Конспект по информатике на тему Алгоритм ж?не оны? ат?арушылары (6 класс)


САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән аты: Информатика Сыныбы: 6 Күні:____________
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары
Сабақтың мақсаты:
1. Алгоритм және орындаушы туралы түсінікті кеңейту, оқушыларға алгоритмнің негізгі екенін және оның қолдану аясының кең екендігін көрсету, мысал арқылы алгоритм қасиеттерімен таныстыру; алгоритмді орындау керектігін түйсіну және алгоритм негізінде адам әрекетін автоматтандыру; алгоритмді орындау принципінің мәнін түсіндіре алу; алгоритм командасын орындаушы командасы жүйесімен сәйкестендіру.2. Оқушылардың алгоритмнің маңыздылығын және қолдану салаларының кеңдігін түсіну, алгоритмдерге тән қасиеттері арқылы қарапайым алгоритмдерді құруды, алгоритмнің формальды орындалу мүмкіндігін түсіну және алгоритм негізінде адам іскерлігінің автоматтандырылуы білу қабілеттерін дамыту.3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесуСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу
2.Шаттық шеңбері
3. Оқушыларды топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. ЭЕМ даму кезеңіне хронологиялық кестесін тексеру «Не, қайда, қашан»
2. ЭЕМ суреттерін көрсете отырып қандай машина екенін ажыратуIII. Жаңа сабақты түсіндіру
Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады. «Алгоритм» сөзі IX ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл - Хорезми атының латынша жазылу – algorithmi – қалпынан шыққан.Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.Алгоритм ұйғарымдары сондай - ақ команда деп те аталады. Әрбір алгоритм белгілі бір орындаушыға, орындаушының осы алгоритм командаларын түсінуіне есептелген. Орындаушының орындауы мүмкін командалардың жиынтығы орындаушының командалар жүйесі деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз – құрастырылған алгоритммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект. Көбіне алгоритм орындаушысы - АДАМ. Адам орындайтын алгоритмдердің санында шек жоқ. Өйткені адам жасайтын әрбір әрекетті алгоритм деп қарастыра аламыз. Мысалы: таңертең тұрғаннан кешке ұйқыға кеткенше жасалатын бар шаруалар., тамақтану, үй жинау, су тасу, сабақ оқу, жұмысқа келу бәрі – бәрі.
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нықты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке-жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі-үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.
Сабақты бекіту тапсырмалары:1 – топқа: Компьютерді қосу және өшіру алгоритмін құру
2 – топқа: Математика пәнінен есепті шығару алгоритмін құруIV. Жаңа тақырыпты бекіту
Топтастыру тәсілі бойынша « Алгоритм» қасиеттерін топтастыруV. Қорытындылау1. Алгоритмдер әр түрлі есептерді шешуде пайдаланылады.2. Кейбір амалдар алгоритм арқылы берілген, қарапайым және орындаушыға түсінікті.3. Алгоритм есеп шығаруды жеңілдетеді, алгоритм құрастырушыға қарағанда орындаушыдан аз білімді талап етеді.4. Алгоритм нақты орындаушыға құрылады.5. Алгоритмді орындау ойлауды қажет етпейді, есеп мәні бойынша өздігінен орындалады.
Үйге тапсырма Алгоритм және оның атқарушылары; «менің 1 күнім» тақырыбына алгоритм құрып келу.Оқушыларды бағалау