Ерте тілдік ж?не ?зге тілде білім беруді? ?зекті м?селелері.


Ерте тілдік және өзге тілде білім берудің өзекті мәселелері.
Мухаметжанова Жадыра Маратовна ағылшын тілі мұғалімі
«Айналайын» шағын орталығы
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден  артық тіл қолданатын ортаға түседі.  Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Үш тілді еркін меңгерген, үш тілде білімін кеңінен қолдана білетін, басқа халықтың мәдениетіне құрметпен қарайтын тұлғаны қалыптастыру – қазіргі заман талабы.
«Айналайын» шағын орталығында ІІ – кіші топтан ересек топтарға дейін ағылшын тілі жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі.
Сонымен қатар көрнекіліктер қолданудың да маңызы зор. Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.
Біз жыл басында ағылшын сабағына арналған 14 көрнекіліктер папкасын дайындадық. Бұл тақырыптарға байланысты көрнекіліктерді оқу іс – әрекетінде қолданамыз. Осы көрнекіліктермен педагогикалық кеңесте презентация жасадым.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншық жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс.
Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.
Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал қарым-қатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін тигізеді.
Сонымен қатар тәрбиешілерге арналған үш тілдегі тақпақтар жинағы, сергіту сәттерінің жинағы және ертегілер жинағы бар. Бұл жинақтарды тәрбиешілер оқу іс – әрекетінде пайдаланады. Ертегілер жинағын оқу іс – әрекетімен қоса, күннің екінші жартысындда қолдануға болады.
Мұнымен қатар балабақшада ағылшын іс –әрекетінде тақырыптық бейнематериалдарды пайдаланудың да маңызы зор. Балаларға тіл мен айтып, көзбен көрсетсек олардың естерінде жақсы сақталады.
Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға, көріністерге беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: «The three little pigs», «The wooden house», «Little mouse» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.
Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың, көріністердің дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр.
Біздің балабақшамызда өткен «Алтын күз» ертеңгілігінде Қарлығаш ересек тобымен «Үйшік», «Wooden house» ертегісін сахналадық.
Бұл ертегіні сахналаудағы мақсатымыз мектепке дейінгі балалардың тілдік компоненттілігінің жоғарылауына септігін тигізу, тілді тезірек «сезінуге» көмектесу, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосу.
Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. 
Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері  анық.Балабақшада берілген барлық білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын.
Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз  дамыту үшін сабақты ойын, көрнекілік арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз  тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
       Қорытындылай келе, ойындар, көрнекіліктер балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.