Астана?а саяхат. К?мекші есімдер.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Астанаға саяхат. Көмекші есімдер.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Астана қаласына саяхатқа барып, көрікті жерлерімен танысу. Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру. Көмекші есімдер туралы түсінік қалыптастыру, қолдана білуге үйрету.Дамытушылық: сөздік қорын молайту, орфоэпия мен орфографиясына назар аудару, білімдерің толықтырып, тілін дамыту:Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес с/типі: саяхат сабағы
Жұмыс түрі: топпен жұмыс
Әдістері: әңгімелесу, аудару, сұрақ-жауап, талдау, аудару, ізденіс, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарихСабақтың барысы:І. Ынталандыру және сабақтың мақсатың айқындау кезеңі.
1)Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
-Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
-Қай жыл мезгілі?
-Сыныпта кім жоқ?
2)Тіл дамыту кезеңі. (мемлекеттік мерекелерді еске түсіру)
3)Қызығушылықты ояту кезеңі.
«Ой шақыру»- сөзжұмбақты шешу.
1.Қазақ халқының ұлы ақыны кім? Абай
2.Біз қай облыста тұрамыз? Шығыс
3.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Тоқтар
4.Қазақстанның үшінші астанасы қай қала? Алматы
5.Түркі халқының Жаңа жылы қай айдаболады? Наурыз
6.Қазір қай сабақ? Қазақ тілі
1А
2
С
3
Т
4
А
5Н
6
А
-Балалар, тігінен қандай сөз шықты?
-АСТАНА.
4) Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
-Бүгінгі сабағымызда Астанаға қаласына саяхат жасаймыз және Көмекші есімдермен танысамыз.
Сабақтың барысы:
Саяхат картасы:
1-аялдама. «Вокзал»
2-аялдама. «Бәйтерек»
3-аялдама. «Ақ Орда»
4-аялдама. «Пирамида»
5-аялдама. «Думан»
6-аялдама. «Хан шатыр»
5)Үй тапсырмасы:
-Балалар, сендерге бүгінгі сабаққа Астананың көрікті жерлері туралы мәліметтерді жинақтап келу тапсырмасы берілген болатын. Өздеріңнің тапқан мәліметтеріңді қайталай отырыңдар. Қазір Астанаға саяхат барысында үй жұмыстарыңды тексереміз.II.Танымдық және жинақтау кезеңі.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол - саяхат сабағы. Елордамызға саяхатқа шығамыз.- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?- Карта.- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.-Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан, біз сендермен көптеген аялдамаларға тоқтап, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Сол себепті мен өзіме әр қатардан көмекшілер тағайындаймын. Ол көмекшілер алдарындағы бағалау парағына өз қатарларындағы оқушылардың жауаптарын бағалап отырады.1 - аялдама. «Вокзал»
-Балалар, мына суретте не бейнеленген? (үй)
-Үйдің жоғары жағында не орналасқан? (бұлт)
-Бұлт қай жерде орналасқан?
-Бұлт үйдің үстінде орналасқан?
-Үстінде (на)
-Жақсы, ағаш қай жерде өсіп тұр?
-Ағаш үйдің қасында өсіп тұр.
-Қасында (около, рядом)
-Ит қай жерде отыр?
-Ит үйдің алдында отыр.
-Алдында (перед)
-Отбасы қай жерде отыр?
-Отбасы үйдің ішінде отыр.
-Ішінде (внутри)
-Жақсы, балалар осы сөздер Үстінде, қасында, алдында, ішінде – көмекші есімдер деп аталады. (көмекші есімдер-служебные имена)
Көмекші есімдер дегеніміз заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдер.
Өздік жұмыс:
Суретпен жұмыс. (мектептің үстінде, мектептің қасында, мектептің ішінде, мектептің алдында)
2 - аялдама. «Бәйтерек»1. Мәлімет беру. (оқушылардың ақпараты)Астана қаласының сол жағалауында «Астана - Бәйтерек» монументі орналасқан. Мұнда Өмір ағашы - Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі - 97 метр. «Астана - Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы - Қ. Р Президенті Н. Ә. Назарбаев.
Жаңа сөздерді меңгеруге арналған жұмыс түрлері:
-Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру
-Сөз-сөз тіркесі-сөйлем құрастыру ғимарат - зданиеаялдама - остановкакөрікті - красивийжаға - берегорталық - центройын - сауық орталығы - развлекательный центр3 - аялдама «Ақ Орда»«Ақ Орда» ҚР Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш. м құрайды. Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты, ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Мұғалім сөзі:-Пирамиданың қызметкерлері бізге тапсырма дайындаған екен. Ендеше балалар тапсырмаға көшейік. Неғұрлым тез орындасаңдар, соғұрлым тез келесі ғимаратқа жететін боламыз. Сендерге сәттілік тілеймін!
2-тапсырма: Мәтінді түсініп оқыңдар.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабаттытұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескеркіштері қойылған. Қаланың ортасында 5 жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.
Сергіту сәті.
4 - аялдама «Пирамида»Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1, 5 мың орынға арналған опера залы, жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесі бар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Сұрақ-жауап.
1.Астана қай жерде орналасқан? 1.Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
2.Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш қойылған? 2.Астана – болашағы үлкен қала.
3.Астана қаласында нешеден астам ұлт өкілдері тұрады? 3. Астана Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
4.Астана қандай қала? 4.Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, көп қабатты үйлер бой көтерді.
5.Қай өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, көп қабатты үйлер бой көтерді? 5. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіші орналасқан.
Өзіңді тексер.
1-3
2-5
3-1
4-2
5-4
5 - аялдама «Думан» «Думан» ойын - сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған. 3д кинотеатры, «Джунгли» аттракционы, боулинг, көп функционалдық зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де, балалардың да сүйікті демалыс орны.-Енді келесі аялдамаға өту үшін сендерге «Думан» ойын – сауық орталығы да тапсырма ойластырып қойыпты.
Тапсырма. Мәтіннен көмекші есімдерді өзі байланысып тұрған зат есімдермен бірге теріп айтыңдар. (Уақыттың ішінде, үйінің алдында )
6 - аялдама «Хан шатыр» Бейбітшілік және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын - сауық орталығы. 200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ, дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос уақыттарын осы жерде өткізе алады.-Міне біз соңғы аялдамаға да келіп жеттік. Ендеше, «Хан шатыры» аялдамасының тапсырмасын орындап көрейік.Тестілеу.
1.Астананың алғашқы атауы:
А)Ақтау
Ә)Ақтөбе
Б)Ақмола
2.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А)Ертіс
Ә)Есіл
Б)Еділ
3. «Астана-столица Казахстана» сөйлемді аудар.
А) Астана-Қазақстан қаласы.
Ә)Астана-ең сұлу қала.
Б)Астана-Қазақстанның астанасы.
4.астананың туған күні:
А)6 шілде
Ә)4 маусым
Б)30 шілде
5.Бәйтеректің биіктігі неше метр?
А)91 метр
Ә)97метр
Б)99 метр
III.Рефлексиялық бағалау кезеңі.
1.Рефлексия.
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.- Саяхат сендерге ұнады ма?- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де, келіп жеттік.
-Астана туралы не білдік? Соны стикерге жазамыз. Мына себетке саламыз.
2.Үй тапсырмасын беру: 72б. 5-т.жаттау.
3.Бағалау. 3-қызыл түс, 4-сары түс, 5-қызыл түс.