Математика.Логикалы? есептерді? шы?арылу жолдары
Логикалық есептердің шығарылу жолдары
Бастауыш сынып мұғалімі
Бесімбаева РысгулМаңғыстау облысы
Түпқараған ауданы
Сайын Шапағатов селосы№1 мектеп-лицейі
3-апта 3-күн 3-сабақ
Сабақ тақырыбы Логикалық есептердің шығарылу жолдары .
Сілтеме Карточкалар,интер тақ,тапсырмалар,логикалық есептер.
Жалпы мақсаттар,
мен міндеттер. Оқушылардың сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып,есеп,мысалдардың мағынасына түсіну,есепті шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер СТО, диалогтық оқытуды қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну,өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу, жас ерекшеліктерін ескеру,ой түйіндеуіне орай көшбасшылықты анықтау.
Күтілетін нәтиже Миға шабуыл сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты ашады.Есептердің шешу жолдарын еске түсіреді. Есепті шығара отырып,шапшаң есептеуге үйренеді.Әрбір ойын жүйелі жинақтауға дағдыланады,өз біліміне есеп береді, өзін-өзі бағалауға үйренеді.Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі,топтар бірін-бірі тыңдауға үйренеді.Топтық жұмыстар жүргізу негізінде есептерді шығаруға деген қызығушылықтары артады.
Мұғалім іс-әрекеті Топқа бөліп ой қозғайды. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөледі
Сұрақ-жауап арқылы тапсырмалар беріледі.
Интер тақтамен жұмыс, есептермен таныстырады,бағыт береді.
Сергіту сәті
Модел СТО шығармашылық есеп.
«Кім шапшаң» ойын.
Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс.
Оқушы іс-әрекеті
1.Оқушылар фигуралар арқылы топқа бөлінеді.
2.Әр топтан тапсырмалар сұралады.
3. Интер тақтадағы тапсырмалар арқылы, ойлау қабілеттерін арттырады.
4.Сергіту сәті.
5. Шығармашылық есептер шығару.
6. «Кім шапшаң» ойынын ойнау
7. Кері байланыс орнату.
Тапсырма көздері 1-есеп
1-топ: Алғашқы үш сабақ: математика,қазақ тілі, ана тілі болды, математика- бірінші емес, ана тілі бірінші де үшінші де емес. Сабақтардың реті қандай?
2-топ: Әпкесі 8 жаста,ал інісі 4жаста. Неше жылдан кейін қазіргі әпкесінің жасына жетеді.?
3-топ: Поезда 10 вагон бар. Егер вагонды соңынан бастап санасақ, сонда 4 вагон нешінші орында болады?
Жауабы:1.Бірінші қазақ тілі,екінші ана тілі,үшінші математика сабағы.
2.8-4=4, яғни әпкесінің жасына 4жылдан кейін жетеді.
3.4- вагон 7-орында болады.
2-есеп.
Арифметикалық ребустар.
1-топ: А) 3 3 3=30 2 2 2 2 2=10
2-топ: Ә) 3 3 3 3=30 2 2 2 2 2=10
3-топ: Б) 3 3 3 3 3=30 2 2 2 2 2 =10
Жауабы: А. 33-3=30 2+2+2+2+2=10
Ә. 3*3*3+3=30 2*2+2*2+2=10
Б. 33-3+3-3=30 2*2+2+2+2=10
3есеп.
Логикалық есептер.
1-топ: Кірпіштің салмағы 4кг. Кірпіштің үстіне жарты кірпіш және оған қоса жартысының жартысындай кірпіш қойылған. Кірпіштің салмағы қандай?
2-топ: Екі адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып алды. Олардың артынан 3 адамкетіп бара жатыр. Олар барлығы қанша шеге тауып алды?
3-топ: Көлемдері 3л және 5л ыдыстарды пайдаланып, ағып жатқан бұлақтан қалай 4л су құйып алуға болады?
Жауабы:
1.Кірпіштің салмағы 4кг,жартысының салмағы 2кг, жартысының жартысы 1кг 4+2+1=7кг
2.Артындағы 3 адамға шеге қалған жоқ. 0 шеге.
3.5литр суды 3литр ыдысқа құямыз,сонда 5литрыдыста 2литр су қалып қойды,оны бос ыдысқа құйып аламын, 3 литрдегі суды төгіп тастап алдыңғы әрекетті қайталаймын,қалған 2литр суды да алдыңғы ыдысқа құямын.Сонда 2л+2л=4лболады.
