Материктер мен м?хиттар географиясы нені о?ытыды


Сабақ: №1 Күні: 04.09.14
Сыныптар: 7 Ә
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытыды
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты – Жалпы географиялық білім беру, материктер мен мұхиттар географиясы түсінігін, оның зерттеу пәні мен зерттеу объектілері туралы, зерттеу салалары туралы білімді ашу.
Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы
Сабақ түрі: Кіріспе сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)
ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
V кезең – қорытынды (2 мин)
Сабақ барысы:
Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.
ІІ Мұғалім балаларға сұрақтар қояды:
1. 6-сыныптағы физикалық географиясы курсында немен таныстыңдар?
Ал ендігі 7-сыныпта сендер елтану бағытындағы Жер табиғатының ерекшеліктерімен оның алуан түрлілігі, ондағы елдер мен халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы білім аласыңдар. Жеке-жеке мұхиттар мен материктерге тоқталамыз.
Сосын мұғалім келесі фронтальді сұрақтарды қояды.
1. Неше материк, неше мұхит бар?
2. Материк пен дүние бөлік арасындағы айырмашылығы қандай?
Сосын материктер, мұхиттар, аралдар тақырыбын өз беттерінше оқып шығындар деген тапсырманы береді. Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін балаларға материк, мұхит және дүние бөліктері аудандарының арақатынасы диаграмаларын сызғызады.
Сосын арал деген не және оның түрлерін атап (материктік, жанартаулық, маржандық) және оларды картадан көрсетеді. Балалармен бірге аралдардың пайда болуын талқылайды.
Сосын параграф соңындағы сұрақтарды қояды.
Оқушылар кескін картаға мұхиттарды, теңіздерді және аралдарды түсіреді. Балалар материк, мұхит және дүние бөліктері аудандарының арақатынасы диаграмаларын сызады. Сосын балалар бұл аралдарды атластарынан өздері тауып есіңе сақтайды.
Сосын параграф соңындағы сұрақтарға жауап береді.
ІV Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
V Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді. Үзіліске шығады.