Сызу п?ні бойынша шы?армашылы? ж?мыс: Елімізді? жи?аз ?нерін дамыту ?шін сызу п?ніні? ба?дарламасына жи?аз сызбаларын енгізу


Байтерекова Шолпан Искаковна
Кентау қаласы, Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің
сызу және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі
ЕЛІМІЗДІҢ ЖИҺАЗ ӨНЕРІН ДАМЫТУ ҮШІН СЫЗУ ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖИҺАЗ СЫЗБАЛАРЫН ЕНГІЗУ
Қазіргі таңда еліміздің даму қарқыны белсенді түрде келе жатқанда білім берудің жаңа әдістерін меңгеріп, білім сапасын дамыту мақсатында әр бір мүғалім міндеті болу керек. Жаңа заманға сай жаңа технологияларды меңгере отырып білім беру барысында нәтиже көрсете алуымыз керек.
Сызу пәні - күрделі әрі қызықты пәндердің бірі. Сызу пәніндегі ережелерді, сызбадағы мемлекеттік стандартты орындай отырып елімізге пайдасы бар графикалық сызбаларды оқушыларға орындатуымыз қажет. Сабақ барысында жаңа сабақты меңгертіп, графикалық және практикалық жұмыстарды оқушылар орындағанда олардың жұмысын тексеріп, бағыт-бағдар берумен қатар сызбаларды орындауларын, сабаққа қатысуларын зерттеп отырамын. Балалардың қабілеттерін тез дамыту үшін олардың айналасындағы қол жетімді заттарға сызбаларды көбірек енгізсек тақырып пен графикалық сызбаларды тез түсінеді. Сызу пәніндегі тақырыптарға байланысты балалардың күнделікті көріп жүрген тұрмыстық заттар мен оқу құралдарының заттарына қарап сызбаларды орындадым. Және осы сызбаларды карточка арқылы таратып сызғызғанда балалардың тақырыпты тез түсініп, графикалық сызбаларды қызыға орындағанына көзім жетті. Осы сызбаларды орындап болған соң күрделі сызбаларды орындауға қабілеттері тез жетеді екен. Әр тақырыпты жақсы меңгерген оқушы шығармашылық жұмыспен айналысып ойлау қабілеттері мен білімдері одан әрі дамиды. Өз дарындылығын көрсете алады. Осы зерттеу барысында жақсы нәтижеге жеттім және бұл сызбалар жаңа заманға сай қажетті сызбалар екеніне толық сенемін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім»[1]. Ел басының осы сөздерін негізге ала отырып сызу пәніне қажетті мәлімет келтірейін.
Бұрын ата-бабаларымыз өте өнерлі, дарынды болған. Қазақтың ағаш өңдеу өнерінде ағаш ұсталары керемет бұйымдар жасаған. Ұлттық ою-өрнегін бедерлеп асадал, ағаш төсек, кебеже-сандық, бесігін жасап қажетінше жиһаздарды пайдаланған. Жиһаз адам өміріндегі қажеттіліктің бірі болғандықтан қазіргі кезге дейін және үнемі қолданыста болады.
Жиһаздар біздің өмірімізде барлық жерде кездеседі, мысалы: мектепте, балабақшада, үйде, сауда орталықтарында және басқа да жұмыс пен демалыс орындарда. Жиһаз - кез келген интерьердің сәнін кіргізіп, көркін кіргізетін дүние.
Бүгінгі күні елімізде жиһаз жасау өнері өкінішке орай төменгі деңгейде. Халық көздің жауын алар жиһаздарды шет елдерден әкелуде. Сондықтан да жиһаз жасау өнерін тездетіп қолға алғанымыз дұрыс болар. Өйткені ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiптері – елiмiздiң экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бiрi. Елімізде мұндай кәсіпке оқытатын және дамытатын жоғарғы оқу орындары жоқ. Егер де арнайы мамандар оқытылатын жоғарғы оқу орындары болса, сол оқу орындарына түсуге қызығатан дарынды оқушылар болар еді. Ал біз мұғалімдер мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға бағыт-бағдар беріп оқытып, білімдерін дамытып еліміздің жаңа дамуына жол ашуына ықпал жасар едік.
Қазіргі таңда жиһаз жасау өндірісі жоғарғы деңгейде болмаса да тәй-тәй басып келе жатқан жеке кәсіп орындар бар.
Ағаш өңдеу және жиһаз өндірісіне Үкіметіміз маңыз бере бастады. Үкіметтің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысына сәйкес бұл сала «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басымдық берілетін секторлар тізбесіне енді[2].
