Астананы? к?рікті жерлері та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары (4 сынып).
Ашық сабақ жоспары
Мерзімі : 10.12.2016ж. Сыныбы: 4 «Б» Пәні : қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Астананың көрікті жерлері.
Білімділік: Оқушыларға «Астана» тарауына тиісті сөздерді, өтілген материалдарға сүйене отырып меңгертіп, тілдік қатынаста қолдануды үйрету. Өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сіңірген еңбегін білуге, құрметтеуге,мақтан тұтуға баулу.
Дамытушылық: Тіл дамыту, ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік : Тілге деген қызығушылықты арттыру, Отанын, елін сүюге, патриоттық сезімдерін ояту. Отанының адал азаматтары болуға тәрбиелеу.Астана қаласы туралы кеңірек мәліметтер беру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақты көрнекіліктермен қамту: Слаидтар көрсетілімі: Н.Ә. Назарбаевтың портреті, ҚР картасы, Астананың көрікті жерлерінің суреттері, сөзжұмбақ, сызба-кесте, үлестірме карточкалар, тест жұмысы.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, орыс тілі, география пәндері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Актуализация ( Өзектілік) (Бұл бөлімде оқушылар жаңа сабақты игеруге білім негізі жоспарланады, ертеректе алған білімді тереңдету, үй жұмыстарын өз-өзін тексеру)
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Үйге берілген тапсырма: «Астана» туралы әңгімелеу.
Бұл тақырыпты 2-3 оқушы әңгімелейді. Оқушыларға білім деңгейлері 3 түрлі жетонмен анықталатынын айту.
Қызыл түсті жетон: «5»
Жасыл түсті жетон: «4»
Қоңыр түсті жетон: «3»
Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, балалардан «Туған жер», «Отан» тақырыбында қандай мақал-мәтел білетіндерін сұрау. Балалар, енді «Астана» туралы қандай өлең-тақпақ білесіңдер?
Оқушылар өлең-тақпақтарын айтады. Жақсы балалар, олай болса бүгінгі сабағымызда өздерің айтқан Астананың көрікті жерлерімен танысамыз.
Жаңа сабақтың тақырыбын айту: « Астананың көрікті жерлері». Сабақты бастамас бұрын, сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар, өткен сабақта «Астана» қаласы жайында мәлімет алғанбыз. Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқанын картадан көрейік. Картадан көрсету.
Еліміз кең-байтақ. Оңтүстіктен-солтүстікке, батыстан-шығысқа созылып жатыр. Еліміздің астанасы- Астана қаласы. Астана-тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі. Астана қаласының бүгінде гүлденіп, көркеюіне еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев үлкен үлес қосты.
Президенттің басшылығымен табиғаты суық, бораны мен дауылы үнемі соғып тұратын бұл өлке- жас Астанаға айналды. Жаңа астана салу көп күш пен жігерді қажет етті. Қиындыққа мойымай Астана салынды. Бүгінде тоғыз жолдың торабы тоғысқан бұл аймақ сауда-саттық, саяси, экономикалық, мәдени орталыққа айналды. Енді балалар, елбасымыз салған Астананың көрікті жерлерімен танысайық. Слаидтан көрсету, түсіндіру.
Астананың көрікті жерлері
Мәтінмен жұмыс жүргізілді.
Астананың көрікті жерлері
Астана- Қазақстан Республикасының астанасы. 1929 жылдан Алматы қаласы еліміздің астанасы болған. 1998 жылдан бері Астана қаласы Астана болып бекітілді. Астана қаласының бұрынғы атауы Ақмола. Астананың көрікті жерлері: «Бәйтерек» монуметі. Монументтің авторы сәулетші Ақмырза Рүстемов. Ақорда-Президент резиденциясы. Астанада Нұр Астана мешіті «Хан шатыры» ойын-сауық орталығы, Парламент ғимараты, Президент сарайы, Есіл өзені, «Думан» ойын сауық орталығы,оның ішінде «Мұхитарал»- түрлі балықтардың мекені, «Пирамида» кешені бар. Астана мемлекеттің саяси-экономикалық, мәдени орталығы. Астана қаласы жылдан-жылға көркейіп,гүлденуде.Астана лауазымды адамдар мен мемлекет басшыларымен кездесулердің,әлемдік деңгейдегі келіссөздердің жиі жүргізілетін орталығы болып табылады.
Сөдікпен жаңа сөздер түсіндіріледі.
Сөздік
Есіл өзені- река Ишим
Президент сарайы-Дворец Президента
Саяси-политический
Экономикалық-экономический
Мәдени орталық- культурный центр
Көшелер кең,түзу-улицы широкие, прямые
Көрікті жерлері-достопремичательности
Жылдан жылға-из года в год
Көркеюде-процветает
Жаттығу орындалды.Жұппен,топпен жұмыс жүргізілді.
2-жаттығу. Сөздерді көпше түрде жаз.
Өлең... Республика..
Тоғай... Адам...
Өзен... Жер...
Көл... Тағам...
Ауыл... Ұлт...
Қала... Өсімдік...
Халық... Жануар...
Тау... Құс...
Тақтамен жұмыс болады.
Сергіту сәті өтеді. Сабақ пысықталды.Оқушылар « Астана» тірек сөзін пайдаланып,сөз тіркестерін жазады.
Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында, жаңа сабаққа байланысты тест тапсырмасы орындалады.
Тест
Астана қай мемлекеттің астанасы?
а) АҚШ
ә)Ресей
б)Қазақстан
Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
а)Есіл
ә)Ертіс
б)Есентай
Астана қандай орталық?
а)аудан,орталық
ә)саяси,экономикалық,мәдени
б)облыс орталығы
Астана символы не?
а ) «Бәйтерек» монументі
ә) театрлар
б) ескерткіштер
«Бәйтерек» монументінің авторы кім?
а) Абай Құнанбаев
ә) Мұқағали Мақатаев
б)Ақмырза Рустемов
6. Астана қаласы қай жылдан бері Астана деп аталды?
а) 2001 жыл
ә) 2000жыл
б)1998 жыл
7. Биыл ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толды?
а) 24жыл
ә)15жыл
б)22жыл
8. 1-желтоқсан қандай мереке?
а) Білім күні
ә) Тұңғыш Президент күні
б)Балаларды қорғау күні
9. ҚР Тәуелсіздік күні қай күн?
а) 16-желтоқсан
ә) 22-наурыз
б) 1-қаңтар
10. Астанада қандай көрікті жерлер бар?
а) саябақ
ә)Ақорда,Бәйтерек монументі
б) мектеп,дүкендер
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берілді. Сөзжұмбақ шешілді.
Сөзжұмбақ
А С Т А Н А 1-Қазақстан астанасы
2-Астанадағы өзен
3-Монумент атауы
4-Астанадағы ойын-сауық орталығы
5-Астанадағы балықтар мекендейтін орын
6-Астананың бұрынғы атауы
Сабақты бекіту сұрақтар арқылы жүзеге асады.
Сабақты бекіту
Мен нені меңгердім?
1.Отан деген не?
2. Сендердің Отандарың қай Республика?
3.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
4.Астананың қандай көрікті жерлері бар?
5. Сен Отанынды сүйесің бе?
6. Отан үшін не істей аласың?
Оқушылардың еңбектері, білімдеріне сай бағаланады. Үйге берілетін тапсырма түсіндіріліп, айтылады.
Үйге тапсырма:
«Астананың көрікті жерлері» тақырыбына шағын шығарма жазу