Сергіту сәті
4-есеп.
Қате теңдіктер.
1-топ: ХІІ+ІХ=ІІ ІV-V=І
2-топ: Х+Х=І VІ - VІ=ХІ
3-топ: Х=VІІ-ІІІ ІХ-ХІІ=ІІІ
Жауабы: 1. Х11-1Х=111 т V-1V=1 с
2. Х1-Х=1 т V1+V=Х1 т
3. Х-V11=111 т 1Х=Х11-111
5-тапсырма.
Таяқшалардың орнындарын ауыстыру.
1-топ: Екі таяқшаны қозғау арқылы балықтың жүзу бағытын өзгерту.
2-топ: Екі таяқшаның ғана орнын ауыстырып,оңға қарап тұрған бұзауды солға қарай бұру.
3-топ: Қалақшаның ішіндегі қоқыс,қалақша сыртында қалатындай етіп, 2 таяқшаның орнын ауыстырып қозғаңыз.
Үш топқада ортақ.
1.Бөлмеде 12 балапан,3әтеш,5күшік болды. Осы жерге тағы 1ит және қожайыны келді. Бөлмеде неше аяқ болды?
2.Екі қорапта 10 қарандаш болды. Біріншісінен5 қарандаш,екіншісінен 1 қарандаш алғанда екі қораптағы қарандаштар саны бірдей болды. Алғашқыда екі қорапта неше қарандаштан болған?
3.Барлығы 7 бал толтырыған,7 бал жарты, 7 бос құмыра болды.
Балдар бір-біріне құйылмайды.Балды бірдей мөлшерде үш адамға қалай бөліп беруге болады?
Жауабы:
1.12*2+3*2+5*4+1*4+1*4=24+6+4+4=38 (аяқ)
2.15+1=6 10-6=4 4:2=2 2+5=7 2+1=3
Бірінші қор-7қар, екінші қор-3 қар болған
3. 1-адамға-3толық,1жарты,3бос.
2-адамға-3толық,,1жарты,3бос.
3- адамға-1толық 5 жарты 1 бос.
Сергіту. Кім шапшаң.
1. 4 -квадраты нешеге тең,5-кв нешеге тең, 3- кубы, 2-кубы нешеге тең.
2. Ұзын-5м,ені 4м,биіктігі 3м бөлменің көлемі қандай?
3.2,3,5 сандарынан неше үш таңбалы сандар құрастыруға болады?
6-есеп.
1-топ: Сегіз лақ пен тоғыз қозыны бес қораға әрбір қорада лақ пен қаздың аяқтарының саны 10-ға тең болатындай етіп орналастыр.
2-топ: Асан 600г вареньені 6 минутта жейді, ал үсен оған қарағанда 2 есе тез жейді. Екеуі бірігіп осы вареньені қанша уақытта жейді?
3-топ: 4 чемодан мен олардың 4кілті бар. Қай кілттің қай чемоданға түсетінін енше рет байқап білуге болады?
Жауабы:
1.Лақтарда 4аяқ, қаздарда 2аяқ болатын ескере отырып,5 қораға орналастырамыз,яғни аяқ санына байланысты екі қорада 1лақ және 3қаз, ал үш қорада 2лақ 1қаз болады.
2. 600:6=100г Асанның 1мин жегені,600:2=3мин Үсеннің барлық жеген уақыты.
600:3=200г Үсеннің 1 мин жегені,енді Асан мен Үсеннің 1 мин жеген вареньесін қосамыз, яғни 100+200=300,сосын 600:300=2 бұл екеуінің барлық варенье жеген уақыты.
3.Бірінші чемоданға 3кілт түспейді,4-кілт түседі. Енді қалған үш чемоданға түсетін кілтті тексереміз. Ол үшін 2 рет,ал қалған екі чемоданға түсетін кілтті 1 рет байқаймыз.Сонымен ең көп дегенде 6 рет тексереміз. 3+2+1=6.
Қорытынды
1.Балалар бүгінгі сабақтағы алған әсерлеріңізді мына интер тақтадағы смайликтерге стикерге жазу арқылы білдірейік.
(Оқушыларға түрлі түсті стикерлер таратылады. Олар өз ойларын
жазып, тақтада оқып бекітеді)
Топтық бағалау.
Жиынтық бағалау.