Мемлекеттің өзі жиһазшыларға мойын бұрып, қолдау көрсетіп отырған жағдайда жиһаз өндірісі өрге тартып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұған қоса сыртқа кетіп жатқан қаржы-қаражат мемлекет ішінде қалады. Облыс аумағында жаңа үйлер сап түзеп, білім ордалары, ауруханалары салына бастады. Міне, осы нысандардың барлығына да жаңа жиһаз қажеттігі сөзсіз. Жалпы, адам баласы тіршілік еткен жерде, жиһазға сұраныстың үнемі үзілмейтіні кәміл. Бірақ осы сұранысты қамтимыз деп өнім көлемін көбейту басты мәселе болмауы тиіс. Бүгінгі тұтынушы өнім бағасымен қатар оның сапасын да ескереді[2].
Жиһаз жасау саласындағы кәсіпкерлердің өндірісін өркендетуге бұл қаулы жақсы әсер етіп отыр. Осының нәтижесінде елімізде жиһаз өндіру көлемі біртіндеп артуда. Өндіріс құрал-жабдықтармен және қажетті станоктармен қамтылса да жиһаз жасау өнеркәсібінің жоғарғы деңгейге жетуі шеберлердің, мамандардың кәсібилігіне байланысты. Ол үшін білімді кәсіби мамандар – жиһаз дизайнерлері мен жиһаз құрастырушылар қажет.
Жиһаз сызбаларын орындау өте қызықты. Сабақ барысында оқушыларға адам өміріндегі сызбаның маңыздылығы зор екенін түсіндіре отырып карточка бойынша орындық, үстел, диван, кереуеттер, шкаф сызбаларын орындайды. Бұл сызбаларды орындауда оқушылардың білімдері мен ойлау қабілеттері дамумен қатар композициялық-шығармашылық қабілеттері артып және дизайнерлік қабілеттері мен орындау шеберлігі артады. Сызбаларды орындау арқылы оқушы ұқыптылыққа, тазалыққа, шыдамдылыққа тәрбиеленеді және эстетикалық тәрбие алады.
Үстел сызбасын аксонометриялық проекцияда орындау, М1:10.

Диван сызбаларын техникалық суретте орындау.
Келер уаққытта жиһаз өнімдері және қажетті материалдар көбейіп ағаш өңдеу және жиһаз жасау өнеркәсіп салалары дамыса нұр үстіне нұр болар еді.
 Бүгінде үй жиһаздарының түр-түрін төрт бұрышты қорап үлгілері сияқты жасап қана қоймай, өз қиялымен әр жиһазға жаңа сән мен мән беруді, ұлттық нақышта орындалғаны дұрыс болар. Жиһаз жасаумен айналысатын сапалы жиһаз жасау өнеркәсіптері көп болса бәсекелестік даму арқасында еліміздің сапалы жиһаз жасау өндірісі жоғары дәрежеге жетер еді. Шет ел жиһаздарынан бағасы төмен болса, ұлттық нақышта қөз тартарлық, жоғары сапада жиһаздар жасалып өз халқымызға қол жетімді жағдай жасалса сонда мемлектіміздің экономикасы да жақсарар еді деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, еліміздің тауарлары өзге мемлекеттерден ерекше тартымды көрсету үшін қазіргі заманға сай көрікті түр мен дизайнерлік шеберлік жұмысы болуы керек. Сонда елдің тұтынушылары қызығып шет елдерден жиһаздарды сатып алмас еді. Жиһаз жасау – бұл қолөнердің бір түрі. Демек ол да шығармашылықты, ой-қиялды талап ететін жұмыс. Сондықтан еліміздің жиһаз өнерін дамытып жақсы меңгерту үшін мектеп қабырғаларынан бастап сызу және технология пәндерінің бағдарламасына жиһаз тақырыптарын енгізу дұрыс болар еді.
Қазіргі кезде мектептердің парталары да нормативке сай келмейді. Қазақстанның көп мектептеріндегі парталар бір деңгейде. Бірінші сынып оқушылары партада қолдарын көтеріп отырып жазу жазатын болса, жоғарғы сынып оқушылары еңкейіп екіге бөлініп отырып жазуларын орындайды. Парталар балалардың жас ерекшелеріне сай болуы керек. Партада дұрыс отырмағандықтан оқушылар түрлі ауруларға шалдығады. Бұл біздің еліміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақтарына үлкен қауіп барын білдіреді.
Сондықтан да еліміздің білімін дамытып, алға қойған мақсаттарымызға жетуге белсенділік танытайық. Білімді мұғалім болса, дарынды оқушы болады, одан жарқын болашаққа жетеміз!
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. http://sabaqtar.kz/kembrich/2216-zhaa-innovaciyaly-tehnologiya-sapaly-blm-negz.html
Бейсенбаева Алмагул Надирқызы «Жаңа инновациялық технология - сапалы білім негізі».
2. www.baq.kz «Орал өңірі» газеті. «Өзгенің жиһазы өңді ме?» Гүлбаршын Әжігереева.