Жас технолог сайыс 7 сынып


Сайыс сабақ - Жас технолог
Мақсаты: Оқушылардың білімін жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні бойынша алған білімдерін ұштастыру. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.Білімділігі:Бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.Дамытушылығы: оқушыларды өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.Тәрбиелілігі: Оқушыларға қолөнердің эстетикалық мазмұнын бойына сіңіру арқылы шеберлікке, жинақылыққа, икемділікке тәрбиелеу.Керекті құралдар: нақыл сөздер, плакат, көрнекіліктер.Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар.Бүгінгі 8 сыныбында өткелі отырған «Жас технолог» атты қыздар сайысына хош келдіңіздер!Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз:1.Математика пәні мұғалімі: Мусан Күлжикен2.Кітапханашы: Сагынаева А.С.
3.Қамту қызметкері: Жайлаубаева Д.А.Сайыс 7 бөлімнен тұрады.1. «Таныстыру»2. «Қол өнер»3. «Сұрақ жауап»4. «Мақал – мәтел жалғасын табу»5. «Шаш үлгісін көрсету»6. «Кім жылдам»7. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталадыІ сайыс бөлім – «Таныстыру»Бұл бөлімде оқушылар топ атымен, эмблемамен, ұранымен таныстырады.ІІ бөлім «Қол өнер» сайысыБұл бөлімде оқушылар өздерінің жасаған заттарымен таныстырып, жасалу жолдарын түсіндіреді.Қандай жақсы майысып тұрғандарың,Бойыңа жиғандай өнер бағын.“Ана көрген тон пішер” деген бар ғой,Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын

ІІІ бөлім «Сұрақ - жауап» сайысы.сұрақтары: 1.Торта дегеніміз не? (Қаймақ, сарымай тұнбасы)2. Жүн мен жібек маталарды қандай талшықтардан дайындайды. (Жасанда, табиғи, химиялық)3. Жіп катушкасынан келген жіпті ұстап тұрады. (Бұрандалық, тартқыш тығырық)4.Тамақ әзірлегенде киімге дақ түспес үшін қандай киім киіледі? (Алжапқыш. Халат. Арнаулы орамал)5. Матаның ауа өткізгіштігі, жылу сақтағыштығы, ылғал мен шаң өткізгіштігі қандай қасиеті? (Гигиеналық, физикалық-механикалық, технологиялық)6. Реттеуіштің бөлшектерін ұстату үшін қажет? (Ұстатқыш шеге, тарту серіппесі)7.Шалап дегеніміз не? (Ашытқан қымызға су қосу арқылы дайындалады, айранға су қосу арқылы дайындалады. Сүтке су қосу арқылы дайындалады).8. Негізгі жіп екі арқау жіпті басып, бір жіпті өткізе отырып тоқылатын қандай айқаспа? (Кездеме, саржалық, сәтендік)9. Тартқыш тығырықтарды бір-біріне қысып тұрады? (Қалпақ, тарту серіппесі)10. Қор дегеніміз не? (Ашыған айран. Ашыған қамыр)11. Матаның отыру, тез сетінегіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы қандай қасиеті? (Технологиялық, гигиеналық, физикалық - механикалық)12. Ине мен шөлмекке өткізілетін артық жіпті тартып тұрады. (Жіп тартқыш серіппе, ұстатқыш шеге)
)
ІV бөлім «Мақал мәтел жалғасын табу» деп аталады.1. Еңбек қылмай тапқан мал .... ....... (дәулет болмас)2. Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл ...... .... (артық білуге)3. Еңбек түбі мереке, көптің түбі ...... (береке)4. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ..... .... (ер көгерер)5. Ақылды қыз білімге жүгірерАқылсыз қыз ...... ........... (сөзге ілігер)6........... басынан шіриді.(балық)
V бөлім «Шаш үлгісін көрсету»Әр топ мүшелері шаштарын өріп, сол шашты қалай өрім жасағаны жөнінде айтып береді, қыздарға 6-7 минут беріледі.Қандай жақсы майысып тұрғандарың,Бойыңа жиғандай өнер бағын.“Ана көрген тон пішер” деген бар ғой,Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын VI.“Кім жылдам деп аталады - бұл бөлімге екі қыз қатысады, біреуі картоп қабығын тазартып жарысады. Картоп тазалауға кем дегенде 3 минут беріледі, барлық қыздарға берілетін картоп формасы бірдей болуы керек. Екінші аруымыз күрішті шиінен тазартады, күріш тазалауға 2 минут беріледі.
VII.“Ою ойғанның ойы ұшқыр” деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша түс киіз бетін ою – өрнекпен әшекейлеу қажет. Әр топқа қағаз беріледі. Сол қағаздың бетіне түрлі-түсті қағаздан ою-өрнек ойып, түс үйлесіміне қарай жарасымды етіп орналастыруларыңыз қажет. Қорытындылау.Осымен бүгінгі «жас технолог» атты арулар сайысы аяқталды, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
«Юбилейное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
сайыс
«Жас технолог»
8 сынып

Мұғалімі: Р.М.Мырзақанов.