Саба? жоспары география п?нінен та?ырыбы: «Испания» (11 сынып)


Сабақ № 32
Сыныбы 11 «А»
Күні 15.01.2016 ж.
Тақырыбы: Оңтүстік Еуропа елдері. Испания.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Еуропа елдері, Испания табиғаты, халқы, өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Оңтүстік Еуропа елдері, Испаниямен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Топтастыру.
3. Кестемен жұмыс.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Нидерландының мемлекеттік құрылымы?
2. Нидерландының халқы?
3. Нидерландының табиғаты?
4. Нидерландының шаруашылығы?
5. Нидерландының көлігі?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.
Топтастыру арқылы Испанияның ұлттық құрамын түсіндіру.
Валенсиялықтар
Испандар

Ұлттық құрамы
Андалузиялықтар
Каталондықтар


Басктер
Кастилиялықтар

3. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Испанияның өнеркәсібін түсіндіру.
Отын-энергетика кешені 4 АЭС жұмыс істейді. Геотермальдық және күн энергиясын пайдаланады.
Тау-кен саласы Түсті металлургия кәсіпорындары жергілікті қорғасын кен орындары негізінде солтүстік-батыста, мырыш пен алюминий солтүстіктегі портты қалалар маңында шоғырланған.
Машина жасау өнеркәсібі Автомобиль, кеме және локомотив жасау салалары күшті дамыған.
4. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Испанияның ауыл шаруашылығын түсіндіру.
Испанияның ауыл шаруашылығы


Өсімдік шаруашылығы. Елдің орталығында, солтүстігінде дәнді-дақылдар, өзен аңғарларында күріш, Эбро аңғарында бақша дақылдары, Андалузия жерінде зәйтүн, Жерорта теңізі жағалауында, Балеар аралдарында цитрус дақылдары, суармалы алқаптарда техникалық дақылдар, жүзім барлық жерлерде өсіріледі.
Мал шаруашылығы.
Нашар дамыған. Құрғақ аудандардағы латифундияларда қой бағылады, солтүстік пен солтүстік-батыстың ұсақ шаруашылықтарында ірі қара мал ұстайды.

Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Оңтүстік Еуропа елдері, Испания.