Мені? аулам
Сабақтың тақырыбы:Менің аулам.
Мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекіту. «Менің аулам» туралы әңгіме құрастыру , сын есімдерді сөйлеу барысында дұрыс қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту,ауызекі сөйлеу
дағдыларын тапсырмалар арқылы дамыту.
Тәрбиелік: бір-бірімен тату болуға тәрбиелеу.өз ауласын таза ұстауға үйрету,тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: нәтиже сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, жұппен жұмыс жасау,топпен, жеке
жұмыс,әңгімелеу,аудару.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,карточкалар,перфокарточкалар,интербелсенді
тақта.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,психологиялық дайындық.
2.Теориялық тренинг. Сұрақ-жауап арқылы тіл дамыту.
- Бүгін наурыздың нешесі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- көктем айларын атаңдар.
- Сен қай қалада тұрасың?
- Қарағанды қандай қала?
- Қарағандының көшелері қандай?
- Сен қандай көшеде тұрасың?
- Нешінші үйде, нешінші пәтерде тұрасың?
- Пәтерің нешінші қабатта?
Біз сіздермен менің аулам деген тақырыпты өткенбіз. Сол сабақ бойынша бізде бүгін нәтиже сабақ өткіземіз. Сабақта біз өткен тақырыптар бойынша өткен білімдерінді бекітеміз әңгіме құраймыз. Сөздік қорларын молайтамыз.
1).Балалар біз аула тақырыбын бірнеше сабақ талқыладық,енді сендерге "Аула"деген сөзді естігенде ойларына қандай сөздер келеді (кластер жинаймыз)
Аула
2).Жеке жұмыс.
1) Д...кен,таза,..ткеншек , ...ала, ...демі, .....лкен, к...ше, ...зын, ке...,т...зу,с...рғанақ.
Балалар жақсы сендер аула туралы біраз сөздер біледі екенсіндер,осы білімдеріңді толықтыру үшін мен сендерге шағын мәтін дайындап әкелдім,осы мәтінмен танысындар.
3)Мәтінмен жұмыс.
1.оқу
2.түсіндіру
3.салыстыру
4.ерекшеліктерін айту
Мынау – менің аулам.Аулам кең,әдемі,көрікті. Аулада әткеншек ,үлкен ойын алаңы бар.Біздің аулада балалар ойнауға барлық жағдай жасалған. .Біз ауламызды таза ұстаймыз.
4) Жазбаша жұмыс. Өткен тақырыптарды қайталау.
Карточкаларда берілген буындардан сөздер құрастыру.
а) қа, ше, а, кө, ла, ғаш, ла, ау, тар - қала, көше, ағаштар,аула.
дү, теп, мек, кен, ра, мұ, жай, әт, шек, кен - дүкен, мектеп, мұражай, әткеншек.
ме, қа, ү, пә, бат, тер, й, бөл - бөлме, үй, қабат, пәтер.
Сергіту сәті.
5)Сөздер арқылы «Менің аулам» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру.
қасында әсем таза ағаштар өсіп тұр
шағын үлкен « Менің аулам». кең бар
әткеншек көрікті алдында тұр әдемі
6)Жазбаша жұмыс,пысықтау. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Ауланың жанында ( магазин ) бар. (жоқ).
Ауланың ішінде ( качели ) бар. ( жоқ).
Ауланың қасында ( деревья ) өсіп тұр. ( жоқ).
Балалар бүгінгі сабағымыз өте қызықты өтті,сендерге сабақ ұнады ма
7)"Менің арманымдағы аула (кластер кұру)
Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы « Менің арманымдағы аула»
суреттер бойынша ауланың модельін құру.
Қорытындылау: (рефлексия) Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?мына "балық" сызбасына өз ойларыңды жазыңдар.
Үй жұмысы: «Менің аулам» тақырыбы бойынша әңгімелеу.
Бағалау:балалар сендер бүгін сендер белсенді жұмыс істедіңдер сол үшін мен барлығыңа өте жақсы деген баға қоямын.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз аяқталды барлығыңа рахмет!