Саба?ты? та?ырыбы: С?ндік ?олданбалы ?нер
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Оқушының ой-қиялын дамыту,сәндік ыдыс-аяқты дұрыс бейнелеуге баулу.
3.Тәрбиелік: Сәндік қолданбалы өнер түрлерін жас ұрпаққа үйрете отырып,адамгершілікке,имандылыққа баулып,эстетикалық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: технология,әдебиет,тарих
Сабақтың көрнекілігі: ыдыс-аяқтар,қолөнер заттары,плакат,сөзжұмбақ, ребус,мақал-мәтел
Құрал-жабдықтар: қалам,қағаз, түрлі-түсті бояу,қылқалам
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі; Дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері:Көрнекілік,ішінара іздену,сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі 2мин
А) Оқушылармен амандасу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) Оқушыларды тәртіпке шақыру
В) Құрал-жабдықтарын тексеру
4.Жаңа сабаққа кіріспе 3мин
Оқушылар ,міне сендермен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер.
Бүгін біз сәндік қолданбалы өнер түрлерімен танысып,сәндік ыдыс-аяқтарды дұрыс бейнелеуді үйренеміз.
5.Жаңа сабақ 25мин
-Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар.Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес,эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем туынды жасауды айтады.Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады:ағаш, сүйек,тас,әйнек, табиғи және жасанды заттар.Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:керамика (фарфор),әйнек (ыдыстар,құмыра,мозайкалар),көркем оймыш (ағаш,тас,сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар (зергерлік бұйымдар),жиһаздар (сәндік маталар,киімдер),ойыншықтар.
Қай халықтың болса да,тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады.Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерініңдамуы өзінше ерекше.
Қолөнермен айналысатын адамдарды 4 топқа бөлуге болады.
Қолөнер 1.Ұста; 2.Зергер, 3.Ісмер; 4.Шебер
Ұста- қару-жарақ,ер-тұрман,сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам.
Зергер-алтынмен аптап,күміспен алқа,сырға,білезік жасайтын адам.
Шебер-ағаштан әртүрлі бұйымдар жасайтын адам.
Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын,қолынан іс келетін адамдар.
Тұрмысымызда сәндік қолданбалы өнер өте көп қолданылады.
Ал балалар тақтадағы «Ойлан тап» ребусты шешейік.
Шар .. .5. Көбелек ... Орақ ..
Суреті . суреті . суреті
Қандай сөз шықты? Ш Е Б Е Р
Халық шеберлері тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқтар жасаған.Қазір сурет дәптерлерімізге ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар суретін салайық.
Қымыз құюға арналған ыдыстар суреті.
6.Жаңа сабақты пысықтау 10 мин
Сөз жұмбақ. Ұлттық киімдер
1.Ұлдар бас киімі (тақия)
2.хан-сұлтандар бас киімі (айырқалпақ)
3.Ұлттық аяқ киім (Мәсі)
4.Әйелдер киімі (камзол)
5..Әйелдер аяқ киімі (башпақ)
7.Жаңа сабаққа қорытынды 3 мин
Зергерлік бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?
Ісмер деген кім?
8.Үйге тапсырма 2 мин
Камзол, сәукеле суретін салу