Ы??айлас с?йлем (8 класс)


8-сынып, қазақ тілі
Сабақ тақырыбы:  Ыңғайлас құрмалас салалас сөйлемСабақ мақсаты:  білімділік: құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету.дамытушылық: ынта қойып тыңдау, жазу талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.тәрбиелік: ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, еңбекті сүюге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрлі  Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сұхбаттасу, тест жұмысыСабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, семантикалық картаПәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақтажұмыс істеугежағдай жасау
3. Лицеистерді психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру5. Лицеистер назарын ұйымдастыру6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашуІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  6-тапсырма, өлеңді жаттау.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу. 
 Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз — жай сөйлемдердегі бір-біріне мезгілдес, болған уақиғаны, істі білдіреді.
Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те
 Мысалы: Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.
Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады.
 Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Оқулықтың 29 бетіндегі 5 –тапсырмада берілген сөйлемдердің ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
 Семантикалық карта
 
Мағыналық қарым-қатынасынақарай түрлері 
 
 
 
МысалдарЫңғайлас салаласСебеп-салдар салаласҚарсылықты салаласТүсіндірмелі салаласТалғаулы салаласКезектес салалас1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы жарияланды, халқы қызу қолдады.  
+          
Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.       +    
Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс… (А. Мак)    
+        
Бас болмақ оңай, бірақ бастамақ қиын.      
+
       
Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жфылы көңілді суытады.          
+  
Ол бірде ақыл айтып отырды, бірде екеуін де кінәлі қылды.            
+
 
 Тест сұрақтары. Берілген сөйлемдер1. Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады.
А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.
 2. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А. Ыңғайлас салалас;                              D. Түсіндірмелі салалас;
В. Себеп-салдар салалас;                        Е. Талғаулы салалас;
С. Қарсылықты салалас;                         F. Кезектес салалас.