«Жау?азын – Наурыз мерекесіні? белгісі»
Мақсаты: «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту мақсатында халқымыздың салт- дәстүрін балалардың бойына сіңіру
музыка залы әсем безендірілген. Мерекелік көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары кіреді.
1-бала: Армысыңдар ағайын,
Бармысыңдар, ағайын.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын!
2-бала: Наурыз келді, нұр келдіТүгел аймақ түрленді,
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
3-бала: Басталды міне тойымызҰнады әнмен ойымызНаурыз бақыт әкелсін
Тойға ұлассын тойымыз.
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: — Міне, көктем келді,
Жер құлпырып көгерді.
Дала қысқы ұйқыдан оянып,
Бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады.
Би: «Жауқазын».
(Би аяқтала бере, ортада билеп жүрген жауқазынды Қара дауыл ұрлап әкетеді).
Жауқазындар: — Біздің жауқазын гүліміз қайда? Қара дауыл біздің мерекемізге кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді біздің әсем жауқазынымызды Қара дауылдан құтқарады?
(Ортаға батырлар шығады).
Мен Ертөстікпін – ең батылдымын, батырмын!
Мен Тазша баламын – ең айлакермін!
Мен Желаяқпын – ең шапшаңмын!
Мен Саққұлақпын – жердің асты-үстіндегінің бәрін естимін!
Мен Таусоғармын – тауларды бір орыннан екінші орынға қозғаймын!
Бәрі бірге: — Біз жігіттер – ең тапқырмыз!
(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын құрып отырып, ақылдасады).
Ертөстік: — Әрқайсымыздың өз басымыз бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынбыз ба?
Батырлар: — Ия, дайынбыз!!!
Ертөстік: — Мен Қаратаудың бойымен жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол бізге көмектесер.
Батырлар: — Аттанайық!!!
Жүргізуші: — Олар аттарына мініп Қаратау жаққа жол тартты.
Біздің батырлар данагөй Жамал әжеге жеткенше, біздер көңілімізді көтеріп ән салайық, Наурызға арнап, жыр арнайық.
4-бала: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Дархан-дала қарлы шың.
5-бала: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке-ырыс сыйлашы.
6-бала: Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір, төрлет!
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр, сый-құрмет.
(Батырлар Жамал әжені кездестіреді, амандасады)
Тазша бала: — О,Жамал әже, сіз естіген шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін Қара дауыл өз патшалығына алып кетті. Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді. Бізге қандай ақыл бересіз?
Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады) – Көмегімді аямай, көрген-білгенімді айтайын… Сендердің гүлдерің аман-сау! Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен, суық таулар арасынан өтулерің керек. Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің түспесін. Мен сендерге көмектесемін, мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы түйір жіп сендерге жол көрсетеді.
Батырлар: — Рахмет, әже!! Біз аттанайық!
(Залды бір айналып шығып кетеді).
Жүргізуші: — Салт-дәстүрімізді сақтаған,
Қазағымнан айналдым.
Батырларымызға сәт-сапар деп,
«Домбыра» ойынын бастадым.
Ойын «Домбыра».
Жүргізуші: — Батырлар бірнеше күн, бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан ошақ басында отырған Мыстан кемпір кездеседі. Батырлардың алдарында домалап келе жатырған ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып, тығып тастайды.
Мыстан: — Әй, сендер мұнда неғып жүрсіңдер?
Саққұлақ: — Біздер Қара дауыл патшалығын іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің ғажайып түйір жіпті!
Мыстан: — Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын да, әрі өткізбеймін. Қара дауыл менің досым ғой. Мен неге сендерге болысу керекпін? Ал егерде… сендер менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, сонда ғана мүмкін ойланып қарармын. Жұмбақтар болса, өте күрделі, оның жауабын ешкім таба алмаған.
Желаяқ: — Саспа Мыстан әже, сенің жұмбақтарыңды шешеміз!
Мыстан: — Олай болса, тыңдаңдар:
Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
Құлағын бұрап тартқаны не? (Домбыра)
Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар. (Ұршық).
Мыстан: — Сендер расында тапқыр екенсіңдер… Сонда да мен сендерге ғажайып түйір жіпті қайтармаймын. Ол мүмкін өзіме де керек болып қалар. Мен одан да өзіме тамаша жемпір тоқырмын, мүмкін.
