Статья 12 жылды? білім беруді? ?зекті м?селелері


Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
Әлемнің озық елдерінің білім беру жүйелері және олардың ерекшеліктері...........................................................................................................5
12 жылдық білім берудің негізгі сипаттамалары...............................................9
Тәжірибелік жұмыстар
12 жылдық білім берудегі мектеп мұғалімдері мен менеджерлерінің жаңа моделі .....................................................................................................................12
12 жылдық білім беру жағдайына ата-аналар дайындығын ұйымдастыру..........................................................................................................16
Қорытынды............................................................................................................19
Әдебиеттер............................................................................................................20
«Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз», деген еді Н.Ә.Назарбаев.
ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім- барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі оқушылар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.
Білім берудің дамытудың қазіргі тенденциялары білім берудің интеграциясын дамытуға бағытталған.
Орта және жоғары мектептерге арналған интеграцияланған курстардың педагогтарды дайындаудың қажеттілігі туындауда. Педагогикалық зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, қазіргі динамикалық дамушы әлем педагогикалық кадрларды дайындауға сапалы талаптар ұсынады. Маманнан жоғары кәсіби, құзіреттілік, мобильділік кәсіптік бейімделуге қабілеттілік, әрдайым өзін-өзі жетілдіруін талап етеді. Қазақстанның педагогикалық білім беру модернизацияның нәтижесі қоғам талап ететін, талаптарға жауап беретін интеграцияланған курстарда сабақ беретін педагогтарға дайындық жүйесінің жаңартылуы, қайта дайындау және педагогтардың біліктілігін арттыру болып табылады.
Білім алудағы интеграциялық тұрғының мәні мұғалімнің әлеуметтік тәжірибесін беру мен оны оқушының меңгеруі ғана емес, тұлғалықтың дербес және шығармашылық өзіндік анықталуына бағытталған және бағытталуына жан-жақты және тұлғаның ішкі қажеттіліктеріне сай келетін дамудың басты бейнесі болып табылады.
Білім берудің интеграциялаудың мазмұны білімнің жүйелілігін, оқушының ойлауының динамикасын қалыптастыруды сипаттайды, интеграцияланған сабақтарды қолданумен, жобаларды құру арқылы интеллектуалдық және шығармашылық ойлауын қалыптастыруға көптеген мүмкіндік береді.
2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының Білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, Білім және ғылым министірлігінің алқа мәжілісінде мақұлданды.
12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.
Бірінші саты-бастауыш мектеп (1-5 сынып). Білім алу 6 жастан басталады, ұзақтығы -5 жыл. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.
Бүгінгі күні баланы 5 жастан бастап тәрбиелейтін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибеге енгізілгеніне бес жылдан асып кетті. Ал, алты жасар баланы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері тәжірибеге енгізіліп, еліміздің 104 мектебінде сынақ тәжірибеден өтуде.
Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктері ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми-зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылады.
Ал, екінші саты (6-10 сынып) – жалпы орта білім беру дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуде, сондай-ақ жеке тұлғалық сапалардың қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындықтың енгізілумен ерекшеленеді десек, үшінші сатысында (11-12 сыныптар) бейіндік оқыту енгізіледі.
Мұндағы басты мақсат – оқытуды даралау мен саралауға бағдарланған оқытуды енгізу арқылы жоғары сынып оқушыларының қажеттілігі, қызығушылығы мен қалауына сәйкес тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауына әсерін тигізетін бейіндік оқытуды жүзегі асыруға жағдай жасау. Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократияландыру үрдістерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері әлемдік білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің, дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы оқытудың алғашқы қадамы болып саналады.
12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейіндеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандыруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына мүмкіндік береді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу; оқушылардың әлеуметтік және жеке кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру, т.б. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс-әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады. Атап айтсақ, жеке тұлғаның жас және табиғи ерекшеліктерінің басты назарда болуы; жеке тұлғаның балалық шағының ескерілуі; барлық жұмыс оқыту мен тәрбиеге бағытталуы назарда болады. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық-баланың тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр. Яғни, 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсіністік пен ықпалдастыққа негізделген оқыту үрдісі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдысының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының танымдық қабілетінің деңгейін өсіріп, ойлау қабілетін арттырып, ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын дәрежеге қол жеткізеді. Бұл үрдіс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелді. Әрине, бұл құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етері сөзсіз. Дегенмен, әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты бұл да өз шешімін береді.
