К?сіби т?жырымдама. К?сіби т?жырымдама.
Кәсіби тұжырымдама.
Тілдесу тренингі.
Мақсаты: Қатысушылардын кәсіби тұжырымдама проблемасымен танысуы,жағымды тұжырымдаманың дамуы,топтық жұмыстын жақсаруы үшін бірнеше тапсырмалар мен ойындардын өткізілуі,өзінің өмірдегі орнын білу,тұлғаллық және кәсіби корды сезіну.
Трениг барысы.
Сәлемдесу.
Тренингтін мақсатын хабарлау.
Психологтың кіріспе сөзі: Саламатсыздар ма құрметті тренинге қатысушылар! Бүгінгі тренингте кәсіби және тұжырымдық даму сұрақтарын қарастырамыз. Сендерге топтық жұмысты күшейтуге арналған әр түрлі тапсырмалар мен ойындар беріледі,өзінің өмірлік орнын табуға,жеке мәселерініздін шешімін табуға арналған сұрақтар қойылады. Ең алдымен мен сіздерді тренингтін өткізілу ережесімен таныстырғым келеді.
1. Құпиялық. Тренингте болатын (болған) нәрселер сырта талқыланбауы керек.
2. Тұжырымдау-тек озіміздін ой-пікірімізді айтамыз.
3. Бағалаудын болмауы.Қатысушыларға баға қойылмайды(берілмейді).
4 Бұр тренингте «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген пікір болмайды.
5. Біреу сөз сойлегенде басқаларымыз сойлеушіге кедергі келтірмейміз.
6. Кейбір жаттығуларға ,тапсырмаларға қатыспауға ,пікір білдірмеуге болады.
I Мен сөзімді атақты Ирландық жазушы, драматург Бернард Шоудың сөздерімен бастағым келеді «Біз қартайғаннан ойнауды тоқтатпаймыз, біз ойнамағаннан қартаямыз » деген екен.
Сондықтан менің сіздерден сұрайтыным:
1.Кімнің туған күні қыс мезгілінде болса,сол қолдарыңызды көтеруізді сураймын.
Рахмет! Денсаулықтарыныз қыстай қатты,мықты болсын,көнілдерініз қыстың аппақ қарындай ақ болсын.
2 Кім бүгін танғы ас ішіп шықты ,сол ішін сипасын. Ас адамның арқау десе,астарын сінімді болсын ,қазандарын ортаймасын.
3. Кімнің отбасында үш бала бар,сол қасындағы көршісінің он қолын алып амандасын.
Бәрекелді,балалы үй –базар дегендей,бастарынызға бас қосылсын,көршілерінізге жұғысты болсын деп тілейміз.
4. Кімнің киімі қызыл түсті,сол жағындығы көршісіне мақтау айтсын.
Керемет,әркез мақтаулы болайық,бір бірімізді қадірлеп,үнемі мақтап жүрейік.
5 .Кім бала кезінен мұғалім болуды армандады? Бізге тұрып алақай деп шапалақ ұрыныз.
Рахмет!Ұстаз-ұлы мамандық,ұрпақ тәрбиесіне әркез жауапты маман иесі,сондықтан осы маман иесі болғаныныз үшін үнемі шаттанып,қуанып жүрініз дегім келеді.
6 .Кім өзін ақылды ,әдемі деп санайды,сол өзінің басын сыйпаласын.
Ақылына көркі сай адам-әр қашан да ортасына сыйлы,көпке қадірлі болмақ.
Еңдеше,ақылды болайық,әдемі болайық,ең бастысы жүрегіміз таза,көніліміз таза болсын!
7. Кімнің бүгін көңіл күйі жақсы,сол үш рет шапалақтасын.
Көніл-күй адам баласына әсер ететінт ең маңызды тетік,сондықтан ертемен ерте тұрғанда күнініз көнілді,жаныныз жадырасын,өзгелерге жағымды әсер ететін болыңыз,алдынздан аймалаған ақ күн тусын деймін.
II. Сергіту сәті . Сіздер жақсы жұмыс жасадыңдар,енді мен сендерге жұмбақ жасырсам деймін.
«17 керемет жемістер»
Дүкенші экзотикалық елден 17 керемет жемістер алып келеді, олардың бәрі бірге 12 доллар тұрады,ал дүкенші оның әрқайсысын 17 долларға сатқысы келеді,сөйтіп ол өз шығынын жапқысы келеді. Бірақ ол жемістерді ешкім сатып алмады,себебі олар тек бірге сатылғанда ,ғана өзінің керемет құрамын сақтайды.
