География п?нін о?ытуда сыныптан тыс ж?ргізілетін ж?мыстарды? т?рлері


НАДИРБЕКОВ Төлебек,
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы
Абай атындағы гимназия мектебі
География пәні мұғалімі
География пәнін оқытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері
География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу-тәрбиелік міндет атқарады.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипаты (географиялық үйірме, сыныптан тыс оқу, конференция, сауық кештер, топ серуен, география апталығы, олимпиада) мазмұны, жоспарлау және әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі.Топ серуен мектепте географияны оқыту фомаларының бірі, оқытудағы өлкетану принципін жүзеге асырудағы, оқушылардың география ғылымы зерттеу әдістерімен таныстырудағы, оларды тәрбиелеудегі және таным әрекеттерін дамытудағы маңызы. Топ серуеннің оқушыларды еңбекке баулудағы рөлі. Мектеп бағдарламасындағы топ серуен жүйесі, оның географияны оқыту мазмұнымен байланысы. Географиядан өткізілетін факультативтік сабақтар осы пәннен алатын білімнің белгілі бір саласын тереңдетуге, оқушылардың қалап алған бағыты бойынша қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл сабақтардың болашақ мамандықты таңдау ісіне бағыттауда, географиялық білімнің қолданбалы маңызын арттыруда мәні зор.
Өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті: Жалпы білім беретін орта мектептердегі және арнаулы білім ордаларында білім алушылардың негізгі сабақтан тыс уақытта алатын білімдерін қалыптастырудағы оқыту процесінің принциптері бойынша білім беретін сабақтан тыс өткізілетін сабақ түрлерінің соның ішіндегі география аясында сабақтан тыс оқытылатын жұмыс түрлерімен және әдіс тәсілдерінің мазмұнын ашу.
Өзіндік жұмысты негізге ала отырып мектептердегі сабақтан тыс өткізілетін жұмыстардың негізгі міндетін ашып оның мақсатын ашу жұмыстың барысы. География сабағы бойынша өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрі ретінде үйірме жұмыстары болып табылады. Осы жұмыс формасын назарға ала отырып оқушыларға білім беріп қоймай оларды субьективті тұрғыдан қалыптастыру оқу процесінің айқын мақсаты. География пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады. Өйткені ол оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болып, аса маңызды оқу-тәрбиелік міндет атқарады. Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың қатарына:- географиядан факультативтік сабақтар, апталықтар ұйымдастыру;- географиялық ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, күнделікті баспасөз материалдарымен танысунегізінде хабарламалар дайындау;-географиялықүйірмежұмысынұйымдастыру;- қабырға газеттерін және әр түрлі көрнекіліктерді (макеттер мен букеттер) әзірлеу;- оқу формасына сәйкес бейнефильмдер мен ғылыми-көпшілік оқу фильмдерін көрсету;- географиялық кештер мен конференциялар, ойындар мен сайыстар, олимпиадалар, ойша саяхаттар ұйымдастыру;- туристік, экологиялық және танымжорықтар ұйымдастыру;- компьютерлік бағдарламалрды пайдаланып, қосымша деректер жинау жатады.Географиядан өткізілетін факультативтік сабақтар осы пәннен алатын білімнің белгілі бір саласын тереңдетуге, оқушылардың қалап алған бағыты бойынша қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл сабақтардың болашақ мамандықты таңдау ісіне бағыттауда, географиялық білімнің қолданбалы маңызын арттыруда мәні зор.
Үйірме география пәніне қызығатын оқушылардың танымдық мүмкіншілігін арттыру мақсатын көздейді. Үйірме жұмысының тиімділігін арттыру үшін тақырыптық бейнематериалдарды, ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, күнделікті баспасөз мәліметтерін пайдаланумен қатар, географиялық ойын түрлерін кеңінен енгізу қажет. Үйірме жұмыстарының нәтижелері қабырға газеттері, көрмелерде көрініс табады. Географиялық кештерде үйірме мүшелерінің белсенді жұмысының қорытындысы шығарылып, марапатталғаны жөн
«Картография және топография» үйірмесі:Бұл үйірмеде оқушыларды топографиялық, геодезистердің және картографтардың жұмыс істеу әдістерімен таныстырады. Оқушылар топографиялық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды орнату, тексеру және олардың жұмыс істеу тәсілдерімен танысады, карта жасаудың қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар оқушылар географиялық карталарды түсіну, оқи және олармен жұмыс жасай білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіреді. Карталардың түрлері мен қолдану аясын ажырата білу мүмкіншілігін кеңейтеді.