Білімді реформалардың басты міндеті - мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандыру, қалыптастыру, адам білім үшін емес, білім адам үшін деген оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, ізгілік принциптерінің қайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сонда ғана білімнің беделін арттыруға, білім беру саласының мемлекет пен қоғам өміріндегі басым мәртебесін нақты орнықтыруға болады.
Реформаның негізгі бағыттары: жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың оңтайлы кезеңі; білім берудің жаңа мазмұны мен технологиясына көшу; жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасайтын білім дайындығының базалық компонентін анықтау; орта мектептің қалыптасқан жағдайға тезірек бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту; жалпы орта білім алудың қорытынды кезеңінде бейіндік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі жағдайларға сайма-сай және дер кезінде бейімделуіне мүмкіндік туғызу; өзбетінше даму механизмін қалыптастыру болып табылады.
Ал реформалар келесі принциптерге жүктеледі:
Білім берудің қолжетімділігі, әрбір азаматтың ұлтына, діни наным-сеніміне, әлеуметтік шығу тегін, тұратын жеріне және материалдық жағдайына қарамастан, білім алуға тең құқықтылығы;
Ұлттық – мәдени және өңірлік негіздерін біріктіру; білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру;
Білім және тәрбие міндеттерінің жүйелілігі,білім алу жолдарының вариативтігі,жас ұрпақтың денсаулығын сақтау;
Білім берудің үздіксіздігі және оның сатыларының сабақтастығы жатады.
Білім беруді жаңарту-үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар, білім беруді жаңарту үрдісі – салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.
Сондықтан да, 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігі әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
Әлемдік білім кеңістігімен бірігу, біздегі білім нәтижесін көрсететін аттестаттарымызды шет мемлекеттердің мойындауы – Қазақстанның білім жүйесіндегі ең маңызды мүдделердің бірі.
12 жылдық білім беруге көшу қазақстандық білім жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «Жалпыға арналған білімнен – білім әркімге өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
12 жылдық оқытудағы басты мақсат – қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта білуге, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерен, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі негізгі міндеттер туындайды, яғни ол тәрбиелеу және дамыту іс-әрекетін ұйымдастыру және құзыреттілікерді қалыптастыру мен дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі мен бейімділігі, мақсат-мудделері мен шығармашыл қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау. Баланың табиғи қабілеттерін, жеке бас құзыреттілігін дамыта отыра оқыту деген басты ұстаным болып отыр. Ал, мақсатқа жету үшін жеке тұлғаны дамытуда келесі бес құзыреттіліктерді бала бойына дарытып, дамыту қажет; яғни коммуникативтік құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, танымдық құзыреттілік, мәселені шешу құзыреттілігі және ақпараттық құзыреттілік.
Қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келесі мәселелерді шешуде нақты қадам болып табылады. Білім беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие болар білікті жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамып, алдыңғы қатардан орын алуына кепіл бола алады.
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелеу және нақты іске асуын танытады. Педагогикалық менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізге қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілік және толықтылығы.
Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Білім беру жүйесінегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі – мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса, мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен, олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды.
Педагогикалық басқарудағы жүйелілік пен тұтастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызметтерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарастырады. Бұл қағиданы іске асырауда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметінің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпаратты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағұлматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Педагогикалық басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады. Осы қағидаларға негізделіп менеджер тұлғасында болашақ педагогикалық басқару дағдыларын қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін белгілі бір талаптар құрастырылады.
Сонымен Қазақстанның орта білім беру орындарына басшылардың бойында тек ғылыми қызметші, мұғалім ғана ретінде емес, жақсы, сауатты менеджер тұлғасын дамыту қажет. Білім саласындағы басқарушының жоғарыдағы моделдегі сипатталған қасиеттері болса, сол модель арқылы тәрбиелеуді жоспарға енгізіп, сатылар бойынша жүзеге асырсақ, оқу-тәрбие процесін жаңашылдық жүйемен ұйымдастыруға болады.
