арайлап таңым асқақтап тауым Ән ойнап көгім күй тартты елім Қол жетті міне аңсаған күнге Жасай бер жаса Қазағым менің
Қазақстаным жасыл орманым Қуанышымды жасыра алмадым Аңсаған бабам аңсаған елім Бостандық еді-ау асыл арманым Елім менің аңсаған Тас бұғаудан босаған Құтты болсың отауың Берік болсын оу босағаң
Жасай бер жаса Қазақстаным Жасай бер жаса Қазақстаным
Арайлап таңым асқақтап тауым Арайлап таңым асқақтап тауымӘн ойнап көгім күй тартты елім Ән ойнап көгім күй тартты елімҚол жетті міне аңсаған күнге Қол жетті міне аңсаған күнгеЖасай бер жаса Қазағым менің Жасай бер жаса Қазағым менің
Қазақстаным жасыл орманым Қазақстаным жасыл орманымҚуанышымды жасыра алмадым Қуанышымды жасыра алмадымАңсаған бабам аңсаған елім Аңсаған бабам аңсаған елімБостандық еді-ау асыл арманым Бостандық еді-ау асыл арманымЕлім менің аңсаған Елім менің аңсағанТас бұғаудан босаған Тас бұғаудан босағанҚұтты болсың отауың Құтты болсың отауыңБерік болсын оу босағаң Берік болсын оу босағаң
Көрініс: Бала жүгіріп әжесіне келеді. Бала: Әже-әже, не істеп жатырсың? Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. Бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не? Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе? Әжесі: Айта ғой,құлыным! Бала: Күміс күй мен әнге толып тұла бой, Қуанышқа кенелтеді асыл ой. Шаттандырған баласы мен бабасын, Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той. Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін. Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым. Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным. Бала: Ассалаумағалейкум ,ата! Сіз кім боласыз? Алтын адам: Мен сендердің бабаларың болам. Аман қалған шабуылдан жүздеген, Батыр халық екенбіз ғой біз деген. Аямаған жұрттан нанын тұзбенен, Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. Өзіңдікі-елің де, Өзіңдікі- жерің де. Өзіңді-өзің еткен бақ, Тәуелсіздік төрінде. Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. Бала ұйқысынан оянады. Бала: әже,әже, қайдасың? Әжесі:Оу,құлыным,не болып қалды? Бала: мен түс көрдім. Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің? Бала: Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді. Әжесі: Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі. Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр.
(Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.). Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алғаналған
қолындағы Т әрпі жазылған шарын ұшырады; Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген деп, Ә әрпі жазылған шарын ұшырады; Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі деп, У әрпін ұшырады; Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу деп, Е әрпін ұшырады; Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың деп, Л әрпін ұшырады; Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді деп, С әрпін ұшырады; Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға деп, І әрпін ұшырады; Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын деп, З әрпін ұшырады; Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын деп, Д әрпін ұшырады; Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына деп, І әрпін ұшырады; Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі деп, К әрпін ұшырады. Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. Б.Тілеухановтың «Жасай бер, жаса Қазақстаным» әнін сынып болып орындайды
(Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.). Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алған
Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген ,
Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі
; Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу
Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысы
Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді
Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға
Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын
Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын
Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына
Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. Б.Тілеухановтың «Жасай бер, жаса Қазақстаным» әнімен сынып түгел сахнаға шығады. Сынып жетекшісі шығып, мектеп директорына сөз береді. Соңы:
«Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына аманат Мақсаты: Жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету. Көрнекілігі: «Тәуелсіздік» туралы баннер, бейнебаян, слайдтар, т.б. Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу. Кіріспе: (Автор сөйлеп тұрады, көрінбей). Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой. Төңірегімізге осы тұрғыдан көз тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір өзіне ғана сеніп, көрмес жарықты көріп, бұйырмас ырзықты татып, сүйгізген ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Осылайша, біреуді көріп, шүкір етіп, біреуді көріп, пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты. (Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз туралы бейнебаян көрсетіледі «Тәуелсіздікке дейін). Көрініс. (Ақырын басып бір қарт шығады. Орындыққа келіп демалып отырады. Осы кезде немересі шығады). Немересі: Ата, не ойлап отырсыз? Атасы : Ә,балам, атаң не ойламайды дейсің? Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын! Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не? Атасы: Ә, балам «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы. Немересі: Ал ол қандай болған? Атасы: Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, Жәңгірді хан сайлапты.Сөйтіп ол өлер шағында ұрпақтарына мынадай аманат қалдырған екен. Әне қара, қызым! Сахна алдына Жәңгір хан шығады. Жәңгір хан: Әй балам, бері кел! Анау тұрған жебені әперші (бала келеді). Мә сындыр.(Біреуін сындырады. Екіншісін береді,сындырады. Үшеуін зорға сындырады, төртеуін сындырады, бесеу бергенде сындыра алмайды). Жәңгір хан: Не ұқтың, балам? Бала: Әке, бір жебе жалғыз –оңай сындырдым.Екіншісін де сындырдым.Бесеуін сындыра алмадым. Жәңгір хан: Иә, сонымен не айтарсың? Бала: Әке, ол бірігіп өмір сүріңдер деген өсиетіңіз шығар. Жәңгір хан:Иә, балам дұрыс айтасың. Бірлік түбі –береке, Береке түбі-мереке. Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен, Ел болуды ұстаңдар. Фанфар ойналады. Екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Армысыздар, тәуелсіз Ұлы дала ұрпақтары! 16 желтоқсан «Тәуелсіздік» күніне орай арналған 6 А сыныбының ««Тәуелсіздік» – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! 2-жүргізуші: Қайырлы күн, Тәуелсіз мәңгілік қазақ елінің азаматтары! Ата-бабамыз арман еткен, өз өмірін қия отырып, алып берген тәуелсіздігіміз баянды болғай! 1-жүргізуші: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Құшақ жая таныстым сан тіліммен. Жаман үйді қонағы билейді деп, Қала жаздап айырылып өз тіліммен. Өзге тілге еліктеп ел болмайық, Қазағымның артық жоқ өз тілінен. Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын, Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың. Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым. 2-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім. Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске Айта бергім келеді, айта бергім. Ұлы аманат етейін еркіндікті, Ел құлдықты білмесін жер кіндікте Аңсаймын мен сенемін туады ертең, «Қазақ болу» зор бақыт күндер тіпті. 1-жүргізуші: Өлеңнің сөз маржанын терейінші, Алқадан сөз бастап бір берейінші. Қазақтың мың толғаған күйі болып, Қобыз боп құлақтарға енейінші. Бабалар армандаған – тәуелсіздік, Ақындардың жырлағаны – тәуелсіздік. Еркіндік, елдік берген – тәуелсіздік. Ұрпақтарға аманат – тәуелсіздік. 2-жүргізуші: Тәуелсіздік елімнің сөнбес шырағы, Сарқылмайтын қазағымның бұлағы. Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, ұлы сөз, Көк аспанда қалықтаған қыраны. Тәуелсіздік – баршамызға жарық күн, Тәуелсіздік – баршамызға тыныш түн. Арайлап атқан күн мен батқан түннің, Мазмұны Әнұранда шырқалып тұр. Гимн орындалады. (Бейнебян жалғастырылады). 1-жүргізуші: Келді алдыңа алыстағы азат күн, Өзіңді өзге елдің шырмауынан босаттың. Намысыма тиме менің адамзат, Өйткені мен қайсар жүрек қазақпын. 2-жүргізуші: Еңсеңді көтер, жазира дала жерің бар, Туыңды көтер болашақпен жастарға деген сенім бар. Түспесін сенің еңсең мен туың әрқашан, Өйткені, тәуелсіз Қазақстан деген елің бар. 1-жүргізуші: «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2-жүргізуші: Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі - тәуелсіздік сөзі. 1-жүргізуші: Енді Тәуелсіздік туралы оқушыларымыздың білімдеріне көз жүгіртіп көрсек қайтеді? 2-жүргізуші: Иә, Тәуелсіздік туралы сұрақтарымызды қояйық онда, талапкерлерге. Сұрақтарға назар аударыңыздар: 1-жүргізуші: Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? (Түркия астанасы Анкарада) 2-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қандай деректі фильмдер түсірілді? ( «Жаңа тарих- жарқын тұлға» 1-жүргізуші: «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды? ( 2006 жылы 7 қаңтар) 2-жүргізуші: Астана туралы қандай фильм түсірілді? ( «Астана –Отанымыздың жүрегі») 1-жүргізуші: «Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? ( 91 метр, құс мүсінінің салмағы 2,5 тонна) 2-жүргізуші: Қазіргі Астана қаласының орны ежелгі кезде қалай аталған? (Бозоқ қаласы) Жүргізушілер ауысады. 3-жүргізуші: Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау! Шыдамадым қапасқа, Кеңшілікке қаштым. Көндікпедім матауға, Асау атша бастым. Уһ, шырқап, зымырап, Сұңқардай зулап ұшайын! Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. 4-жүргізуші: Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Енді Тәуелсіздік шежіресіне көз жіберейік: Сыныптағы 24 оқушы шетінен шыға береді. Әр оқушыда бір жылдан, олар сол жылдардағы Тәуелсіздіктің жеткен жетістіктері туралы айтады. 1991 -2015 жылдар шежіресіне тоқталады. Бәрі айтып бітеді. Одан соң, мұғалім шығады: Ежелгі қазақ даласындағы елін, жерін қорғау үшін жүргізілген шайқастар, мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймыз. Енді, «Тәуелсіздік» деген сөзді қалай түсінеміз? Соған тоқталайықшы. Кімде қандай ой бар? (Залдан оқушылар пікірі тыңдалады).