«Геология» үйірмесі:Бұл үйірмеде оқушылар жерде таралған тау жыныстарының коллекциясын жинау, олардың түрлерін анықтау арқылы сол жердің геологиялық тарихымен танысады. Оқушылар жергілікті жерге тән пайдалы қазбалардың қалыптасу және таралу заңдылықтарымен танысып олардың шаруашылық маңызын анықтайды. Туған жер табиғатының қыр-сырын танып-біліп, оның байлықтарын қорғау мен тиімді пайдалану қажеттілігін түсіну арқылы оқушылардың патриоттық сана-сезімі тереңдеп, экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі артады.
«Дүниежүзілік мұхит экологиясы» үйірмесі:Бұл курста дүниежүзілік мұхит суларының минералдық, биологиялық және энергетикалық қорлары олардың шаруашылық маңызы және табиғат байлықтарын тиімді пайдаланудың жолдары қамтылады. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхит суларын шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемалар және оларды жеке елдер мен халықтарлық деңгейде шешудің жолдары қарастырылады. Бұл курста дүниежүзілік мұхитты зерттеумен айналысқан атақты француз ғалымы Жак Ив Кустоның ғылыми зерттеу экспедициясының еңбектері мен бейнефильмдерін кеңінен пайдалану қажет. Осы арқылы оқушылардың бойында ізденімпаздық, табандылық пен ержүректік батылдық сияқты ізгі қасиеттерді де дамытуға болады. Курсты оқып үйрену барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас жүйесі жүзегеасырылады.
«Елтану» үйірмесі :Оқулықтың көлемі мен оқу бағдарламасы дүние жүзі елдері мен халықтары туралы қызғылықты мәліметтерді енгізуге толық мүмкіндік бермейтіндіктен елтану бағытындағы факультативтік курс аса қажет. Оқушылар хрестоматиялық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттерден елдер мен халықтар туралы қосымша деректер жинақтауға үйреніп, география сабақтарынан алған білімін толықтырады. Мұғалім оқушыларға жеке тапсырмалар беру арқылы реферат, хабарламалар дайындауға, ізденуге, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға бағыттайды. Бұл курсты оқып үйрену барысында да оқу фильмдерімен компьютерлік компакт-дискілерді пайдаланудың тиімділігі мен мүмкіншілігі артады. Факультативтік курстар мектептің таңдап алған бағыты мен оқу бағдарламасының мүмкіншілігіне орай, аптасына бір сағат көлемінде өткізіледі. Факультативтік топ өз қалауы бойынша қатысуға тілек білдірген 15-тен кем емес оқушыдан тұрады. Кейбір факультативтік курстар бойынша бұрын жарық көрген әдістемелік нұсқаулар бар.
География пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімі мен тәрбиесіне әсер ететіндіктен оку-тәрбие жүмысының бір бөлігі болып табылады. География оку пәні ретінде сыныптан тыс жүмыстардыжүргізуге мүмкіншілігі бар, себебі, оның мазмұны адамдардыңшаруашылық еңбегімен,елдегі болыпжатқанжагдайлармен,қоршаған ортамен тығыз байланысты. Оқушыларды сабақ үстінде шешімін табу мүмкін болмаган географиялық проблемалар қызықтырады.Оцушылардыц қызығушылыгын қанагаттандыру, туған ел табиғатының байлығы мен сырларын тануға көмектесу, әлемдегі және өз елі халықтарының өмірі жайлы ақпараттар беру,балалардың ойы мен сезіміне нәр беру-географиядан сыныптан тыс жүмыстардың басты мақсаты.Сыныптан тыс жұмыстар сабақтың мақсаттанмазмұнымен, ұйымдастыру түрімен және өткізу әдісінің алуантүрлілігіменерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыстардың білімділік мақсаты оқушыладың географиялық дүниетанымын кеңейту және географиялық ғылыми білімдерінтереңдету, дағдыларын қалыптастыру. Бүл мақсаттарбағдарламадан тыс сұрақтар мен ғылыми географиялықпроблемаларды жоспарга енгізуде, багдарламалықматериалдарды ғылыми дәрежеде және терең аша түсуде орындалады.Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде үлкен маңызы бар.Сабақ үстінде уақыт тығыздыгынан оқытушының табиғаттың әсемдігін ашуға толық мүмкіндігі бола бермейді.