Мұғалім тұлғасының жан-жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап. Мұғалім тұлғасының қалыптасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар қатарына мына төмендегі мәселелерді ендіруге болады:
Мектепте оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарына жете білу
Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін меңгерту;
Оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым-қатынас, адамгершілік сапаларының қалыптасуы;
Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы;
Тәрбие мәселелерін оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс-тәсілдерін білу;
Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру.
Оған көптеген икемділіктер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау; жаңа тхнологияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстарды іріктей білу; оқушылардың шығармашылығына жағдай туғызу; оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақ барысында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру т.б. Ұйымдастырушылық жеке бастың таланты, педагогикалық ойы, шешімділігі мен шапшаңдығы, кез – келген ситуация да тиімді шешім табуға икемдігі, мұның бірі мұғалім тұлғасының адамгершілік, интелектуалдық деңгейінің нәтижесі. Сол арқылы кішіні де, үлкенді де сыйлаумен қатар, кез келген ортада өзін орынды ұстап, қарым-қатысқа өз деңгейінде түсе білу. Бұл жағдай тұлғаның ерекше педагогикалық, психологиялық ой-өрісін көрсетеді.
Мұғалімнің бойында тағы да бір болуға тиіс ерекше қасиеттердің бірі-бұл мұғалімнің педагогикалық мәдениеті. Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті-бұл педагогикалық іс-әрекеттің барлық компонеттерінің жетілуі мен дамуың жоғары деңгейінің және педагогтың мағыналы тұлғалық күшінің осындай жүзеге асуы мен даму деңгейінің, оның қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерінің жиынтығы.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компоненттері:
Қызығушылықтар мен қажеттіліктердің ашық көрінген тұрақты педагогикалық бағыттылығы
Мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениеті, педагогикалық такт
Мұғалімнің тұлғалық дербестілігі
Жалпы педагогикалық эрудиция және құзыреттілік
Жұмысқа деген қызығушылық, қатынастық және ниет танытушылық
Ұдайы өзін-өзі жетілдіру ұстанымы
Педагогикалық шеберлік
Гармониялық ақыл-есті, адамгершілікті және эстетикалық даму
Әр ғалым педагогикалық зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы педагогикалық практиканың мәніне тоқтала отырып, әр түрлі анықтама береді. Мәселен, И.Я.Лернер еңбегінде мұғалімнің мақсатты түрде ұйымдастырған әрбір әрекеті оның нәтижесін алдын ала біліп отыруға жағдай жасауға тиіс деп көрсетеді. Ғалым-педагогтің пікірі бойынша мұғалім өзінің жұмысының нәтижесін алдын ала сезіп отыратын зерек, болжамы жетілген тұлға болуы тиіс. Мұғалім тұлғасын сөз еткенде қай ғалым болмаса да, оның кәсіптік шеберлікпен байланысты қалыптасатынын айтпай өте алмайды. И.Я.Лернер өзінің бұл пікірін оқу үрдісі және оның заңдылықтарын сөз еткенде тағы да қайталап, оқытудағы басты заңдылықтардың бірі ретінде мұғалім тұлғасының оқытып білім берудің барлық талаптарына сай келуін талап етеді. Мұғалім тұлғасының сапасын айқындау қоғамының жеке тұлға дайындығына қойып отырған талаптарынан, қаулы-қарарлар шешімінен туындайды. Олай болса, қазіргі қоғамда мұғалім тұлғасына қойылатын талап өте жоғары. Қазіргі мұғалім жоғары білімді, дене еңбегіне де, ой еңбегіне де дайын, ғылым мен мәдениет салаларынан хабардар, жаңа типті оқу орындарының кез-келген саласында қызмет етуге оңтайлы, ортамен қарым-қатынасы, этикалық, адамгершілік сапалары жетілген тұлға болуға тиіс. Мұғалім тұлғасының қалыптасуында ең бірінші мәселе оның кәсіби дайындығының жоғарылығы, оқу үрдісін ұйымдастыра білу шеберлігі.