Көрініс: Бала жүгіріп әжесіне келеді. Бала: Әже-әже, не істеп жатырсың? Әжесі:Ой құлыным, мен ұршық иіріп жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. Бала: Әже,әже, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Әже, «Тәуелсіздік» деген не? Әжесі: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! Бала:әже, мен сізге тақпақ айтып берейін бе? Әжесі: Айта ғой,құлыным! Бала: Күміс күй мен әнге толып тұла бой, Қуанышқа кенелтеді асыл ой. Шаттандырған баласы мен бабасын, Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той. Әжесі: Ой ,ақылдым,өркенің өссін. Бала: Әже, мен ұйықтап алайыншы, шаршадым. Әжесі: Ұйықтай ғой, құлыным. Бала: Ассалаумағалейкум ,ата! Сіз кім боласыз? Алтын адам: Мен сендердің бабаларың болам. Аман қалған шабуылдан жүздеген, Батыр халық екенбіз ғой біз деген. Аямаған жұрттан нанын тұзбенен, Жомарт халық екенбіз ғой біз деген. Өзіңдікі-елің де, Өзіңдікі- жерің де. Өзіңді-өзің еткен бақ, Тәуелсіздік төрінде. Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. Бала ұйқысынан оянады. Бала: әже,әже, қайдасың? Әжесі:Оу,құлыным,не болып қалды? Бала: мен түс көрдім. Әжесі: Піссімілла,піссімілла айналайын, қандай түс көрдің? Бала: Мен түсімде Алтын Адамды көрдім.Ол маған жанып тұрған шырақ берді. Әжесі: Оу,құлыным жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген- бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі. Әне,әне жарқырап күн де шықты, тәуелсіздіктің таңы атып келеді, туымыз да биікте желбіреп тұр.
(Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.). Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алғаналған
қолындағы Т әрпі жазылған шарын ұшырады; Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген деп, Ә әрпі жазылған шарын ұшырады; Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі деп, У әрпін ұшырады; Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу деп, Е әрпін ұшырады; Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың деп, Л әрпін ұшырады; Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді деп, С әрпін ұшырады; Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға деп, І әрпін ұшырады; Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын деп, З әрпін ұшырады; Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын деп, Д әрпін ұшырады; Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына деп, І әрпін ұшырады; Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі деп, К әрпін ұшырады. Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. Б.Тілеухановтың «Жасай бер, жаса Қазақстаным» әнімен сынып түгел сахнаға шығады. Сынып жетекшісі шығып, мектеп директорына сөз береді. Соңы:
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік таңы
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы
ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларғажелтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
Кіріспе
-Қазақстан Республикасының гимні. Хор.
(Боран, дауысы).
Мұғалім сөзі
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда ,Сан перзентін қара жерге жерледі.
-Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Мұғалім сөзі
1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар айтылды.
Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.
Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
1-оқушы Ернар
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
2-оқушы
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата-баба аруағына сыйынып.
3-оқушы.
«Нашақор»-деп, «ұлтшыл»-деп,
Қазаққа күйе жаққан күн,
Базары кетіп, бір түнде
Қайғыға халық батқан күн.
4-оқушы.
Намыс үшін күрессең мазақтар кім?
Құлға айналу азабы азаптардың.
Қаны төгілді желтоқсан алаңында,
Бодандыққа көнбеген қазақтардың.
