Тіл мерекесіні? жоспары Тілім мені?-тірлігімні? ай?а?ы.



«Бекітемін» «Тексерілді»
Мектеп директоры: ДТІЖО:
_________ К.Сейдалиева _________ С.Жүнісов

Тілдер күні мерекесіне орай өткізетін іс – шаралар жоспары
                                                             
 
№ Іс - шаралар Мерзімі Жауаптылар
1 Тіл мерекесінің ашылу салтанаты  22.09. 16      . Г.Қойлыбаева
2 .«Біз- бір шаңырақ баласымыз» қабырға газетін шығару
 22.09. 16       5-11- сынып
3 «Тіл мәртебесі – ел мерейі» .Шығармалар байқауы 22.09. 16       Г.Қойлыбаева
А.Режімбетова
4 Слово – великое орудие жизни. Эсселер байқауы 22.09. 16       Г.Умиралиева
Э.Қарымсақова
5 Do we need an English language? Эсселер байқауы 22.09. 16       М.Тұрлыбекова
Г.Дарибаева
6 «Тіл тұмар – бір шынар» кітап көрмесі 22.09. 16       Б.Арғынбаева
7 Пікірталас: « Үш тіл білу - заман талабы» 22.09. 16       Г.Қойлыбаева
А.Режімбетова
8 Әдеби кеш :« Туған тілім – тірлігімнің айғағы» 24.09.16 Тілдер бірлестігі

Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар
ӘнұранӨтілубарысы: Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі- Г.Қойлыбаева: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының Тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай , біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек. Бүгінгі өткізгелі отырған «Туған тілім- тірлігімнің айғағы»
тақырыбындағы іс – шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,Балалар, құтты болсын тілің бүгін,Ашатын жан сарайын білімдінің.Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы концерттік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Құттықтау сөз мектеп директоры К.Сейдалиеваға беріледі.
Хор: «Анамның тілі» 5-сынып
  Жүргізуші 1:    Нұрлыбек Айда: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
 Құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Асанхан Ұлмекен 2:  Здравствуйте,  уважаемые учителя, учащиеся. Добро пожаловать на наш праздник. Мы рады приветствовать вас на фестивале, посвященный Дню языков народов казахстана.
Аман Аида 3:
Good afternoon dear guests, teachers, pupils
And everybody who has come to our party.We are very glad to see you here.
Today is the day of languages which we and Our country Kazakhstan celebrates every year!
. 1- жүргізуші
22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы —Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.
2- жүргізуші
Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как День языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3-х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство!
3- жүргізуші
Every day, on the twenty first of September our country celebrates the day of languages! All of us must speak 3 languages: Kazakh, Russian and English, because the knowing of languages is our treasure!
Жүргізуші 1:Ән. «Қазақ тілі» Әлімбек Нұрай
1-жүргізуші: Елбасымыздың үштұғырлы тіл саясаты да біздің мектебімізде жалғасын табуда, соның бір айғағы ретінде оқушыларымыз үш тілде өлең - жырларын сіздерге арнамақ (үш тілдегі өлең оқу:.) 2 - жүргізуші: Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай. Шұғыла,Хиуаз,Жанарыс,Диана,Жанерке,Алия,Аяулым
Жүргізуші 1:Би.5-сынып Таурус.
2-жүргізуші: Родной язык дороже злата, Его обязан каждый знать. Ведь так заботлива, богата Земля, взрастившая нас мать.
Орыс сыныбы.
Танго биі.5-сынып.
3-жүргізуші: Speaking in English is as good as gold The language of English we need to uphold It's very fun when you come to think of it When you're with your friends who also loves it Ағылшын тіліндегі өлеңдер.Жанель,Малика.
Ән. «Қазақстан» 6-сынып.
Жүргізуші 1: Тілден биік асқар жоқ,            
                      Тілден асқан байлық жоқ,
                      Тілден терең теңіз жоқ.
Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан бұл тілді ең бай, ең таза түркі тілдерін бірі деп таниды.
Жүргізуші 2:  Казахстан –многонациональное государство. Все народы, населяющие его, равноправны. Все они на основе проводимой нашим президентом, уважаемым Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым, национальной политики развивают свой язык и национальную культуру.
Ұйғыр биі.10-сынып
Жүргізуші 1:  Туған тілім тірлігімнің айғағы
                       Тілім барда айтылар сөз ойдағы
                       Өссе тілім-мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін-деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта, қай елде болса да, қастерлі, құдіретті.
1-жүргізуші:
Тілі бөлек болғанымен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан-бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр
2 - жүргізуші: Знание языков необходим как воздух и вода. Изучение языков требует серьезного и ответственного отношения. Для дальнейшего процветания и развития нашего государства знание трех языков казахского, русского и английского обязательно. 3-жүргізуші: Also our president N. Nazarbaev demands us knowing several languages. And now young generation is learning English as it is in international level. Our children of 7th grade prepared for you a performance “Turnip”. Please enjoy it. It was the best performance. Ән: Бақытжан Айнагүл
1-жүргізуші: Уақыт бөліп, көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!
Кеш Ерман Рамазан мен Ерман Еркебұланның «Жүрегім қазақ» әнімен аяқталады.
1-жүргізуші:  Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады.
Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.
Орыс биі «Люли»5-сынып
2-жүргізуші:  Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз.
1-жүргізуші: Көрермен қауымға тіл туралы қызықты деректерімізді бөлісіе кеткеніміз жөн сияқты.
2-жүргізуші: Ендеше, адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты фактілерімізді естеріңізге сала жүріңіздер
6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.
Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.
1-жүргізуші: Олай болса, құрметті оқушылар, тілді үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін тек ниет пен еңбектену ғана қажет.
2-жүргізуші: Бүгінгі кеш көңілдеріңізді біраз серпілтіп, тың мағлұматтар берді деген үміттеміз.