Ашы? саба? «?ыс» Міржа?ып Дулатов
Қарақия ауданы Құланды ауылы
Құланды орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Кувандыкова Т.
Сабақтың тақырыбы: «Қыс» Міржақып ДулатовСабақтың мақсаты:Білімділік: Автормен таныстыру. Оқушыларға қысқы табиғат құбылысы туралы және адамдар мен жануарлар жайлы түсінік беру.Дамытушылық: Қыс туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау.Тәрбиелік: Табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағыСабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, іздену.Сабақтың көрнекіліктері: Қыс келбеті суреттері, автор портреті, интерактивті тақта.Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Қазақ тіліСабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың ынта – зейінін тұрақтандыру.
Балалар бүгінгі ана тілі сабағы ерекше сабақ.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақ жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
Балалар, біз сендермен үлкен тарауды қайталап оқыдық.
1-слайд «Неткен сұлу, неткен көркем осы менің туған өлкем»
Балалар бөлімді қайталауға арналған тест жаздық. Отан туралы қандай
шығармалар оқыдық.
Оқушылардың жауабы:
-Туған өлкеміздің көріктілігіне байланысты өтілген тақырыптарды қысқаша еске түсірейік.
2 – «Отан туралы» М.Мақатаев жатқа айтқызу.
3 – «Туған тілім» Дихан Әбілов жатқа айтқызу.
Туған тіл деп тұрған қай тіл?
Қазақ тілі.
4 – «Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов жатқа айтқызу.
Өлең жалғасын оқыту...
Бөлім қалай аталады?
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем...
Бар байлық кеп орын тепкен,
Өз өлкемді мақтан етем.
Осы сұлу көркем, туған өлкемізде қазір жылдың қай мезгілі келіп жетті?
2-слайд Қыс.
- Табиғатта неше жыл мезгілі бар және қандай?- Қыс, көктем, жаз, күз.- Қазір бізде қай жыл мезгілі?- Қыс мезгілі.
- Қыс айларын кім атап береді?- Қыс мезгілінің алғашқы айы?- Желтоқсан айы.- Желтоқсан айының алғашқы күні қандай мереке?- Президенттің сайланған күні.
Желтоқсан айында тағы қандай мерекелер бар?
Оқушылардың жауабы: 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Жаңа жыл. Осы мерекелердің барлығы жылдың қай мезгілінде тойланады?
Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.Бүгін біз сендермен үлкен бір тарауды бастап оқимыз.
Тарау « Қыста талай қызық бар» деп аталады.
Қыс мезгіліне ВИДЕО көрсету
- Ал, енді балалар, біз сабағымызды бастамас бұрын сөзжұмбақ шешіп аламыз.
р
қ
А
Қыста ғана болады,
з
а
Я
Ұстасаң қолың тоңады.
ұ
м
З
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
Отқа жанбас, суға батпас.
Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқы.
Мұ-ұз Қа-ар
Көз алдыңа не елестеді?
Жапалақтаған қар көз алдыңа нені елестеді?
Оқушылардың жауабы:
Жаңа сабақЕндеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. «Қыс» әңгімесінің авторы Міржақып Дулатов.3-слайд Ақын туралы мәлімет.Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен жұмыс:
Ал енді балалар қазір «Қыс» мәтінін оқимыз.
Мәтінді мұғалімнің оқуы. Түсіндіру.
Мәтінді әр топтан бір бір оқушы оқиды.
4-слайд Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздерді талдау, түсіндіру
Бапсыз - жайсыз ( Қыста қар қалың жауады, Үй жануарларына да жайсыз
өйткені олар қорада тұрады. Иелері жылы қораға шөп салады, бағып қағады)
Бек қиын - өте қиын ( Жылқышыларға да бек қиын өйткені далада жайылады,
жылқышыларға да қиын . Олар бораннан бір қорқып, қасқырдан екі қорқады. Қыста
жылқыны адамдар қасқырдан күзетеді. )
Жалтаң аяз - үскірік, суық аяз ( Мал баққан малшылардың суық, үскірік аяз
беттерін қарып кетеді)
Қарыған - үсіткен ( Аяз жылқышылардың қолдарын, беттерін үсітеді)
Сергіту сәті. ( қимылмен жасау)Қыс. Қар жауды.Алай - дүлей боран соқты.Күн ашылды, боран басылды.Айнала аппақ қар жамылды
«Ойлан - бірік - талқыла» әдісімен топтық жұмыс жүргізу
5-слайд 1топ: «Қар» Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың? Адамдар суықтан қалай қорғанады? Адамдар қыста қалай киінеді?
6-слайд 2топ: «Аяз» Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз? Мәтінде үй жануарлары туралы не
делінген?
7-слайд 3топ: « Мұз» Мәтінде жылқышының еңбегі туралы не айтылған?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Дәптермен жұмыс.
8-слайд Шығармашылық тапсырма:
1топ. Ақындар. Қыс туралы ұйқас бойынша өлең құрастыру.
------------- даламыз,
------------- баламыз.
------------- шанамыз,
------------- қаламыз.
2 топ. Суретшілер.Қыс бейнесінің суретін салу.
3 топ. Жазушылар. Қыс тақырыбына эссе жазу.
Әр топ өз жұмысына талдау жасайды.Сабақты қорытындылау.
9-слайд Сен білесің бе? Қыстың көркі қар демекші, жер дүниені аппақ мамыққа орап жатқан қардыңда өзіндік әсемдіктері және өзіне ғана тән ерекшеліктері жеткілікті.Қар
түйіршіктерінің 5000-нан аса түрі болады екен, әр қар түйіршігі бір-біріне ұқсамайды.
Таза жаңбыр суы мен қар суында зиянды қоспалар мүлдем болмайды.Сондықтан біздің
ағзамыз жеңіл сіңіреді. Асқазанымыздың жұмысы жақсарып, қоректік заттардың ағза мүшелеріне тез жетуіне әсер етеді.Егер сендер қар жапалақтап жауғаннан кейін тыныс
алсаңыз тыныс сарайыңыздың кеңейіп денеңіздің сергігенін байқайсыз.
Мысалы: 50 г қар жауса 16 л ауаны тазартады.
Денсаулыққа қызмет етеді.
Жер бетін жуады.
Инфекция жұқпалы ауруларға қарсы.
Топтастыру. «Қыс»
«Миға шабуыл»
Сұрақтарға жауап алу.1. Әңгімеде қандай мезгіл туралы айтылады?2. Қыстың нешінші жұлдызы туралы айтылады?3. Қар қалай жауған?4. Қыс қандай болды?5. Қыста күн қысқара ма?6. Қыста күн жылына ма?7. Үй жануарларына қыс мезгілі жайлы ма?8. Қыстыгүні жылқышыларға қиын ба?9. Жылқышылар неге қыста далада жүреді?10. Жылқышылар неден қорқады?11. Жылқышыларды неге теңейді? ( байғұсқа)12. «Шилі бет» деп кімдерді айтады?
13. «Жалтаң аяз» дегенді қалай түсінеміз?14. Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?15. Қыс мезгілі неге көп адамдарға ұнамайды?16. «Қыс» мәтінін сипаттаған автор кім?
Қыс туралы мақал-мәтелдер.
Бағалау.(Әр баланың жинаған аққалаларын санап ,ұпай санын анықтап, бағалап,мадақтау)Үй тапсырмасы: Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинау.Қыс мәтінін мазмұндап келу.