Жүргізуші: — Ой, мыстан әже, мүмкін сіздің қатып қалған жүргеіңізді біздің балалардың өлең-жыры жібітер.
7-бала: Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік, ән салып.
Жылда келсін, ұлы күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Ән: «Наурыз» (орыс тілінде)
Мыстан: — Қалай тамаша әндетесіңдер?! Менің жүрегім жылыды, тұла бойыма қан жүгіріп, сендермен бірге би билегім келді ғой. Рахмет, сендердің тамаша әндеріңе! Мә, міне, ұстаңдар, ғажайып түйір жіптерің! Мен домбыра сатып алып, ән айтуға үйренбесем. Жолдарың болсын!
(Батырлар бастарын иіп Мыстан кемпірмен қоштасады).
Жүргізуші: — Көп пе, аз ба, батырлар ұзақ жол жүріп шөлдеп, шалдығып келе жатырса, алдарынан Айдаһарды кездестіреді.
— Кімсіңдер?
Айдаһар: Желаяқ: — Біздер батырлармыз, жауқазын гүлін іздеп келеміз.
Таусоғар: — Әй, Айдаһар, сенің құдығыңнан су ішуге бол ма?
Айдаһар: — Бұл не деген сұрақ? Әрине болмайды! Бұл құдықтан бір тамшы суды да татпайсыңдар! Бұл құдыққа жүз жыл, сонша маған да. Жүз жыл бойы бұл жерден қанша тірі жан өткен, бірақ та ешқайсысы менің құдығымнан су ішіп көрмеген. Сондықтан да ама-сау тұрғандарыңда бұл жерден кетуге тырысыңдар!
(Батырлар ақылдасады).
Ертөстік: — Айдаһар сен бізбен бірге ойын ойнауға келісесің бе?
Айдаһар: — Ол не, ойын деген?
Жүргізуші: — Қазір біз көрсетеміз. Ойынымыздың аты «Қыз қуу».
(Ойын шарты түсіндіріледі).
Ойын: «Қыз Қуу»
Айдаһар: — Менің көңілімді көтердіңдер. Жарайды, құдығымнан су ішіңдер.
(құдығынан су алып береді).
Батырлар: — Рахмет, саған, Айдаһар!
Жүргізуші: — Батырлар әрі қарай жол тартты.
(Батырлар жолға шығады).
Жүргізуші: — Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Қазақ биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
Би: «Жігіттер биі».
Жүргізуші: — Батырлар жолда келе жатады. Бір кезде шаршап-шалдығып құлап, ұйқыға батады. Батырлар жауқазын гүлінің жұпар иісін сезеді.
Тазша бала: — Батырлар-ау, жауқазын гүлінің иісін сеземісіңдер? Бірақ, гүліміз әлі Қара дауылдың қолында.
(Осы кезде Қара дауыл ұшып келіп, батырлармен шайқасады. Батырлар жеңіп, Қара дауыл құлайды).
Батырлар: — Қайда, біздің жауқазын?
Қара дауыл: — Айтамын, айтамын, жауқазынның қайда екенін, тек қана мені жіберіңдерші?
Ертөстік: — Жібереміз, егерде зұлымдықты қойсаң.
Қара дауыл: — Қоямын, зұлымдығымды қоямын. Мені кешіріңдерші. Мен жалғыз болдым, менің қара үңгірімде мұнайлы болды. Сосын жауқазын менің көңілімді көтерер деп ойладым. Мен қатемді түсіндім, мені жіберіңдер, мен сендерге жауқазынды қайтарамын.
(Қара дауыл жауқазынды алып келеді).
Жүргізуші: — Барлық ертегідей, жақсылық зұлымдықты жеңеді. Бүгін де біздің батырлар гүлді құтқарып, мерекеміздің сәнін ашты.
Батырлар: — Біз туған жерімізге мерекені қайтардық!!!
Ән: «Жауқазын»
Би «Наурыз».
Жүргізуші: — Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгіҚазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз – ендеше, қыз бен жігіт айтысын тамашалайық.
АйтысНаурыз көже – тағамның ең үлкені
Жадыратып, жаныңды семіртеді.
Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,
Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі. – дей келе, ертеңгілігіміздің соңында
баршаңызды дәм татуға шақырамыз.
Ән: «Наурыз»
Соңы.