?зін-?зі тану п?нінен ашы? сба? Ма?тану — ма?танша?ты? емес
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№10 Мерзiм: 21.02.2017 ж. №24сабақ
Тақырып: Мақтану – мақтаншақтық емес
Құндылық: Дұрыс әрекет.
Қасиеттер: кішіпейіл,қарапайымдылық
Мұғалiм: Абдикаимова Гулзат Сериковна
Сынып: 3 «Б»
Сабақ мақсаты: Балалардың кішіпейіл, қарапайымдылық сияқты қасиеттер туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс іс-әрекет құндылығының мағынасын ашу.
Міндеттері:
мақтану, мақтау, мақтаншақ болмау туралы түсініктерін қалыптастыру;
жағымды жағымсыз қылықтарды ажырата білу іскерліктерін дамыту;
кішіпейілділікке қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Ресурсы: үнтаспа, көрнекіліктер, нақыл сөздер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
5 «Т» ережесін еске салу.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
2.Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат.
Мұғалім: - Балалар, ыңғайланып отырамыз да, қолдарымызды тізеге немесе үстел үстіне қоямыз, аяқтарымызды айқастырмаймыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлең шумақтарын жатқа айтады.
Өлең шумағындағы «Бес дұшпанды» ататаңдар?
«Мақтаншақ» адам қандай болады деп ойлайсыңдар?
«Мақтаншақтық» және «мақтану» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер қандай істеріңмен мақтана аласыңдар?
Сендердің мақтаншақтық қасиет танытқан кездерің болды ма?
Ребус шешу.
Шешуі: Мақтану – мақтаншақтық емес.
Сабақ барысын талқылау:
4. Дәйексөз.
«Мақтаншақ кісі – менмен кісі,
Менмендік – адамның міні»
Жүсіпбек Аймауытов
Даналық сөзідің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып,толықтыру арқылы ой қорытылады.
Мақтаншақтық ұятқа қалдырып, ыңғайсыз жағдайларға душар етеді, өтірік айтып, өзін басқалардан ақылды санайды. Ол адамға ешкім жақындағысы келмейді. Сондықтан да үлгі боларіспен мақтануға болады, ал мақтаншақ болмау керек.
«Мақтану», «мақтаншақтық» - үш тілде айту.
Мақтану-хвастаться-brag, мақтаншақтық-хвастовство-boast.
5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы (10 мин)
«Күшік пен мысық». Ертегі.
Қасқырдың мақтануы дұрыс па? Неліктен?
Ал күшіктің мақтануы ше? Неге?
Күшіктің мақтаншақтығы неге алып келді?
Мақтану-мақтаншақтық емес дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендердің мақтанған кездерің болды ма? Қандай жағдайда?
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Жарнама».1-топ: Достарын жарнамалайды.2-топ: Өз мұғалімдерін жарнамалайды3-топ: Оқулықты жарнамалайдыМәтінмен жұмыс. Кітаптағы «Алтын мүйіз» ертегісін балалар кезекпен оқып шығып, сұрақтарға жауап береді.
Бұзау неліктен «Алтын мүйіз» атанды?
Иесі бұзауды қалай бақты?
Ауыл адамдары бұзауды қалай бағалады?
Өз бейнесін су бетінен көрген бұзау қандай ойға қалды?
Алтын мүйіздің іс-әрекеті мақтануға жата ма, мақтаншақтыққа жата ма? Неліктен?
Мақтаншақ бұзау қайда кетеді?
Ол мақтаншақтығынан қандай қиындықтарға тап болады?
Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Сергіту сәті
Сахналау. Әр топ өзіне берілген мәтінді сахналап көрсетеді. 1 -топ тапсырмасы. Үш оқушы бірігіп журналды қаптайды, бірақ Аян: Мен қаптадым,- дейді. Оған Азамат пен Тамерлан оған үндемейді. Мұғалім естуінше, үшеуі істегенін айтқанда Аян: Иә, үшеуіміз жасағанбыз, -дейді. 2-топ тапсырмасы. Інжу қалалық баскетбол жарысынан 2 орынды жеңіп алды. Сыныпқа келіп, «Мен екінші орын алдым»- деп айқайлады. Сынып оқушылары Інжудің жеңісіне шаттана қуанды. 3-топ тапсырмасы. Шаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Алихан достарына: «Мен ертең таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйренсем де, жаттықтырушым рұқсат етті»,- деді. Балалар оған күмәнданып, қарады.
Дәптермен жұмыс Балалар «Менің ойымша......» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларын жазады.
«Ішіне сыртына» стратегия әдісі. Ішіне – мақтан тұту, жағымды жағы. Сыртана – мақтаншақтық, жағымсыз жағын жазу.
Сөзжұмбақ. «Мақтану».
М А Қ Т А Н У Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлауы, адамдарды ардақтауы. (Құрметтеу).
Адам бойындағы таза ниет. (Адалдық).
Адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық істеу, үлкенге көмек көрсету. (Қамқорлық).
Биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті деген ұғымды білдіреді. (Әдептілік).
Адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы. (Жанашырлық).
Жақсы балаға тән қасиет. (Шыншыл).
Күлімдеп, ақ жарқын жүретін адамның көңіл күйі. (Қуану).
7.Топпен ән айту. Айгерім Қалаубаева «Ертегілер әлемі».
Ғажайып түс көрдім,Таң ата мен бүгін,Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,Нұрына шомылдым бүгін.Жұлдыз, айы көркем,Әдемі еді неткен,Құстары сөйлейді,Бұлттары тербейді,Мен оянып кеттім, әттең! Қ/сы: Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер? Ертегілер, ертегілер, Неге мені ертпедіңдер, Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бұлттардан, Әр гүлде бір арман,Таусылмайтын тәтті,Сый әкеліп жаттыЖан біткеннің бәрі маған. 8.Үй тапсырмасы.
Балалар сендер кімді мақтан тұтасыңдар? Сол туралы өз ойларыңды жазып келіңдер. Мыс; Мен анамды мақтан тұтамын. Өйткені ...
Мен әкемді мақтан тұтамын. Өйткені ...
9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Мұғалім сабақты балаларға былайша аяқтауға ұсынады:- Балалар, мақтаншақтық пен мақтан тұтуды ажырата білдік. Мақтаншақтық жағымсыз қылық болса, мақтан тұту – өнеге, үлгі алу, жақсы әдеттерді үйретеді. Мысалы, сендер кімді мақтан тұтасыңдар? Соны қалай жеткізер едіңдер? Айтып көріңдерші.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бойымыздағы осынай жақсы қасиеттердің барлығын жүрегімізге сақтап алайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады». Рахмет!!!
КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
- Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
- Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
- Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
- Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті.
Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік.
- Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да, тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.
- Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты.
Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған:
- Ей, мен сені жеймін! - депті.
- Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, - депті мысық.
- Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, - депті күшік.
Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.
Күшік:
- Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай екен? – депті.
- Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың айқайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық.
Сонда оған күшік:
- Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті.
Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жемеймін, – депті.
М А Қ Т А Н У Адамның адамгершілігі үлкенді сыйлауы, адамдарды ардақтауы. (Құрметтеу).
Адам бойындағы таза ниет. (Адалдық).
Адамға, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық істеу, үлкенге көмек көрсету. (Қамқорлық).
Биязы, инабатты, ізетті, сыпайы, тәртіпті деген ұғымды білдіреді. (Әдептілік).
Адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы. (Жанашырлық).
Жақсы балаға тән қасиет. (Шыншыл).
Күлімдеп, ақ жарқын жүретін адамның көңіл күйі. (Қуану).