География п?нінен саба? жоспары, та?ырыбы Географиялы? зоналылы? (7 сынып)


Пән География Сыныбы: 7 Күні:
Тақырыбы: Географиялық зоналылық
Сабақтың мақсаты: Географиялық зоналылық туралы ұғым қалыптастыру
Оқушылардың өз бетімен білім алу белсенділігін арттыру
Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Географиялық зоналылықпен танысады.
Өз бетімен тақырыпты меңгеруге үйренеді.
Бірін-бірі тыңдауға үйренеді.
Өз ойын еркін жеткізе біледі.
Негізгі түйіні: Топтық жұмыс
Тапсырмалар: 1. Тест сұрақтары
2. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Қандай табиғат зоналарын білесіңдер?
3. 1топ-сәйкестендіру кестесі
2топ-географиялық диктант
3топ-тест сұрақтары
Модуль: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Сыни тұрғыдан ойлау
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Білім беруде АКТ пайдалану
Деректер: География: материктер мен мұхиттар: оқулық, Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова
Алматы: «Атамұра», 2003
Оқыту әдістемесі, Ә.Бейсенова, С.Әбілмәжінова
Алматы: «Атамұра», 2003
Мұғалім:
Сабақтың басталуы:
Сергіту сәті
Пысықтау:
Үйге тапсырма:
Рефлексия:
Бағалау:
Оқыту жабдығы: Мұғалім үйлестіруші. Оқушыларды үш топқа бөлу. Топтардың жұмысын, өзара байланысын ұйымдастыру, жұмысты бақылау және қате жағдайда көмекке келу.
Сәлемдесу, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, нәтижесімен таныстыру
Сабақтың жоспары тақтаға жазылады
1. Географиялық зоналылық заңы
2. Табиғат зоналары
3. Биіктік белдеулер
.Үй тапсырмасын тексеру: Параграф 11
1.Тест сұрақтары, өзара тексеру
Жаңа тақырып:
Мұғалім: Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.
Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.
Құрлықтағы зоналылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигізеді.
Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орнына сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады.
Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен, географиялық қабықтағы негізгі заңдылық болып табылады.
Табиғаттағы зоналық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады.
Оқушыларға тапсырма ұсынылады:
2. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Қандай табиғат зоналарын білесіңдер?
3. 1топ-сәйкестендіру кестесі
2топ-географиялық диктант
3топ-тест сұрақтары
(оқушылар оқулықпен, атласпен жұмыс жүргізеді)
Оқушылар тапсырмаларды орындайды, өзара талқылайды,бірінің
білмегенін бір-біріне айтады
Жаппай талқылау. Топтар есеп береді
және дайын материалмен сынып алдына шығады.
Оқушылардың жауабы тыңдалады, толықтырылады
Мұғалім: Слайд «Географиялық зоналылық»
Оқушының ойлану әрекетіне көңіл бөлу
Географиялық зоналылық заңдылығын сипатта
Табиғат зонасы дегеніміз не?
3. Ендік зоналылық дегеніміз не?
( Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды.)
4. Биіктік белдеулер дегеніміз не?
( Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкереорналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды.)
Параграф 12, бет 58 сұрақтар мен тапсырмалар
Сабаққа қорытынды (оқушылар өз ойларын стикерге жазады, смайлик)
Сабақ ұнады ма?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Бағалау парағы
Оқулық, презентация,тест, таратпа материал
Бағалау: Критерий бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалау, қорытындысына талдау, қорытынды баға.
Аты -жөні Тапсырмалар
1-тест
10 ұпай2- тапсырма
10 ұпай 3- тапсырма
10 ұпай Ұпай саны Баға
25-30 ұпай- «5»
20-25 ұпай- «4»
10-20 ұпай- «3»
0-10 ұпай- «2»
Үй тапсырмасын тексеруге арналған тест сұрақтары
Оқушының аты-жөні________________________________________
1) Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері:
а) табиғат компоненттері ә) белдеу б) зона
2) Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы қалай аталады?
а) табиғат кешені ә) табиғат компоненті б) континент
3) Жер шарының ен үлкен табиғат кешені
а) географиялық қабық ә) географиялық белдеу б) географиялық номенклатура
4) Негізгі географиялық белдеу
а) 2 ә) 3 б) 4
5) Географиялық қабықтың заңдылылықтары
а) 4 ә) 3 б) 2
6) Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне не жатады?
а) материктер мен аралдар ә) материктер мен мұхиттар б) мұхиттар мен өзендер
7) Географиялық қабық құраушыларына жатады
а) ауа, су, тау жыныстары ә) топырақ, тірі ағзалар б) барлығы
8) Ең үлкен материк
а) Африка ә) Еуразия б) Аустралия
9) Ен кіші мұхит
а) Тынық ә) Атлант б) Солтүстік Мұзды
10) Екі дүние бөліктен тұратын материк
а) Африка ә) Антарктида б) Еуразия
Дұрыс жауабы
1) а) табиғат компоненттері 6) ә) материктер мен мұхиттар
2) а) табиғат кешені 7) б) барлығы
3) а) географиялық қабық 8) ә) Еуразия
4) б) 4 9) б) Солтүстік Мұзды
5) а) 4 10) б) Еуразия
Географиялық диктант
1. Табиғат зоналарының орналасуы ................... ................... тығыз байланысты.
2. ............... .................. өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады.
3. Табиғаттағы зоналық тек жазықтарда ғана емес, ..................... .................. да байқалады.
4. Тау жүйелері ........................ жақын орналасса және неғұрлым ............. болса, ондағы биіктік белдеулер саны көп және ........................ алуан түрлі болады.
5. Еуразияның ....................... белдеуінің түрлі бөлігінде орналасқан .................... зоналары да бір-біріне ұқсамайды.
Географиялық диктант
1. Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты.
2. Табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады.
3. Табиғаттағы зоналық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады.
4. Тау жүйелері экваторға жақын орналасса және неғұрлым биік болса, ондағы биіктік белдеулер саны көп және табиғаты алуан түрлі болады.
5. Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлі бөлігінде орналасқан орман зоналары да бір-біріне ұқсамайды.

Сәйкестендіру кестесі

Гималай зоналық
ендік белдеу
биіктік материк
экватор тау
Еуразия сызық

Сәйкестендіру кестесі

Гималай зоналық
ендік белдеу
биіктік материк
экватор тау
Еуразия сызық


Тест сұрақтары
1) Табиғат зоналарының аттары .................. сипатына сәйкес келеді
а) өсімдіктің ә) жануардың б) судың
2) Табиғат зоналарының орналасуы неге байланысты?
а) мұхиттарға ә) климаттық белдеулерге б) ауа райына
3) Географиялық қабықтағы негізгі заңдылық
а) экваторлық ә) зоналық б) тартылыс
4) Жер шарындағы ең биік тау
а) Анды ә) Тянь-Шань б) Гималай
5) Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу
а) қоңыржай ә) субтропиктік б) субэкваторлық


Тест сұрақтары
1) Табиғат зоналарының аттары .................. сипатына сәйкес келеді
а) өсімдіктің ә) жануардың б) судың
2) Табиғат зоналарының орналасуы неге байланысты?
а) мұхиттарға ә) климаттық белдеулерге б) ауа райына
3) Географиялық қабықтағы негізгі заңдылық
а) экваторлық ә) зоналық б) тартылыс
4) Жер шарындағы ең биік тау
а) Анды ә) Тянь-Шань б) Гималай
5) Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу
а) қоңыржай ә) субтропиктік б) субэкваторлық