Міржа?ып Дулатов


Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов.
Сабақтың мақсаты:
А)білімділік: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру.Өлеңдері мен шығармаларының мағынасын ашу.
Ә)дамытушылық: Әңгімелері мен шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Б)тәрбиелік: оқушыларды оқу,білімге шақыру.Адамгершілк қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.Сабақтың көрнекілігі:ақынның суреті мен ұлағатты сөздерЖұмыс формалары: топтық Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі:сыныпты тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.
3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
Міржақып Дулатов –қазақ халқының бостандығы үшін күрескен ақын. Ақын өлеңдерінде халықты білімге, оқуға, тендік үшін күрескен ақын,.Міржақыптың «Оян,қазақ!» деген жинағы бар. Сендерге «Шешеннің балаларын сүюі» деген өлеңін ұсынып отырмыз.
Шешенің балаларын сүюі.
Кім сендерді баларды сүйетұғын,
Қуанышына қуанып,қайғыңа күйетұғын,
Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді,балалар,тербететін.
Еркелетіп,ойнатып,сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Сөздік. Қуаныш-радость
Дамылсыз-без отдыха Тербету-укачыватьЕркелету-ласкать Сергу-освежить,отдохнутьҚамқор ана- заботливая мать Көз жасы-слезы
Сұрақтар.
1.Ақын өлеңді кімге арнаған?
2.Баласының қуанышына қуанып, қайғысына күйінетін кім?
3.Ана қай кезде көз жасын көлдетеді?
Сол сәттен бастап оқушыларға көздерін жұмғызып ,кәне бір сәт анамызды еске түсірейік. Ойландыру.арқылы салыстыру.
Тапсырмалар.
1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтып үйреніңдер.
2.Өлеңді түсініп мәнерлеп оқыңдар.
3. «Қуаныш,қуанып» сөздерінің ортақ бөлігін оқыңдар.
4.Қайтеді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді мәтіннен тауып жазыңдар.
5.Мәтіннен «Мама» деген сөздердің синонимін табыңдар.
6.Мақалды түсініп оқыңдар.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада. Қорытынды пікір жасаңдар.
7.Жаңылтпашты жаңылмай оқыңдар.
1.Топ бала,топ бала,
ойнап жүр ,топтала.
Зымырап допты ала,
Қуады көп бала.
2.Бала-шаға алашаға отырды,
алашаға бала-шаға отырды.
Сабақты қорытындылау: Міржақып Дулатовтың өлеңдерінің тәрбиелік мәні қандай? Тақырыбы қандай?Кластер құру.
Үй тапсырмасы: Өмірі мен шығармашылығын оқу.Жаңылтпаштарды жаттау.
Бағалау:сынып оқушыларын.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.