Мұгалім сыныптан тыс жүмыстарды ұйымдастыруда әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, географиялық сұрақтарды тек тереңдете оқытуды емес,оны оқушылардың демалысы мен еңбегіне, қоғамдық жұмыстарына байланыстыра отырып,ғылыми-зерттеу жұмысына дағдыландырады.Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың өз еріктеріне, ұсыныстарына,белсенділігімен өз бетімен ізденістеріне негізделіп жасалады.Жұмыстардың тақырыбы мен түрі бір-бірімен байланысты болуы маңызды емес.Мұгалімнің міндеті-оқушылардың ұсыныстарын қабылдай отырып,бағыт беру және жауапкершілік сезімдерін арттыру. Мұгалімнің басшылығы оқушы шығармашылығын бірінші жолға қоюға жоспарлану керек.Оқушылардың географияға қызыгушылығы мен сұранысы өздігінен туындамайды.Бүл қызығушылықты ояту-мұғалімнің жұмысы.
География пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың білімі мен тәрбиесіне әсер ететіндіктен оку-тәрбие жүмысының бір бөлігі болып табылады. География оку пәні ретінде сыныптан тыс жүмыстардыжүргізуге мүмкіншілігі бар, себебі, оның мазмұны адамдардыңшаруашылық еңбегімен,елдегі болыпжатқанжағдайлармен,қоршаған ортамен тығыз байланысты. Оқушыларды сабақ үстінде шешімін табу мүмкін болмаған географиялық проблемалар қызықтырады. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру, туған ел табиғатының байлығы мен сырларын тануға көмектесу, әлемдегі және өз елі халықтарының өмірі жайлы ақпараттар беру,балалардың ойы мен сезіміне нәр беру-географиядан сыныптан тыс жүмыстардың басты мақсаты.Сыныптан тыс жұмыстар сабақтың мақсаттанмазмұнымен, ұйымдастыру түрімен және өткізу әдісінің алуантүрлілігіменерекшеленеді.
Сыныптан тыс жұмыс кезінде окушылар табиғатқа арналған суретшілер туындыларымен танысуға, серуенге шығуға,оқушылардың шыгармашылық жұмыстарымен танысуға мол мүмкіндік алады.Табиғат сұлулығын танып,оқушылар оны қорғауға, сақтауға және көбейтуге тырысады.
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны-оларды өткізу түрлеріне,оқушының қызығушылығына, олардың жасына, жергілікті табиғи-экономикалық жагдайларға, оқытушының тәжірибесіне байланысты. Сыныптан тыс жүмыс мұгалімнің педагогикалық шеберлігін арттыру туралы және көп жағдайда оның ғылыми-зерттеу еңбегінің бастамасы болып табылады.Сыныптан тыс жүмыс өзінің мазмұнымен, ұйымдастыру түрі мен өткізілу әдісімен әр түрлі. Орта мектептердегі географиядан сыныптан тыс жүргізілетін сабақ түрлері бойынша география сабағын оқытуда жақсы жетістіктерге жетуге негіздеуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. АбиловаЗ. Оқушыларғакластантысжұмыстардаэстетикалықтәрбиеберу. –А.: Рауан, 1976. 2. Бозжанова К.Б. Оқушылармен кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. /16-лекция/. – А.: Мектеп, 1980. 3. Омар Е.О. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы және дамуы (1917-1990 жж.) п.ғ.д. дисс. автореф. Алматы, 2002. 4. Нұрмағанбетов С., Очинникова Р. Мектептегікластантысжұмыстар. – А.: Мектеп, 1969.
5. // Пайдаланылған интернет көздері:
Vlosenko.eov,
www.Google.kz.
www.Bilimdiler.Kz.
www.edu.gov.Kz.