Ашы? саба? ?ткенді пысы?тау
Тақырыбы: Өткенді пысықтауСабақтың мақсаты:Сыни ойлау арқылы оқушылардың логикалық ойлары дамиды.
Күтілетін нәтиже:
топпен жұмыс жасай алады;
өзгенің пікірімен санасады;
логикалық ойлау қабілеті дамиды;
сабаққа деген қызығушылығы артады;
топ ережесін сақтайды.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақСабақтың әдісі: « Болжау » стратегиясы, «Миға шабул» стратегиясы, «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі, «Он сұрақ!» әдісі, «Құпия зат» әдісі, « Кім зерек» әдісі , жұптық, жеке жұмыс.Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тапсырмалар, ертегі есеп, өлең есеп, флипчартпен жұмыс, слайдСабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі:
1.Шаттық шеңбері (Жақсы қасиеттер айту)
2.Топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, күтілетін нәтиже.- Құрметті ұстаздар, сіздер 2- сынып арасында өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер! Сайыста екі топтан ұпайды көп жинаған оқушы «Жас математик» номинациясына ие болады. Ұпай санын топ жетекшілері анықтап отырады.
2. Бүгінгі сайыс сабағында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.1- топ « Алғырлар»
2- топ « Білгірлер»Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылытаныстырып өтсін.
1-топ «Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламызАты аңызға айналған
«Алғыр» бала атаныпБізде ғалым боламыз.
2- топ «Білгірлер»
Мақтанбаймыз «білгірміз» депТаудай бірақ талабымыз«Білгір» бала атанып,Келешекте өскендеҮлкен ғалым боламыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде.Көз алдарына не елестейді?
Қыс мезгілі. Қыс мезгілі туралы сендермен шығарма жазған болатынбыз.Дарынды балаларды тындау.Қысы –жазы түсін өзгертпейтін ағаш.
1-тапсырма. Шыршамыз жарқырап жану үшін мына тапсырманы орындайық.1-топ 2-топ
6+4+2= 10-5-5=
12-2-6= 9+1+3=
11-1+5= 14-4+0=
7+3+2= 9+1-2=
8+2-5= 5+5-4=
Шырша жарқырайды. ( шапалақ)
Осы шыршамызға сән келтіретің кімдер жетіспей тұр?
2- тапсырма. Ақшақардың тапсырмасыҚашықтықты немен өлшейміз?1- тапсырма .15 таяқшадан метр деген сөзді құрастыру керек.2-тапсырма.Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?(флипчартпен жұмыс)
топ. Үшбұрыштан шырша құрастыру .
топ . Аққала « Құпия зат» әдісі ( мына сурет бойынша сұрақ құрастыр)
Сергіту сәті.
тапсырма. Осы шыршамызға сән келтіретін аяз атамыз келгенше « Момын мен қарақшылар» ертегісін көрейк. « Кім зерек» әдісі.
Сұрақтарға жауап іздеу
4-тапсырма. Аязатаның тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады.Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
2.Көлден ұшты 50 қаз,Қайтып қонды 20 қазҚонбады оның нешеуі,Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
3.аламаның 2-інДосың сұрап алады.Айтшы сонда нешеуіӨз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек,Қорада 20 үйрек,10 үйрек тығылды10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70үйрек)
4.11 түйе, бес жылқы.2 сиыр, бір ешкі2 қоян, үш түлкі,Неше болды барлығы? (24) 5.Табақта 55 алмаҚолымда 5 алмаБарлығын қосқандаБолады неше алма? (60 алма)
6.Қолымда 55 алма5-ін бердім апама,5-ін бердім атама,Нешеуі қалды өзімде? ( 45 алма)
7.100 асықтың 30-ын,Досым сұрап алдыАйтшы сонда нешеуіӨз қолымда қалады. (70 асық)
1.Қызықты тапсырмалар. « Миға шабуыл» стратегиясы
1. Сырғанаққа сырғанауға бұзаулар мен тауықтар келіпті. Аяқтарының саны - он. Неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? ( 2 бұзау, 1 тауық. 1 бұзау, 3 тауық)
2. Шырша басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі3. Топ жетекші ( ауызша есептеу) «Он сұрақ » әдісі
5- тапсырма. Не? Қашан? Қайда? ойыны
- Осымен, балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сабағын аяқтай отырып, аяз атанын сыйлығы ол сендердің бағаларын.
Бағалау: Топ басшысы бағалайды, ұпай санын айтады.
Кері байланыс. Тілектерінді жазып, шырша астына қойыңдар. Сабақтан алған әсерлерін қандай?
1-сұрақ
Асық неше рет орнынан секірді?
2- сұрақ
Қарақшының басынан неше рет шертті?
3- сұрақ
Қарақшы қанжарымен етті нешеге бөлді?
4-сұрақ
Қарға неше рет қорылдады?
5-сұрақ
Жебе неше рет атылды?
1-сұрақ
Асық неше рет орнынан секірді?
2- сұрақ
Қарақшының басынан неше рет шертті?
3- сұрақ
Қарақшы қанжарымен етті нешеге бөлді?
4-сұрақ
Қарға неше рет қорылдады?
5-сұрақ
Жебе неше рет атылды?