На тему Денсаулы? — зор байлы?
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.
Сабақтың мақсаты:
білімділік - оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу жолдарын үйрету;
дамытушылық -оқушыларға жақсы, саналы білімді азамат болу үшін мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық-денсаулық екендігін түсіндіру;
тәрбиелік - оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамассыз ету;тәрбилеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану, жаттығу, талдау
Сабақтың хронокартасы
І:Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин
II:Үй тапсырмасы тексеру– 10мин
IІІ:Жаңа сабақты түсіндіру – 15 мин
ІV:Жаңа тақырыпты бекіту – 10мин
V:Бағалау – 3 мин
VI:Үйге тапсырма – 5 мин
Сабақтың барысы:
I: Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушыларды түгендеу
II:Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын қорыту.
III:Жаңа сабақты түсіндіру,мақсатттарымен таныстыру.
1-тапсырма.Мәтінді оқы,әңгімле.
Бүгін «Денсаулық –зор байлық» деген тақырыпта сабақ өткізгелі отырмыз. Балалар, денсаулық деген не? Ол бізге не үшін керек? Ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?
Денсаулық – зор байлық.
Дос бол сабын, сумен сен, Жуын тамақ алдында,
Жиі-жиі жуын сен. Жуын тамақ соңында,
Танертен де, кешке де, Жуын ұйыктар кезінде,
Жуын күндіз, түсте де. Жуын турған кезіңде.
Сөздікпен жұмыс.
Тара-расчесывай
Сүрт- вытирай
Жу- мой
Тазала- чисти
IV:Жаңа сабақты бекіту
2-тапсырма. Сөйлемдерді оқы, айт.
Денеңді таза ұста
Шашыңды тарақпен тара.
Қолыңды сабынмен жу.
Бетіңді сүлгімен сүрт.
Тісіңді щеткамен тазала.
Есіңе сақта.
Тісіңді сақта!
Береги зубы!
3- тапсырма. Сөйлеп үйрен,жаз.
Бұл- тіс щеткасы.
Мен тісімді тазаладым.
4-тапсырма. Сұраққа жауап бер.
Сабын не үшін керек?
Тіс пастасы мен тіс щёткасы не үшін керек?
5-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп,көшіріп жаз.
Мынау-мен.Менің атым-Маша.Мен екінші сыныпта оқимын.Мен таңертең ерте тұрып,беті қолымды жуамын.Тісімді тазалаймын.Шашымды тараймын.Сосын тамағымды ішіп,сабаққа барамын.
V:Бағалау
Оқушыларды денгейіне қарай бағалау.
VI:Үй тапсырмасы: 6-тапсырма.Өлеңді,сөздікті жаттау.