Т?рбие са?аты ?мірді тану-?зінді танудан басталады


Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
№ 274 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Кирбасова Жанар Каскырбаевна
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Өмірді тану – өзіңді танудан басталады
Сабақтың мақсаты: өмірге құштарлықтарын арттыру, өзінде бар құндылықтарды анықтай білу, бағалай білуге үйрету. Өзін-өзі іштей бақылауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, бір- біріне сын көзбен қарауға, жетістіктерін,кемшіліктерін тани білуге үйрету.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, мысал қоя іздендіру, салыстыру, топтау, жұптау.
Көрнекілігі : тақырыптық мәліметтер жинағы, қажетті сөздер жазылған кеспе қағаздар, тапсырмалар орындауға арналған плакаттар, қажетті суреттер.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру а) сабақтың мақсатын, міндетін түсіндіру. Әрбір адам туғаннан керемет сыйға бөленген, ол – жетілуге талпыну. Біз бәріміз білімді аңсаймыз, биікке көтеріліп, ортамызға жағымды жақтарымызбен көрінуге тырысамыз, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз. Ол үшін адам, ең алдымен, өзі неге қабілетті, өзінде жақсы не бар, соны түсініп алуы керек. өзінің жетілуге талпынысында әр адам мейірімділік пен зұлымдылықты айыра білуі қажет, , өзінің бар қабілеттерін жетілдіріп және өзіндегі кемшіліктерін түзете білуге тиіс.
ә) Өмірлік ұстаным сөздер жазылған парақшалар таңдау арқылы топқа бөліну. Мысалы: үнемі іздену, білуге ұмтылу; өтірік айтпау, әділ болу; үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу; ешқашан білмеймін демеу, жақсылық жасау т.б. Бірдей ұстаным таңдаған оқушылар топқа бірігеді.
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Жеке жұмыс. «Өзім туралы » сұрақ – жауап кезеңі. Оқушылардың өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім қасиеттерін өзі таңдаған суреттерге түсіру арқылы өз ойын жеткізу, өз көзқарасын таныту.
а) Өзіңді жақсы сезінетін орта ә) Ең үлкен жетістігім б) Мен сенім артатын адамдар в) Менің ең жақсы қасиетім г) Өзім туралы естігім келетін сөздер
Қалаулары бойынша өз жұмыстарын оқып беріп, тақтаға іледі. Жұмыстар оқушылардың өздерінде қалады.
Қорытынды: Психолог Р. С. Немов өзiн - өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра отырып, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:1. Қоршаған орта: ата - ана, туған - туыс, достар т. б. баланың іс - әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.2. Адам өз iс - әрекетiн өзгелердiң iс - әрекетiмен салыстыра бағалауы.3. Өзiн - өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi сауалнамалар арқылы жүзеге асыруға болады.
Дүниедегі ең оңай нәрсе кісіге ақыл айту, ең қиыны өзіңді - өзің түсіну.
(Әл – Фараби).
2. Топтық жұмыс. Әрбір топқа өмірлік ұстанымдарына сай тақырыптар беріледі. Осы тақырыптар төңірегінде ережелер, әңгіме, ой – пікірлер құрастырады.
