Дене т?рбиесі ар?ылы салауатты ?мір салтын ?алыптастыру


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ АРҚЫЛЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
КАЙЫРЛЫНОВ ТОЛЕПБЕРГЕН КАЙЫРЛЫУЛЫ
Ш.Қ.О., Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы.
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар, заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – ұрпақты қазақ халқының жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау, ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған «болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл - педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады (Сурет 2).
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын құрастыру тұжырымдамасы өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі, жоғары оқу орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине, мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де жүргізілу үстінде.
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс атқарылып, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім міндеттерін шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандық пәндерінің әдістемесін оқытуда педагогика мен психология ғылымдары арасындағы өзара байланысты күшейте отырып, білімді игеру үшін оқушының танымдық ой-тәсілдері мен тәрбиесі жүйесіне байланысты ұғынуын дамыту қажеттігі айқын көрінеді. Жоғары оқу орнын білімді игеру тәсілдерін ұсына отырып, ойлау әрекеттері арқылы студенттердің ұғынуына қажетті субъективті түрдегі қабылдаудың нақты әдістерін қамтамасыз ету қажет. Оқу бағдарламасы студенттердің жеке тұлғалық, кәсіби дайындық, жалпы танымын және ұстаздық еңбегіндегі кәсіби өзгерістер мен қойылатын талаптарды жете түсінуі керек.