Дарынды ж?не талантты балаларды о?ыту коучинг-сессия есебі


Кезекті коучинг тақырыбым «Дарынды және талантты балаларды оқыту.» туралы болды. Коучинг сабаққа 11 мұғалім қатысты. Әдетте тобымда 12 адам бар. Бір мұғалім ауырып қалуына байланысты қытыса алмады.
Коучинг сабағының сипатамасы.
Тақырыбы: Дарынды және талантты балаларды оқыту.
Мақсаты: Әріптестерге дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу тәсілдерін үйрету.
Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:
1. Дарынтылық пен таланттылықтың айырмашылығын түсінеді.
2. Дарынды балалардың қандай қабілетімен ерекшеленетіндігін біледі.
2. Оқушылардың қабілетіне қарай қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді.
Сабақтың басынды әріптестерді әртүрлі пазлдардың көмегімен топтастырып алдым. Әріптестерге бірнеше бейнекөрсетілім көрсеттім. Бейнекөрсетілім барысында әріптестердің оларды бар ынтасымен ,қызығушылықпен көріп отырғандығын байқадым.



Бейнекөрсетілімнен кейін әріптестерден сабақтың тақырыбы қандай екендігін сұрағанымда, олар тақырыбын дұрыс тапты. Әріптестерге ашық- жабық сұрақтар қоя отырып, дарындылық пен талант туралы өз ойларын ортаға салуға түрткі жасадым. Әріптестердің барлығы дарындылық пен таланттың бір мағына екендігін және олар туа пайда болады деді. Мен оларға адам бойындағы зият пен қабілеттің ерекше түрлері мен дарындылық пен таланттың ара жігін айыруларына көмектестім. Сонымен бірге дарындылықтың ерекше белгілері мен зияттың 8 қыры туралы мағлұматтар бердім.
Осыдан кейін әріптестерге «Алма» тренингін жасаттым. Бастапқы кезде олар түтікшелермен алманы тесе алмай «Бұл мүмкін емес!» -деп жатса, кейін біртіндеп алманы түтікшемен тесудің жолын тапты және барлық әріптестер өз мақсаттарына жете алды.

Тренингтен кейін оларға осы бойынша өз ойларын айтуға түрткі жасадым және әріптестер тренингтін негізгі көздеген мақсаты мен нәтижесі туралы дұрыс айта білді. Олар алманы дарынды бала деп ойлайтындарын және әр баланың дарындылығын ашу үшін әртүрлі тиімді жолдар мен тәсілдерді қолданулары керектігі туралы айтты.
Келесі тренингте әріптестердің ішінен Қалиұлы Бекетайды ортаға шақырып, жоғарыда айтылған дарынды баланың сипаттамасын ескере отырып, сол баланың образына енуін өтіндіми.
Сабақта қайта-қайта сұрақтар қойып отырған дарынды баланы тыныштандыру және басқа оқушыларға кесірін тигізбеу үшін, оның ауызын скочпен жауып тастадым. Қолымен айналасындағы заттардың барлығын ұстап , басқаларды алаң қылып отыруына байланысты Бекетайдық екі қолын да скочтап тастадым. Орынында отыра алмай тұрып жүре бергесін Бекетайдың аяқтарын да байлап тастадым. Осыдан кейін әріптестерден осыдан не ұққандығы жөнінде сұрағанымда, олар бұл іс-әрекеттердің барлығы мұғалімнің дарынды баланың ерекше қабілетіне мән бермей, оны тежеу екендігін дұрыс түсіндіре білді.
Келесі кезекте әріптестерге сергіту сәтін жасаттым және олар аса қызығушылықпен биледі.
Осыдан кейін әріптестерге парақтар беріп, өзім көрсете отырып баланың бейнесін қиюларына түрткі жасадым. Дайын болған бала бейнелеріне олардың дарынды балалары деп есептей отырып, өздерінің оқушыларының ішінен дарынды балаларының ерекшеліктері туралы және келешекте сол баламен қалай жұмыс істейтіндігі туралы жазуларына жағдай туғыздым.

