Денсаулы? — зор байлы?


Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екенін, өмір сүру қажеттілігін түсіндіру.
2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға, күш-қуатын молайту.
3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Сызбалар, қанатты сөздер
Жүрісі: І.Ұйымдастыру
ІІ.Негізгі бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Денсаулық – зор байлық» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Олай болса, біз үш топқа бөлінеміз.
І- топ: «Денсаулық»
ІІ- топ: «Тазалық»
ІІІ- топ: «Сұлулық»
-Әр топ ұлы адамдардың «денсаулық» туралы айтқан сөздерін ұстанады.
І-топ: «Дене шынықтырумен шұғылдансаң, дәріге де пысқырып қарамайсың» Әбуғали Ибн Сина.
ІІ- топ: «Режим мен еңбек – денсаулық кепілі» И.П.Павлов.
ІІІ- топ: «Қимыл – қозғалыс - кәрілікпен күресудің ең тиімді жолы» В.В.Тройкевский.
«Денсаулық» дегенді қалай түсінесіңдер?...
Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Жеке адамның басты байлығы – денсаулық.
Шопэнгауердің «Дені сау кедей ауру корольден бақытты» деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан.
Блиц – турнир сұрағы ( Ой ашу)
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар (тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбиесі)
В) Адам өміріне ең қажетті заттар ( ауа, су жылу, жарық, тамақ)
Г) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
Мұғалім: Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?
І-топ
Оқушы: Жеке бас гигиенасын сақтау – таза жүру, таңертең тұрып әр түрлі жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну. Тырнақты өсірмей уақытылы алып жүру. Күн тәртібін сақтау.
ІІ-топ
Оқушы: Жеміс-жидектерді жуып жеу. Тамақты асықпай шайнап жеу. Тісімізді жуу, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды үстамау.
ІІІ-топ
Оқушы: Мектепте де, үйде де тазалықты сақтау. Тамақ үстінде сөйлемеу. Спортпен шұғылдану, таза ауаға серуендеу.
Мұғалім: Ал, балалар, «Денсаулық – зор байлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Байлық туралы сөз қозғау)
Байлық
Табиғат ақша
Білім саябақ
Мал машина
денсаулық




Мұғалім: Ең үлкен байлығымыз – денсаулық. Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
Денсаулық
Табиғи күш тазалық
Дене шынықтыру күн тәртібі
Таза ауа табиғат
тамақ

Мұғалім: Олай болса,балалар, біздің сабағымызға қонақ келді. Біз қонақты қалай қарсы аламыз?
-Мектебіміздің медбикесі Зәуре апайды ортаға шақырып, төрден орын берейік.
-Қош келдіңіз, Зәуре апай! Оқушылардың денсаулық, тазалық туралы толғандырып жүрген, жауап таба алмай жүрген сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға жауап беруіңізді өтінеміз.
(Оқушылар сұрақтарын қойып, жауап алады)
Мұғалім: Рахмет, сізге Зәуре апай, уақытыңызды бөліп келгеніңізге.
-Олай болса, әр топтың дайындап келген жарнамалары бар екен, тамашалайық.
І – топ
-Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт – табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
ІІ – топ
-Құрт сиырдың, түйенің сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. «Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
ІІІ – топ
-Бұл – «Тазалық» деген сабын. Қазақстанда шығарылған. Бұл саын денедегі әр түрлі микробтарды жояды. Бетті қолды шаңнан тазартады.
Ойын: «Мақал – мәтелдерді жалғастыр»
1.Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
2.Емнің алды - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
3.Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
4.Іздеп алған аурудың,
Емі табылмас.
5.Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
6.Жарлының байлығы,
Денінің саулығы.
Мұғалім: Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
Олай болса, денсаулықтың достары нелер екен?
Күн
Еңбек су
Дұрыс тамақтану Достары ауа
Күн тәртібі дұрыс ұйықтау
Жеміс - жидек


насыбай
Жалқаулық кола
темекі Қастары чипси
білімсіздік ластық
еріншектік
-Ал,денсаулықтың қастарын атайықшы.
-Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауымыз керек.
-Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
( Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
ІІІ.Қорытынды
Мұғалім: Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын сақтайтын ұрпақ болып өсіңдер.
«Боранқұл орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сағаты
Өткізген Тотенова Акбобек
2013 жыл