Саба? жоспсры саба?тас ??рмалас с?йлем 8 сынып


8 - сынып қазақ тіліТақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталауМақсаты:Білімділік:Салалас құрмалас сөйлем туралы білімдерін арттыру, түрлерін ажырата білуге үйрету, сауаттылыққа баулу.Тәрбиелілік:Елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін білімге деген ынтасын арттыру.Түрі: дәстүрліӘдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, оқулықпен жұмысКөрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтарСабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.2. Үй тапсырмасын тексеру.114 – жаттығу3. Қызығушылығын ояту. Сұраққа жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбын табу.1) Қандай? қай? сұрағына жауап беретін сөз табы?(Сын есім)2) Кімнің? ненің? сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі?(Анықтауыш)3) Айтушының түрлі көңіл – күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем қалай аталады?(Лепті)4) Іс – оқиға жайында баяндамай, тек соған қатысты жағдайды атап көрсететін жай сөйлемнің түрі?(Атаулы)5) Тіліміздегі барлық сөздердің жиынтығы?(Лексика)6) Үш шақтың бірінде қолданылып, қимылдың шындыққа қатысын білдіретін рай түрі?(Ашық рай)7) Егер бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есімнен болса, қандай тыныс белгісі қойылады?(Сызықша)Әрбір жауаптың алғашқы дыбыстарын құрастырсақ, бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады. Олай болса, жасырын сөз: «Салалас» деген сөз екен, ендеше бүгінгі сабақта салалас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталаймыз.Сұрақ – жауап:1. Сөйлем деген не?2. Құрмалас сөйлем деген не?3. Құрмалас сөйлемнің түрлері?4. Салалас құрмалас сөйлем деген не?5. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері?1 - слайд. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.- Ыңғайлас салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары, тыныс белгісі)- Себеп - салдар салалас сөйлем деген не?( жалғаулықтары,тыныс белгісі)- Қарсылықты салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары,тыныс белгісі)- Түсіндірмелі салалас сөйлем деген не?(тыныс белгісі)- Талғаулы салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары, тыныс белгісі)- Кезектес салалас сөйлем деген не?(жалғаулықтары, тыныс белгісі)Оқулықпен жұмыс.117 - жаттығу«Менің шығар биігім.»Берілген сөйлемдерді жазып, түріне ажырату, синтаксистік талдау жасау.1. Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.2. Көмірден май да шығады, темір қорытатын кокс те шығады.3. Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың.4. 1993 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата заңы қабылданды, алайда ол кейін бірнеше рет толықтырылып отырды.5. Жамандық жалын секілді: өзін де өзгені де жалмай береді.6. Зор даусынан кейде ыза мен зіл де байқалады, кейде Абайға қызық көрінетін мақал, мәтелдер айтылып кетеді.«ҰБТ – ға үлес.»Тест сұрақтарын шешу1. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тап.А) Мінезі жақсы төрге озар.В) Үлкен келсе аяғыңды аяма.С) Дос адам артық сұрамайды.Д) Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес.Е) Тысқа Төрекеңмен ере шықтым.1. Себеп – салдар салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.А) БірақВ) ӨйткеніС) ЖәнеД) НемесеЕ) Кейде3. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемге қойылатын тыныс белгісі.А) СызықшаВ) ҮтірС) ДефисД) Қос нүктеЕ) Үтір, сызықша4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап.А) Тұманның қалыңдығы сонша - түк те көрінбейді.В) Айгүл аттан түсіп еді су қайта таязданып қалғандай екен.С) Еңбек ерлікке жеткізер.Д) Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.Е) Бақытта баян жоқ ол да бір ұшқан құс.5. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді тап.А) Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.В) Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер.С) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.Д) Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.Е) Мезгіл кешкіріп кетті, сондықтан қонуға тура келді.1. Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулық шылауын тап.А) СоншаВ) СебебіС) АлайдаД) КейдеЕ) ӘріГрафикалық диктант«Инсерт» әдісіБілемін Білмеймін Білгім келедіБекіту.Баға қою.Үйге тапсырма: 105 - 122 бет ереже қайталау, 119 жаттығу.
Кері қайту