Салалас ??рмалас с?йлемнен ?ткенді ?айталау 8 сынып
Уақыты:31.01.2017. Қазақ әдебиеті
Мұғалім:Сқақова айгүл Кенжебекқызы Сынып:8 а
Сабақ тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Жалпы мақсат: а) салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау, сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық,деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың адамдық қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Шарлар арқылы топтарға бөлу.
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып Жаңа сабақ. Салалас құрмаластан өткенді қайталауға арналған деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
1.Құрмала сөйлем деген не?
2. Құрмаластың түрлерін ата.
3.Салалас құрмалатың түрлерін ата және түсіндір.
ІІ деңгей. ІІ деңгей. Берілген мақал –мәтелдердің сыңарын тауып, құрмалас сөйлемге айналдыр.
Қоянды қамыс өлтіреді, ______________________________________
Білекті бірді жығады,________________________________________
Көп қорқытады, __________________________________________
___________________________________________,жаманда тек жоқ.
____________________________________ ,жалқаудың жаны тәтті.
_____________________________________ ,ысқырығың жер жарады.
ІІІ деңгей. Сәйкестендіру тесті.
1.Ербол Тоғжанды апарып тастады да, өзі қайта шауып кетті. Жай сөйлем
2.Көп уақыт өткен сияқты болды,әйткенмен мағынасыз өткізген сағаттарға Хакім өкінген жоқ.
Түсіндірмелі салалас
3.Қыстың аяғы ұзаққа созылатын түрі бар, сондықтан жайылымды күтіп пайдалану керек.
Ыңғайлас салалас
4.Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар.
Қарсылықты салалас
5.Кейде қабағы түксиеді, кейде бет-әлпеті күлім қағады. Себеп-салдар салалас
6.Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады, біреулері атын атап айғайлады.
Талғаулы салалас
7.Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды. Кезектес салалас
ІҮ деңгей. Салалас құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда және салаластың қай түрі екенін ажыратып жаз.
Мен бұл арада үндемедім және үндеуді қажет те көрмедім.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
Тракторың аман, бірақ жанар майың бітуге жақын екен.
Үстін шаң басқан трактордың қызуы әлі басылған жоқ, ыстық леп бетке соғады.
Сапардың сүйетін екі нәрсесі бар-ды: біріншісі- көгершін ұшыру да, екіншісі- көл бетінде қайықпен жүзу болатын.
Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.
Кезек –кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады, не атпен айналдырып тартып шығарады.
Сәуле біресе отыра қалып жазады, біресе комбайнның макетімен шұғылданады.
Ү деңгей. Сөйлемдерді аяқта
1.Оқушылар жиналып қалыпты, бірақ _______________________________________
2.Аспанды қалың қара бұлт басып еді, дегенмен________________________________
3. Жақсы жауап бердім, әйтсе де____________________________________________
4. Күн жауып кетті, сонда да_______________________________________________
Өзін –өзі бағалау
Деңгей
балл 1. Тапсырма жеңіл болды, өзім орындадым 2.Тапсырма түсінікті болды. 3.Сөйлемдердің сыңарын табуда қиналдым 4.Досымның көмегіне жүгіндім 5.Сөйлемді оңай әрі тез орындап шықтым.
0,1,2,3 0,1,2,3 0,1,2,3 0,1,2,3 0,1,2,3 Бағалау қорытындысы: 0-7 – «3», 8-12- «4», 13-15 - «5
Рефлексия Маған не ұнады? Не қиын болды? Ұсыныс.. Үйге тапсырмасын беру Ережелерді жаттау. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу