Математикадан саба? жоспары: Бір айнымалысы бар сызы?ты? те?деу


Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл қазақ орта мектебінің физика және математика пәнінің мұғалімі Садвакасова Туганыс Акжигитовна
Пәні: математика Сынып: 6 «Б» Күні: 19.01.2017Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу .Сабақтың мақсаты: бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу білімдерін бекіту және бір-біріне көмектесу арқылы оқушылардың 63% білім сапасын өздерінің түсіндірулері арқылы көрсету.Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы. Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.Сабақтың түрі: бекітуСабақтың көрнекілігі: ОӘЖА парағы, жаттықтырғыш парағыӘдіс - тәсілі: «БжС» технологиясы Картасы: «Биоинтернет»Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі мотивация Мұғалімнің сөзі:Бүгінгі сабақтың формуласы:
«Оқы да тоқы » ұстанымын ұстанамыз.Есеп шығару + түсіндіре білу = бекітуТоптық рух: сенде мүмкіндік бар, басқаларға көмектесе отырып өзіңе көмектесу. Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
2 Жетекші білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін өзектілендіру Оқыту әрекетінің жалпылама амалдары (ОӘЖА) бойынша қайталау сұрақтары:1.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түрі2.Теңдеуді шешу үшін ...3.Теңдеуді шешу алгоритмі Оқушыларға сұрақ қою,оқушылар сұрақтар қояды.
3 1 цикл Сынып жаттықтырғыш парағынан үш тапсырма алады ТКШ –АКШ- ЖКШ екі нұсқа бойынша.1 шапалақ соғамын, оқушылар есеп шығара бастайды.I нұсқа 13-қатар есептері, II нұсқа 14-қатар есептерін орындайды.5+30 бойынша 5 оқушы аяқтаған соң 30 сек беріледі. Мұғалім ысқырады, сол кезде оқушылар жұмысты тоқтады. «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі.1.Тақтаға дұрыс жауаптарды жазамын. Оқушылар есеп жауаптарын өз дәптерлерінен тек көзбен қарап тексереді.Жауаптары:13-қатар: ТКШ ( -7 ), АКШ( 9 ) , ЖКШ( -25/36 )14-қатар: ТКШ ( 7 ), АКШ( 2 ), ЖКШ( 7,5 )Тақтаға барлық тапсырма дұрыс орындаған оқушылар шығады және әр оқушының жұмысын тексеремін-бұлар «Альфа» тобы.2. Тақтаға екі тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар шығады. Оларды «Альфа» тобындағы оқушылар тексереді.Олар 2-қатарға отырады «Бета» тобы3. Бір немесе барлық тапсырма дұрыс емес «Гамма» тобының оқушылары 3 қатарға отырады Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Тапсырманы орындау бойынша сыныпты үш топқа бөлу.
Альфа: ТКШ –АКШ- ЖКШ
Бета: ТКШ –АКШ
Гамма: ТКШ немесе барлық тапсырма дұрыс орындалмаған
4 Білімді өз бетінше қолдану «Альфа» тобындағы оқушылар санын белгілеймін және топ 6 оқушыға толмаса «Бета» тобындағы оқушыларға «Альфа» тобына көшуге мүмкіндік беремін. «Альфа» тобындағы оқушылар, олар «сарапшылар» болып саналады. «Бета» тобындағы қалауы бойынша кез келген оқушы жасаған қатесі бойынша есепті тақтада шығарып, түсіндіреді. Оқушылар сұрақтар қоюы мүмкін. Сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беру керек.
5 Бақылау және өзіндік бақылау «Сарапшылар», яғни «Альфа» тобындағы оқушыларға «бета» және «гамма» тобына көмектесу қозғалу маршрутын ООМ-да сызып көрсетемін.Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды. Мұғалім ысқырады, «сарапшылар» жұмыс бастайды. Түсінген оқушыларды ООМ-ға белгілеп отырамыз.(сарапшылар қояды)Оқушылардың 63%-ы түсінгенде ысқыру арқылы жұмыс тоқталады.
Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. 63%-дан кем болмауы тиіс.
6 Түзету Жұмыс аяқталғаннан кейін әрбір сарапшының және жаттықтырушының жұмысын ұқыпты талдау жасау, олар оқушының қандай қателер жібергенін сауатты, нақты түсіндіруі керек. Сарапшылар жұмысының қателері мен жетістіктерін көріп отыру үшін оқушылардан сұрап отыру маңызды. Сарапшылар жұмысы туралы өзімнің көзқарасымды білдіріп отырамын Мұғалімнің негізгі мақсаты сарапшыларды дайындау.
7 Ой толғау Сынып 2 циклды бастайды (екі шапалақпен бастаймыз).Үш тапсырма алады,ТКШ –АКШ- ЖКШ екі нұсқа бойынша. 24-қатар және 25-қатарЖауаптары:24-қатар: ТКШ ( -2 ),АКШ(12,5 ) ,ЖКШ( 4 )25-қатар: ТКШ (-10 ),АКШ( 18 ) ,ЖКШ( 0,3 )Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырмайды. «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. 5+30 уақыты тек қана «Бета» және «Гамма» топтарына, яғни олар орындауды аяқтағаннан кейін орындарынан тұрады.
8 2 цикл Бақылау аяқталғаннан кейін, кезең толығымен қайталанады. Егер 63% нәтиже алынса «жаттықтырғыш» картасына көшуге рұқсат етіледі.
Яғни альфаға өткен балалар 63% құрауы керек, бетадағы,гаммадағы балаларды да айта кетуіміз керек.
Сабақ туралы айту (БИС ұнады,немесе т.б.) Барлық есептері дұрыс оқушыларды мұғалім тексереді. Сосын альфадағылар беттаны тексереді.
«Альфа» тобындағы оқушылардың нормаға жетуін қадағалау
9 Бағалау «Альфа»-5 ұпай, «Бета»-4 ұпай, «Гамма»-3 ұпай.Егер оқушы «Альфадан» «Бетаға» көшсе және кайталанса ол «4» деген баға алады. Егер «Бетадан» «Гаммаға» көшсе және тағы орнына барса «3»деген баға алады. «2» деген баға қойылмайды. Оқушылардың бағалары журналға түседі.
10 Үй тапсырмасы «Альфа»-ЖКШ 11-ден 20«Бета»- АКШ 11-ден 20 және ЖКШ 11-ден 15«Гамма»-ТКШ 11-ден 20 АКШ 11-ден 15