Көрініс
-Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат
-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесінде
Тергеуші
-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
-Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші
-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар... (сүйреп әкетеді).
-Желтоқсан желі өлеңі орындайтын,
__________________________________________________________
5-оқушы
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Мұғалім сөзі
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы , бостандығы егемендігі үшін күресті.
-Мың рет естігенше бір рет көр демекші назарымызды интнрбелсенді тақтаға бұрайық.
6-оқушы
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
7-оқушы
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
8-оқушы
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
9-оқушы
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
10-оқушы
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)
Хор Атамекен.
11-оқушы Үміт
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
Тәуелсіздіктің шыңы
1. 1991ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.
2. 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.
3. 1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.
4. 1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.
5. 1997ж. 10-қазанда «Қазақстан -2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынығ жарыққа шығуы.
6. 1998ж. Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы.
7. 1999ж. Ұлттық тұрғындар санағы.
8. 2000ж. Мәдениет жылы.
9. 2002ж. Денсаулық жылы.
10.2003ж. Ауылды дамыту жылы.
11.2004ж. Парламент мәжілісінің кезекті саййлауы.
12.2005ж. 4-желтоқсанда Бүкіл халықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы.
13.2006ж. «Қазақ елі» монументінің ашылуы.
14.2007ж. Қазақстанның 2010жылға Еуропа Қауымдастығы мен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі туралы шешім қабылданды.
15. 2008ж. Астананың 10 жылдық мерейтойы.
16. 2009ж. 25-ақпанда ҚР. Халықтық санақ жүргізілді.
17. 2011ж. Қаңтар –ақпан айларында ҚР. Халықаралық Азияда ойындары өтті.
18. 2012ж. 1-желтоқсан алғаш Президент күні болып жарияланды.
Хормен Қазақстан Туымен тұғырлы,
Елтаңбасы мен Еңселі.
12-оқушы Мейіржан
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып, тұр.
13-оқушы Ернар
Желдей еркін, түздей кең қандай азат,
Мен қазақпын деген де қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын
Жетер сан жыл шеккені азап.
14-оқушы Темірлан
16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн,
Үміті боп елінің.
15-оқушы
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
17-оқушы
Қуанбас ем күлмес ем,
Отан снеі сүймесем
Сенің арқаң гүлденсем
Анам да сен, үй де сен.
18-оқушы
О, Отаным сен маған,
Өмір бердің шуақты,
Білек бердің талмаған
Жүрек бердің қуатты.
Сол қуатпен от қоссам,Өзіңнің бір шоғың боп,
Керек етіп оқтасаң
Атылам бір оғың боп.
19-оқушы
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
20-оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
21-оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
22-оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
Мұғалім сөзі
Халқымыздың егемендік жолында құрбан болғандарын дәлелдеп желтоқсан қаһармандарын ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
Әділдікті қолдаймыз
Жазықсызды қорғаймыз
Құрбандарды ақтауға
Жаратылған жандаймыз.
Ашылмаған шындықтың,
Іздеп жүрсіз жауабын,
Неше түрлі сұмдықтың
Біліп обал сауабын.
Қайратты жан екенсіз
Ақтатқан батыр Қайратты
Желтоқсанда қазақ та,
Сіздей ермен ардақты.
Көрініс Күй «Детство»
«Мейіржанның хаты»
-Мейіржан сен не жазып отырсың?
-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.
-М-м-м.
Құрметті Нұрсұлтан ата!
Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді
ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.
Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі. Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын, ата! «Бала
болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз. Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол. «Тәуелсіздігіміздің 22жылы құтты болсын»!
Мұғалім сөзі
-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде «Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.
Хор Егемен Қазақстан 3 а сынып оқушылары
Желтоқсанға қатысқан «Желтоқсан қаһармандарына» сөз кезегі беріледі.
Мектеп әкімшілігіне сөз беріледі.
Егемен-Қазақстан.
Көз жетпес далам, ел жетпес елім
Арнайды әнін жауынгер ұлың
Жау шапса саған, жас жаным құрбан
Отаным менің, О, елім менің.
Қайырмасы 2 рет:
Қазақтың елі, қазақтың жері
Береке қонған ұлы Отан.
Асқар тауларың, өзен көлдерің
Жаныма қымбат Ұлы Отан.
Сұңқары биік самғаған елім,
Қанатын көкке қомдаған елім
Кел достар, қане, шырқайық бірге
Бостандық әнін,
Қайырмасы.