Содан дүкенге хош-иіс су корпорациясының директоры келіп,оған әр жемісті 12 долларға және өзінің товарынан түскен пайданың 70 %-ың дүкеншіге беретініне ұсыныс білдірді, себебі олар бұл жемістердің сыртынан керемет хош иіс су жасайды.Ол иіс суды пайдаланған адамның барлықарманы орындалатынын айтады.
Содан соң балалар онкология емханасының орынбасары келіп 15 доллордан жемістерді сатып аламын деп ұсыныс білдірді. Жемістен балаларға дәрі-дәрмек жасайды ,бірақ ,емхана қорында ешқандай ақша жоқ екенін айтады. Енді өзіңізді дүкеншінің орнына қойып көріңіз?! Сіз жеміс-жидекті кімге сатар едіңіз?
(Енді сіздер мені мұқият тыңдасаңыз, жемістің қабығынан иіс су жасауға болатынын ,ал жемістің өзінен дәрі-дәрмек жасайтынын оқыдым.)
III Сурет
Құрал-жабдықтар А4 қағаз , карандаш.
Суретті қалай,қайда салатынынзды өздеріңіз білесіздер.
1.Баспалдақ ( жолдас)
2.Гүл( бала)
3.Жылқы( махаббат)
4. Шырмауық( қиындық)
IV Притча «Жел мен күн»
Бір күні күн мен жел бір-бірімен дау шығарып, кімнің мықты екенін анықтағылары келеді. Сөйтіп, күштерін жолда кетіп бара жатқан жолаушыға сынауға бел байлады.
Жел күнге:-«Қарашы мен оған борандатып , киімін желдің күшімен шешіп тастаймын»-дейді. Сөйтіп,жел, жаңбыр,қар ,топырақ соғады. Соған қарамастан жел жолаушының шапанын шеше алмады. Жолаушы желдің екпініне қарамастан шапанына оранып жолын жалғастырараған береді.
Ал күн болса қарсыласының әлсіздігін көріп бұлт арасынан күлімдеп шығып жер жүзінің бәрін жібітті.Сонымен бірге жаны жадыраған жолаушы да қайырымды күнге ізет білдіріп,алғысын айтты. Күн жылынғанын сезініп жолаушы күнге батасын беріп,үстіндегі шапанын шешіп алып, беліне қысып байлап алды. Осы әрекетімен Күн желге мейрім мен қайрым арқылы ғана көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын ұқтырды. Бұдан шығатын қортындыны өздеріңіз арқылы білгім келеді(пікірлерін тындау)
Қортынды. Жеңістер мен жетістікке жетудің жолы куш корсету мен қысым жасау емес ,керсенше өзіңнің жағымды әрекетің арқылы жол көрсету ізгілік пен адамгершілікті өзің бастап көрсету болып табылады.
Мораль - Ұтыс ,жеңіс әр кезде күштің ,қысымның биліктің күші мен бола бермейді, керісінше мейірімділік пен махаббат пен ,кішіпейілдік пен жеңіске ұмтылуға болады.
V Жаттығу. «Сыйлық» Үнемі ізгеден сыйлық алу қандай керемет болса , сыйлық беру де ерекше сезім. Ендеше ,екі топқа бөлініп, әр топ басқа топқа қаңдай сыйлық беретінін ойластырып,оны мимика арқылы түсіндіру қажет.Ал келесі топ бұл қаңдай сыйлық екенін табу керек.
Сыйлықтарынызға көп рахмет!Сіздер қаңдай жомарт жансыздар,өмірден алар сыйлықтарыныз көп болсын,сыйлық берер,сыйлық алар туысқандарыныз бен достарыныз аман болсын!
VI Рефлекция: «Алақан»
Қазір мен сіздерге алақан соқпақтарын таратып жіберемін,ал сіздер бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңіз бен сезімдеріңізді,жазып менің алақанымның жанына өздерінің жазған алақандарыңызды орналастырыңыз.
Корытынды: Бес саусақты біріктіретін алақан болса,ауызбіршіліктерініз мол болсын,шығармашылық идеяларыныз ұштала берсін.Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.