Біз осындай баламыз ?зін-?зітану саба?ы 2-сынып 
                                   Өзін-өзі тану сабағынан сабақ жоспары
Мектеп: А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп 
Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз.      1сабақ
Құндылық:  денсаулық,сенімді дос.
Қасиеттер:  Батылдық,нәзіктік.
Мұғалім:  Чаргинова А.Б.                   күні  02-04.09.15ж       2 сынып «А»«Ә»«Б»
Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы  түсініктерін кеңейту.
Міндеттері
-2сыныпқа  арналған «Өзін-өзі тану» пәнін мазмұнымен таныстыру.
-Өзін-және  айналасын  тануға  деген  қызығушылықтарын  арттыру.
-Ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар құралдар мәліметтер
Үнтаспа ,сюжетті  суреттер
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар  денелеріңді  түзу  ұстап , бастарыңды  жоғары  көтеріп , ыңғайланып отырыңдар.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Шығарма жазу жазғы демалыс күнді қалай өткіздік деген тақырыпқа. Сабақ барысын талдау
Жағымды күйге келтіру
Әңгімелесу:
Оқушылардың  өзін-өзі тану  сабақтарына  қызығушылықтарын арттырып ,оларды танып білуге  баулу мақсатында әңгімелесу қолданылады.
-өзін-өзі тану сабағында не үйрендіңдер?
-Өзіңе өзгеге  табиғатқа  құрмет дегенді  қалай түсінесіңдер. Пікір алмасу
Жаңа ақпарат Өзін-өзі тану сабақтары арқылы  өзін басқа адамдарды  жіне қоршаған ортаны  тани алады.Сүйіспеншілік ,отбасы,жақсылық ,достық, бақыт  білім  сияқты  ең асыл  құндылықтармен танысады. Бүкіл сабақ бойы  басшылыққа  алу.
Мәтінмен жұмыс
Өзін-өзі тану  пәні  туралы білімдерін  дамыту мақсатында  өлеңді оқып береді Мен қандаймын ?Жақсы болу өзіңнен  деген  өлең жолдарын талқыға саламыз.
Тапсырма  тапсырма бойынша  оқушылар  суреттегі  алма  ағашында  көрсетілген  өзін-өзі танудан  үйренген құндылықтар  туралы  түсініктерін  айтып береді. Әдептілік , білім қайырымдылық, достық, табиғат,Отан ,денсаулық махаббат, бірлік сынды құндылықтар.
Дәптермен жұмысТапсырма Кіші шеңбердің  ішіндегі  әріптерден  мейірім, қамқорлық, тазалық, денсаулық, рахмет, кешіріңіз деген сөздерді . Сөздерді құрап  төркоздерге жазамыз.
 
Үй тапсырмасы:Біз бақытты  балдырған өлеңді жаттау Қорытынды: Шеңберге тұрып ән айтамыз.