Экология п?нінен саба? жоспары К?рікті к?ктем


Ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінің жоспары
Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Қатынас.
Сабақ: Экология негіздері
Тақырыбы:Көрікті көктем
Мақсаты:1.Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар,өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер,адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы мағлұмат беру.2.Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу,бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.3.Еңбексүйгіштікке,табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұя,жер,егін,гүлзарлар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.
Жаңбыр,жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауласын.
2.Жаңа сабақ.
Тәрбиеші көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар,жануарлардың өміріндегі өзгерістер,өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді.
-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.
-Көктемнің алғашқы айы – наурыз.Бұл айда күн жылынып,қар еріп,жылғалардан су ағады.Сай – сала суға толады.
Сәуір айында жер беті көгеріп,ағаштар бүршік атып,айнала құлпырып кетеді.Жаңбыр жиі жауады.
Мамыр айын «Ән айы» деп атайды.Өйткені құстар балапан басады,тоғай, гүлзарлардың ішінде,көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естисің.
Сондықтан көктем – жылдың ең тамаша мезгілі.
Жер жыртады,егін,бау – бақша салады.Гүлзарларды гүл егуге дайындайды. Ағаштардың түптерін қопсыту,құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі.Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы:ұзақ,шұбар, шымшық,таңшымшық, қараторғай сияқты құстар.Ал жәндіктермен қоректенетін құстар – қарлығаш,ұзынқанат қарлығаш,көкек,бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы,мамыр айларында ұшып келеді.
Сергіту сәті:
Қанат жаям жалма – жан,
Талпынғандай ұшуға.
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
3.Әліппе – дәптермен жұмыс жүргізу:
А)Б.Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқу.
4.Бекіту.
«Бұл қай кезде болады?» - дидактикалық ойыны.Шарты: жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсету,сол бойынша әңгіме өткізу.
5.Қорытынды:
-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.
-Көктем айларын ата.
Күтілетін нәтиже:көктем мезгілінде табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы;
Білуі тиіс:көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.
Түсінігі:адамдардың көктемгі пайдалы іс – әрекеттерін білу.
Көрсете білуі:суретті ретімен орналастыру.