Жеке т?л?аны адамгершілік-рухани ба?ытта т?рбиелеудегі «?зін-?зі тану» п?ніні? к?кейкестілігі (3 сынып)


Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзітану» пәнінің көкейкестілігі Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің
біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге
тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға,
өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар
аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы
онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас
ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы
рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу
міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі
тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.
 «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты -
жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға
баулу, оқушылардың, студенттердің өзін оңды қабылдауын
қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық
ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының
(ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік
бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.
 «Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуының
білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан
қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен
тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық
құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы
құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен
өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік
береді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы
мақсаттарға негізделеді:
 - Әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін
түсінуіне ықпал ету;
 - Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар
мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал
ету;
 - Өзінің өмірлік позициясын анықтау;
 - Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті
шешу;
 - Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас
жасау; - Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және
жақындарына қамқорлық көрсету;
 - Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы
болу;
 - Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы,
сөзі мен ісіне жауапты болу;
 - Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
 Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке
тұлғаның өзін-өзі анықтау, студенттердің ерекшеліктерін ескере
отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына
ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, жоғары мектеп пен
отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы
жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды
алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда.
 Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді
қамтиды:
 - Адамның өзін-өзі тануы;
 - Адам және қоғам;
 - Адам және қоршаған орта;
 - Адамзаттың рухани тәжірибесі.
 Өзін-өзі тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру
процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере
отырып жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты
әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану,
қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты
түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан студент ойлана алатын,
өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла
түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді.
 Өзін-өзі тану сабақтарында оқытушымен ашық диалог жүргізіледі,
әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-
қатынас әлемі зерттеледі, өмірдік бақылаулары бойынша пікір
алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.
Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау
әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар,
ойлану-сабақтары, пікір-сайыс, театрландырылған сабақтар,
шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері
пайдаланылады.
 Міндеттер: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын,
қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің
саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.
 2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін
студенттердің жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау. Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай деңгей бойынша
қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр:
 Күтілетін нәтижелер: - өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға,
адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді. Күтілетін
нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және
ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші
жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және
олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің
көрсеткіші болып табылады және студенттердің оқу жетістіктерін
бақылауға мүмкіндік береді. Осы күтілетін нәтижелер міндетті түрде
оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін
бағдар және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын құрал қызметін
атқарады, әрбір пәннің құндылықтық мәнін ашуға бағдарланған, оқу
процесін жобалауға жағдай тудырады.