Дайын болған балалар бейнелерін бір-бірлеріне қыстыра отырып, осындай дарынды балаларымыз көп болуын және олардың көздерін ашуымыз мұғалімдердің мақсаты мен міндеті екендігін айттым.
Әріптестер осы коучинг сабақтан алған әсерлерін айтты және әр топ « екі жұлдыз ,бір тілектерін» берді. Кері байланыстарын жазып , смайлингтерге жабыстырды.
Сәтті тұсы: Әріптестер коучинг сабаққа қызыға қатысты және бұл сабаққа төселіп қалғандығын байқатты. Сонымен бірге тобыма қазақ тілінің жас маманы Әуенай Бақыткул келіп, менің осы тобыма қатысқысы келетіндігін және оған көмек керектігі туралы өз пікірін білдірді. Коучин сабақта Бақыткульдің жаңаны үйренуге деген құлшынысы мен ынтасының жоғары екендігін байқадым. Коучинг сабақ сәтті әрі қызықты өтті.
Сәтсіз тұсым: Тобымдағы және ӘБ дегі Рахатова Зухра деген мұғалімді коучинг сабаққа күштеп әкелгендей болдым. Себебі бұл мұғалімнің мұғалімдік этикеті өте төмен , өз мұғалімдік міндетіне салғырттықпен қарайтынын мен , оқу жылының басынан байқағанмын және оны үйрету мақсатынды оның жіберген кемшіліктері мен дөрекі қателіктерін айтқанымда ,менің өзіме бірнеше сөз қайтарып, сол қателіктерін қайталай берді. Тіпті сабақта болсын, коучинг сабақта болын сағыз шайнап отыратын. Осы қателіктерін коучинг сабаққа қатыса отырып, түзелер деген үмітте болғанмын , бірақ ол мұғалімге ешнәрсе әсер етпеді. Өйткені оның өзінде мамандығына деген қызығушылық жоқ. Тіпті балалар айтпайтын өтіріктер айтып, өзінің тәрбиесінің төмендігін көрсетті. Осы мәселе бойынша келесі күні мектеп директоры өзіне шақырып, « Рахатова Зухраға неге ескертулер жасай бересің ? »- деп сұрады. Мен болған мән-жайды айтқанымда менің сөздерімді тіпті тыңдағысы келмеді және ол маған « Олар әлі жас. Оларды сенің коучинг сабағың мен өз сабақтары әлі қызықтармайды. Олар күйеулерімен ұрысып алып, татуасып шәй ішкенді ұнатады және сенің коучинг сабағың мен мамандығыңнан басқа қызығың жоқ . Сондықтан олардың мазасын алма !» -деді. Осыдан кейін мектеп басшысы осылай дейтін болса мектептің және жас мамандардың құрдымға бара жатқанын түсіндім. Осыдан кейін Рахатова Зухраны өз тобымнан шығарып тастадым.
Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау:
Осы коучинг сабақтан кейін физика және математика бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Өзімнің тобымдағы мұғалімдердің ашық сабақтары жаңа әдіс-тәсілдер бойынша өтті. Тіпті құзіреттілігі жоғары мұғалімдердің өздері, сабақ өткізер алдында сабақтары туралы ақыл-кеңестер сұрап, үйренуге деген бетбұрыстарын байқатты. Дарынды балаларға деңгейлік және арнайы тапсырмалар беріп жатқандығын және өздерінің сабақ беруде қызығушылығы артқандығын айтатын болды. Бұрын үзіліс кезінде немес демалыс кезінді әркім өздерінің үйлеріндегі проблемаларын айтатын болса, қазір тек жаңа сабақ беру әдіс-тәсілдері туралы , өздерінің оң көзқарастары туралы айтатын болды. Бұл да болса аз уақыт арасындағы ілгерілеушілік деп түсінемін.