Поурочное понирование по самопознанию на тему Білімге ??штарлы? (4класс)


Бекітемін:
Оқу ісі жөнінде директор орынбасары:
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Жаңатұрмыс негізгі мектебі
Мерзiмі: 12.09.2015 жыл
Сабақтың №: 2 сабақ
Тақырып: Білімге құштарлық
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: сүйіспеншілік, қиянат жасамау
Мұғалiм: Айбасова Сая Ертустиковна
Сынып: 4 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;
Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;
Білімді бағалауға тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық, дәптер, үнтаспа
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену Баяу әуен
Үй тапсырмасын тексеру: 2 сабақтағы «Құштарлық»
Талапты баланың білімге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?
«Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына» дегенде нені түсінесіңдер?
Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандай жақсы қасиеттерді көрдіңдер? Әңгімелесу
«Білекті- бірді жығар, білімді-мыңды жығар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
«Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы» - дегенді қалай түсінесіңдер?
Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?
Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар? Дәйексөз: «Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»
Бернар Фонтенель
Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қандай ой түйдіңдер? Ойын Балалар дөңгелене отырады. Мұғалім «алтын сақаны» балалардың біріне ұсынады.ол жанындағы отырған баланың жақсы қасиетін айтып мадақтайды да, алтын сақаны оның қолына ұстатады. Ол сақаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. Мысалы: Әсел, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды. Ербақыт сен мейірімді ұлсың.
Әрі жылдам, әрі құрбысының жақсы қасиетін дәл айтқан оқушы жеңімпаз атанады. Оқиға немесе әңгіме айту: аңыз «Екі дос және қария»
Неліктен адамдар екіншісі туралы естеріне алмады деп ойлайсыңдар?
Екі достың әрекеттеріне деген көзқарастарың қандай? Дәйексөз: «Адам өміріндегі ең қажетті білім-өзін-өзі тану»
Бернар Фонтенель
Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қандай ой түйдіңдер?
Адамның бәрі анадан туғанда бірдей болып болып дүниеге келеді. Оның жақсы болуы да, жағымсыз болуы өз қолында, оның өзіне, өзгелерге, өмірге, айналасына деген қарым-қатынасынан туындайды. Адам осындай білімдерге өзін-өзі тану арқылы қол жеткізе алады. Сондықтан өзіңнің қандай екеніңді білу үшін-өзіңнің әрбір сөзіне, іс әрекетіңе баға бер. Жаңа ақпарат. Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдіріс. Ол адамның өзін-өзі, өзінің жан дүниесін таным білуіне, түрлі өмір белестерінн жаңылмай өтуіне көмектеседі. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген сұрақтардың тұсына жауап жазыңдар Бейнеролик: Бота мен есектің оқуға баруы Топпен ән айту. «Керек» Музыкасы
Үй тапсырмасы: 3 сабақтағы «Асан мен Үсен» Соңғы тыныштық сәті. Оқушылар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік, бір сәт ойланайық, осы түйгендерімізді жүрегімізге сақтап алайық.