Ба?дарлама та?ырыбы: Тігіске т?скен ?алталарды ??деу Саба?ты? та?ырыбы: Б?йір ?алталарды ??деу


Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
___________________
№16 сабақ
Бағдарлама тақырыбы: Тігіске түскен қалталарды өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Бүйір қалталарды өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүйір қалталарды өңдеуді практикада үйрену
Дамытушылық: Оқушылардың ой қабілетін өндірістік сабағында қолданып, технологиялық қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Еңбекке баулуға, ұжыммен бірлікте жұмыстануға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекілік: Нұсқау карталар, үлгілер, шеберхана жабдықтары,
оқушылардың жеке құралдары.
МТҚ: АТҚ
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, технология, үлгілеу, жабдық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (5 – 6 мин)
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау (30 – 35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: «Сұрақ -жауап»
Қай тігістердің бойында тігіске түскен қалталар кездеседі?
Жапсырма қалталардан ерекшелігін атаңыз?
Қандай бұйымдарда кездеседі?
Неліктен бұндай қалталар көрінбейді?
Тігіске түскен қалталардың аузын қалай өңдеуге болады?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
«Бүйір қалтаны өңдеуді тәжірибе жүзінде үйрену»
ІV. Жаңа тақырыпты баяндау:
Ерлер немесе балалар шалбарында әрқашан бүйір қалта ұарастырылады.ол алдыңғы бойдың бүйір қиығында орналасады. Олар вертикаль немесе горизонтальды орналасуы мүмкін.

Ер шалбарында Әйел шалбарында Белдемшелерде Джинсы киімдерінде
Бүйір қалтаны өңдеуге қажет пішім бөлшектері:

Тақырып бойынша білімдерін бекіту: «Кім жылдам?» оқушылар бір-біріне өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды, кім неғұрлым көп сұрақ қойса, сол оқушы жақсы бағаланады.
Қауіпсіздік ережелерді қайталау
IV. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру .
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
Жұмыс орнын қарап өткенде:
Жұмыс орнын ұйымдастыруын тексеру;
Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау;
Технологиялық процесінің орындалуын бақылау;
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуын бақылау;
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау;
Жеке нұсқау.
V. Соңғы нұсқау (25 мин):
1.Өндірістік сабағын қорытындылау
«Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе, тігіске түскен қалтаны өңдеуді практикада тігіп үйрендік»
2. Оқушылардың жақсы орындалған жұмыстарын атап өту
3. Жұмыс барысында кездескен ақауларды, олардың себебін және жою жолдарын талдау
4. Жабдықты, құрал – саймандарды, жұмыс уақытын, еңбек дағдыларын ұтымды қолдану жолдарын талдау
5.Оқушылардың жеке бағаларын хабарлау
6. Үй жұмысын тапсыру
7.Жұмыс орындарын және шеберхананы жинау