Тақырыптар: а) Өзіңді сыйла, өзгелерді құрметте ә) Өміршеңдік ережесін құрастыру б) Өмір сүрудің ең жақсы жолы ( әңгіме) в) Тамаша өмір сүрудің жолдары
Бұл тақырыптар бойынша оқушылар алдын – ала мәліметтер жинақтаған. Жинақталған мәліметтерді мұғалім іріктеп, топқа талқылауға береді. Қорытынды: Тыңдалған ережелер, әңгіме, ой- пікірлер сіздердің болашаққа деген көзқарастарыңызды қалыптастыруға септігін тигізе ме? Қалай ойлайсыңдар? (оқушылардың жауабын тыңдау)
3. Жұптық жұмыс Оқушыларға жеміс-жидектердің жарты бөлігі бейнеленген суреттер таратылады. Суреттер бойынша әрбір оқушы өз жұбын табады. ) Күн сайын мүмкіндігінше көбірек түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға дәрумендер беріп, қуатыңызды арттырады. Күн сайын 5 түрлі жеміс жеңіздер. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір - бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты: оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Ақ қағазға бір - бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін қағаздарын ауыстырып оқиды. Әр оқушы тақтадағы кестеге парақтарындағы жағымды мінезді бір бағанға, жағымсыз мінезді бір бағанға, жақсы тілектерін бір бағанға жазады.Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір - бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп қол соғып қошемет көрсетеді
Қорытынды:
Жас өспірімдерге кеңес
Ең алдымен сен өзіңді ерекше, ең жақсы жанмын, дара тұлғамын деп есептеуің керек.
Өз қадамыңа жауапкершілікпен қарауға тырыс. Жауапкершілікті мойныңа алдың ба, соны ұялмай атқаруға тырыс. Үйлеспей жатса, мойыма. Өйткені сенің жауапкершілікпен жасаған қадамдарыңды айналаң үнемі бағалай біледі.
Сөйлеуге, пікіріңді ашық айтуға қысылма. Көркем шығармаларды оқып, тіл байлығыңды кеңейтуге ұмтыл. Жаныңдағы адамдармен қарым қатынас жасау арқылы өз мәдениеттілігіңді байқатасың. Жасқанбай сөйле.
Әрдайым түзу жолмен жүру мүмкін емес, қателеспейтін адам болмайды. Қатені түзетуге тырысып, алға жылжудың өзі ерлік.
Өзіңе күн сайын бір мезгілде атқарылған жақсы және жаман істеріңді ой елегінен өткізіп, одан қорытынды шығара біл. Бір адым алға жүріп, ертеңгі күніңе жоспар құр.Егер жоспарыңа шұғыл өзгерту енгізу қажет болса, уайымдама, мүмкін мұның дұрыс шешім болар.
Мінезің қандай,байқап көр?
1.Достықты қадірлей білесің бе?
2.Жаңалық атаулыға қызығушылығың қандай?
3.Жаңа киімнен ескі киімді абзал көресің бе?
4.Себепсізден себепсіз ренжіп қалып,жұртты абыржыта білесің бе?
5.Болашақ мамандығым деп үштен де артық кәсіпті ұалайсың ба?
6.Қиын тапсырманы орындау кезіңде өзіңе сенімінің жоғалмай ма?
7.Қызық үшін бір нәрсе жинап көрдің бе?
8.Жеме-жемге келгенде жоспарыңды жиі ауыстырасың ба?

Егер 1,3 және 7 сауалдарға «Иә» деп жауап берсең, әрқайсысына 1 ұпайдан
Жаз.Ал 2,4,5,6 және 8 сұрақтарға «Жоқ» деп жауап жазсаң,бұл жағдайда да әрқайсысына 1 ұпайдан аласың.Сосын жинаған ұпайларыңды санап көр.
6 ұпайдан көп жинасаң: ата-анаңыз, ағайын-туысты және мұғалімдерді көп
әуреге салмайтын сабырлы, салмақты, бір сөзді адамсың. Құттықтаймыз!
3-тен 6-ға дейін ұпай жинасаң:сенің көңіл-күйің мен мінезің аумалы-
төкпелі, тез өзгеріп тұрады. Тұрақтылық пен табандылыққа үйренбесең
өмірде алға қойған мақсатыңа жету қиын болады.
3 ұпайдан да аз жинасаң:Тыңда!Неге сен өз күшіңе сенбейсің? Ең
жақын адамның ата-анаң, соларға көбірек сен, айтқанын екі етпе. Ал
құрбыларыңның арасынан дос табуға тырыс. Жалғыздық адастырады.