Ма?ала Педагогты? к?сіби денсаулы?ы


Айғожина Арайлы
Тақырыбы:ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Қазыбек бекетіндегі орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ағылшын тілі мұғалімі
Еліміздің ертеңгі тізгіні ұрпаққа білім беретін, тәрбиелейтін педагогтар қолында болғандықтан олардың дені сау болуы қажет. Жалпы педагогтар қауымы кәсіби денсаулықтың қадіріне көп мән бермейді, оны төмен бағалайды. Бүгінде кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруда педагогтардың өзінің кәсіби денсаулығына салғырт қарауы, стрессогендерге, стресстің белгілеріне мән бермеуі өз денсалығына зиян келтіруімен қоса, бала денсаулығына да зардабын тигізеді.
Адамзат өмірге келген сон өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір суруі қажет. Ғылымда денсаулық өзі алты аспектіден тұрады:а) Физикалық (дене) денсаулық. б) Психикалық және интеллектуалдық денсаулық. в) Жеке денсаулық. г) Рухани денсаулық. д) Эмоционалдық денсаулық. е) Әлеуметтік денсаулық. Осы денсаулық түрлері педагогтың кәсіби денсаулығының құрамдас бөліктері болып табылады. Денсаулық ауру немесе жарымжандықтың жоқтығы ретінде ғана емес, сондай-ақ, толықтай әлеуметтік, рухани және физикалық аман есендік. Адам биоэтнопсихоәлеуметтік бірлік ретінде қарастырылады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтағандай (БДҰ) - шын мәніндегі денсаулық дене, психикалық және әлеуметтік болып табылады. Адамның өмірінің барлық аспектілеріндегі әлеуметтік, дене,эмоциялық, рухани дәне ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана өмірінің шын мәнісі болып табылады. Кәсіби денсаулық мәселелері Англияда ХХғ. басында талқылана бастаған.
Педагогтың кәсіби денсаулығын құраушы денсаулық түрлеріне тоқталайық. Дене денсаулығы - педагогтыңдене мүшелерінің саулығы, организмдегі функциялардың өзіндік айналымының жеткілікті болуы, физикалық процестердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері.Психикалық және интеллектуалдық денсаулық – бұл психикалық аурудың және ақыл-естің кемдігінің болмауымен түсіндіріледі. Яғни стресстік жағдайдан, әр түрлі педагогикалық жағдаяттардан өзінің кәсіби денсаулығына зиян келтірмей өтетін маман. Ол адам қозғалғыш және сыртқы өзгерістерге әсерленгіш, бірақ ішкі күшке бай, сырттан келетін әр негативті факторларға қарама-қарсы психологиялық қорғанысы бар педагог. Психикалық саулық – педагог санасының тазалығы. Жеке денсаулық – бұл педагогтың өзін-өзі жеке адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Рухани денсаулық - ол педагогтың ақпаратты қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын көрсетеді. Бүл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық, әсемдікті қабылдау этикасы. Эмоционалдық денсаулық - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау, керек кезінде өз сезімін білдіре білу,эмоцияның тыйым салатын және салмайтын көріністерін білу керек.Сонымен қатар бұл - адам өмірінің орталығы, мораль, тәртіп және басқа біреудің әрекетін қабылдау этикасы, мейірімділік пен қайырымдылық,әсемдікті қабылдау этикасы. Әлеуметтік денсаулық - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну қоғамда және өмірінде өзінің кәсіби жетістіктерін сезіну. Педагог өмірінің барлық аспектілеріндегі әлеуметтік, дене, эмоциялық, рухани дәне ақыл-ой жетістіктерінің үйлесімі ғана педагогтың кәсіби денсаулығын толықтай бере алады. Олай болса, педагогтың кәсіби денсаулығы дегеніміз - денсаулық аспектілерінің үндестігі мен үйлесімділігі, . «Педагог денсаулығы – бала денсаулығы» демекші педагогтың денсаулығы бүгінде маңызды орында.